Еуразиялық идея мәселелері және БАҚ

04.09.2016 12931
Идеялар тоғысы

Еуропа пен Азия ежелден талай халық­тар­ға мекен болған жігі ажырамайтын үлкен құр­лық. Олардың жікке бөлінуінің өзі өркениет­тік тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде кө­рініс беретін іспетті. Өйткені, адамзат ұрпағы бір-бірімен өзара әрекеттеспей, әр түрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі бір түсіністікті өрбітетін сұхбат орнатпай өмір сүре алмайды. Сондықтан “Еуразия” деген ұғым­ды зерттеу барысында мәдениеттер мен өр­кениеттердің өзара сұхбаты мен ықпал­дас­тығы, келісімі мен қайшылығы көзге елес­тейді.

1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В. Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік университеті­нің студенттерімен және профессор-оқыту­шы­­ларымен кездесуінде тұңғыш рет Еур­азия­лық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Еура­зиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.

Мәселенің мәні мынада: сонау ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында дербес мемлекет бола сала бүкіл әлемдегі қаржы мен ақпарат ағыстарының иіріміне тартылып, әлемдік саясат айдынына күмп берген Қазақ елінің ертеңгі тағдырына байланысты еді. Он­сыз да отаршылдық пен тоталитаризм бұғауы­нан қиналып шыққан ұлттық санамыз қазіргі ақпараттар ағынының адуынды иірімінде жұтылып кетпей ме? Бүгінгі заманда, оқ бойы озып кеткен әлемдік өркениет көшін қуып жету үшін шетелдерден жаңа технологиялар мен қаржылай көмек алуға мәжбүр болып отырған біздің Отанымыз түптің түбінде жаңа кіріптарлыққа душар болмай ма? Ауыртпалық пен қиыншылықтарға толы бүгінгідей әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан қалай хал­қымызды аман-есен алып шығамыз? Ұлттық кел­бетіміз бен егемендігімізді қалай сақтай­мыз? Одан кейін ашық демократиялық қоғам жағ­дайында, бір жағынан, болашақта білікті­лік пен ілкімділік бойынша шетелдік заман­дас­тарымен иық тірестіре бәсекеге түсе ала­тын, екінші жағы­нан, өзінің ұлттық ділі мен тілін таза сақ­та­ған жаңа ұрпақ тәрбиелей аламыз ба? Этнос­тық құрамы да, өмірге көз­қа­растары мен ұста­ным­дары да ала-құла бүгін­гі отандастарымызды бейбіт бәсекеге төтеп беретіндей іштей топтасқан бірегей ұлт пен құрылымға қалай айналдыра аламыз?

Еуразияшылдық – халықтардың бірлігі, ол – басты мұрат ретінде адам мәдениетінің екі жағының тұтастығы, Шығыс пен Батыс қуаттарының бірігуі. Егер бүгінгі күні Батыс пен Шығыстың өзара түсіністігі, өркениетті сұхбаты мен бірлесе қимылдауы туралы сөз болса, бұл мағынасында еуразияшылдық бізге не береді? Бұл үдерістерде еуразиялық идея қандай рөл атқара алмақ?

Еуразияшылдық дегеніміз – іштей топтас­тыру, бірлік. Қазақ даналығына сүйенсек, бірлік бар жерде тірлік те болады. Өз мағы­на­сы, өзінің табиғаты мен мәні жөнінде де ол солай болуы тиіс. Егер Батыстың ұраны: “Сырт­қы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт” десе, Шығыстың ұраны: “Өзіңді өзің танып, соның негізінде оны қайта өзгерт”. Ал Еуразияның ұраны: “Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасатты­лыққа ұмтылу”. Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: “Адам бол!”, рухани-адамгершілік жағынан же­тіл­ген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, білімін, ақыл-ойын бой­ы­н­а сіңіріп, екеуін ұштастырған толық адам бол!

