Елорда циркі «Жібек жолына» шақырады

05.12.2016 2791
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама

Астаналық цирк ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 3 желтоқсан мен 18 желтоқсан аралығында  көрерменге «Жібек жолы» атты мерекелік қойылым ұсынып отыр.

Қойылымға әуе гимнастары, ерекше жанрдың артистері, «Ат үстінде хула-хуппен гротеск», «Томирис» балет-цирк нөмірі енгізілген.

Бағдарламада көңілді клоундар мен иттер, түйелер, аюлар, Джуди атты ақылды маймыл көрермендердің көңілін көтереді.

Тақырыптық қойылым үшін арнайы костюмдер тігілген. Ал, шара кезінде  цирк манежі ғажайып декорациямен және жарықпен безендіріледі.

«Жібек жолы» мерекелік қойылымында Ұлы Жібек жолының тағылымды тарихы театрландырылған және цирк көрсетілімдерінде көрініс тапқан.

Бағдарламада елорда циркінің кәсіпқой әртістері өнер көрсетеді.

Анықтама телефоны: 24 40 59.


Дереккөз: Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Ұқсас материалдар