Еуразиялық идея Шығыс пен Батыс идея­ларымен салыстырғанда өзіндік ерек­шелігі бола тұра, оларға кереғарлық жасамайды, олар­мен бір қатарда айрықша тұрмайды. Ке­рісінше, екі идеяны да жандандырып, мәдени-рухани жағы­нан біріктіреді, синтездейді. Ол дү­ниені жаң­ғырту мен адамды рухани жетіл­діруді бір-бірі­нен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Басқаша айтқан­да, адамның материалдық-практикалық іс-әрекеті рухани-адамгершілік бастамасымен молығады; өз кезе­гінде адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуы дүниеден сырт қалуды емес, қайта ол нақтылы іс-әрекетті талап етеді. Сондықтан елімізде 2004-2006 және 2007-2009 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағ­дар­ламасы іске асуда. Бай мәдени мұраны игеру бүкіл қоғамның рухани жаңаруының негізі болып табылады.

Президент Н. Назарбаевтың еуразиялық идеясы және оның дамуы

1.  Еуразиялық идеяның шығуы кезеңдері: классикалық еуразияшылдық, қазақстандық еуразияшылдық

2.  Еуразиялық идеядан Еуразиялық Одаққа: еуразияшылдық, даму қадамдары

3.  Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық интеграциядағы рөлі

4.  Еуразиялық Одақтың жаһандану әлемінде алатын стратегиялық орны

Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып, қазір өмірге белсене еніп келеді. Әрине, мұндай озық идея «қайдан пайда болды, «еуразияшылдық ағымның» шығуы, даму тарихы қайда жатыр?», осы мәселеге алдымен, тоқталған жөн.

  Жалпы, кез келген серпінді идеяның шығу тегін тарихи тұрғыдан қарастырсақ, өзінің даму кезеңдерін қамтиды. Еуразияшылдық идея алғаш рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада қуғында жүрген орыс эмигранттарының арасында туған екен. Бұл дегеніміз, бұрынғы ақыл-ойдағы идеологиялық құндылықтардың өзгеріп, жаңа көзқарастың пайда болуымен байланысты туған ерекше идеялардың бірі болды деген сөз. 1921 жылы Еуропада жарық көрген орыстың еуразияшыл философтарының осы бағыттағы пікірлерін жинақтаған «Шығысқа шығу» атты еңбектің алғы сөзінде «Бұл мақалалар дүниетанудың апатты өзгерісі кезеңінде туған дүниелер. Болған және алдағы уақытта болатын өзгерістерден біз саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды ғана емес, дүниетану көзқарасында да терең өзгерістер болатынын болжап отырмыз», делінген.

Демек, мұнда еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лады. Олай болса, ресейлік «ескі еу­ра­зияшылдық» пен қазақстандық «жа­ңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажы­ратып алайық. Бірін­шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та­рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін­шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы болып табылады. Үшін­ші­ден, Назарбаевтың еуразиялық док­­тринасы орыстардікіндей тар ауқым­дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр­ке­ниетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады.
Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар.

Еуразиялық одақ идеясының тари­хи, этно-мәдени және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары бар. Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: «ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қа­на емес, суперэтностық мәнге ие» ора­сан зор кеңістік болып табылады. Он­да батыс еуропалық, славяндық, түр­кі­лік этномәдени құндылықтарды топ­­тас­­тырған әр алуандылық байқалады.

Нұрсұл­тан Әбішұлы философ болмаса да, өзінің сезімтал қасие­тімен осы идеяның өміршеңдігіне көзі жеткендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы идеяны іске асыру­дың артықшылығын көре білді және ол ақыл-ой жүйесінде ғана емес, нақты өмірде экономикалық интеграция түрінде қажеттілігін дәлелдеді. Сөй­тіп, озық идеяны өмірде іске асыру бағытын­дағы жаңа көзқарастармен байытты. Біртұтас экономи­калық шынжыр тү­рінде қалыптасқан кеңестік экономиканың қал­пына келіп, қайта жұмыс істеуі мүмкін бол­маған жағдайда жаңа интеграциялық құрылым қажеттілігі ауадай қажет еді. Осы құрылымды Президент еу­разиялық қауымдастық болуы керек деп үлкен көрегендікпен атаған. Бірақ тәуелсіз ел атанған көптеген ТМД елдері лидерлерінің бұл идеяны қабыл­дауға саяси қарымы мен ерік-жігері жетпеді. Ал өзінің көрегенділігін танытқан Нұрсұлтан Назарбаев идеяның өміршеңдігін байқатты. Нұрсұлтан Әбішұлы философияда «еуразияшылдық ағым» деп аталған осы идеяны жақтаушылардың еңбегімен де жақсы таныс болса керек. Себебі, Ресей қол астындағы халықтар­дың тарихын орыс тарихының тар шеңберінде ғана емес, жалпы еуразиялық өр­кениет ауқымын­да қарастыру қажеттігін ұсынған П.Савицкий, Г.Флоровский, Н.Трубецкой, Г.Вернадский және басқалардың еңбегін жалғастырушы, «соңғы еуразияшыл» атанған Л.Н.Гумилевті ол жоғары бағалайтынын көруге болады. 30-шы жылдардың ортасында КСРО-да бұл ағым ғылыми айналыс­тан күшпен шығарылып, оны жақтаушылар айыпталғаны белгілі. Оларды ардақтау тұңғыш рет Қазақ­станда ғана қолға алынды. Астанадағы Еуразия университетіне Л.Н.Гумилевтің есімінің берілуі де соның көрінісі деп білеміз.

2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Экономика біліміне инновация және ғылым арқылы» атты өзінің дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшылдық – ХХ ғасырдың басты идеялардың бірі. Мұны өздеріңіз түсініп, көретін боласыздар. Еуразиялық идеяның Қазақстан инициативасы негізінде орындалған үш басты көрінісі – ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Және бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тәжірибелік келбеті»

Еуразияның төрінде орналасқан Қазақстан қауіпсіздік және жоғарғы дәрежеде интеграция мақсатында жаңа көпполярлы әлемдік саяси жүйені құруда үлкен рөл атқарып келеді. Бұл жөнінде Елбасымыз былай дейді: «Қазақстан – орталық Азияда еуропалық және азиялық халықтардың тамыры ұштасатын айрықша мемлекет. Әр түрлі мәдениет пен дәстүр бізге Батыс пен Шығаыстың үлкен жетістіктерін бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді... біз, Қазақстан, еуропалық және азиялық аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесі бола отырып, өзіміздің геосаяси жағдайымызды ескеріп, қауіпсіздікті нығайту орталығы болуға дайынбыз».

Батыс пен Шығысты жалғайтын көпір болатын Қазақстан Президенті 2008 жылы 17-ші ЕЫҚҰ Парламенттік ассамблеяның жылдық сессиясында мынадай көзқарас танытқан болатын: «Еуропа және Азия – шырмалаң көптеген тарихи, экономикалық байланысы бар біріккен субконтинент. Бар күш-жігерімізді үлестірмей, қазіргі жаһандық мәселелерге, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаймыз».

Сондай-ақ, Елбасымыз алға тартқан идеяны бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдауымыз керек. Идея жоғары деңгейде ғана болмай, халықтың қайнаған ортасын баурағанда ғана өміршең болады. Сол себепті, алдымен біз бұл идеяның өміршеңдігіне көз жеткізіп, идеяны іске асырып, дамытуда әрбір қазақстандық үлес қосуы тиіс.

Еуразиялық одақ­ты бұрынғы КСРО-ға қайта оралу емес, интеграциялық қай­­та жаңғыру деп түсінген жөн. Өйткені, Еуразиялық одаққа бастар жол – Кеден одағын қарастырсақ, қазіргі еларалық достық тікелей ақшаға байланысты. Бұл жерде қаржы белгілі бір саяси шешімге қатысты бөлінейін д

Ұқсас материалдар