Э.Тұрсынбаева NHK Trophy кезеңінде өнер көрсетеді

21.11.2016 1603
Жарыс 25-27 қараша күндері Жапонияның Саппоро қаласында өтеді.

2016 жылдың 25-27 қараша күндері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева  финал алдындағы мәнерлеп сырғанаудан «Гран-При» сериясындағы NHK Trophy соңғы кезеңінде өнер көрсетеді. Жарыс Жапонияның Саппоро қаласында өтеді. Қорытынды желтоқсан айында Францияның Марсель қаласында өтетін финал барысында жарияланады.    

NHK Trophy мұзына 2014 жылы олимпиада чемпионы Юдзуру Ханю, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы канадалық Нам Нгуэн және жұптық сырғанауда алдыңғы қатардағы жерлестері Меган Дюамель мен Эрика Редфорд шығады. Халықаралық жарысқа тағы екі канадалық – 2010 жылғы Олимпиада жеңімпазы Тесса Вирчью мен Скотт Мойр қатысады. Биден  қазіргі әлем чемпиондары франциялықтар Габриэлла Пападакис пен Гийом Сисерон бірге бақ сынайды. Сонымен беделді жарысқа үздік фигурист жапондық Сатоко Мияхара қатысады. Ресейде өткен «Гран-При» Rostelecom Cup-2016 барысында жалпы есепте бесінші орынға тұрақтаған қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева да жарыс жолына шығады.      

Элизабет Тұрсынбаева қазан айының басында Монреальда өткен Autumn Classic International Skate Canada халықаралық турнирінде қола медаль алған болатын. Жас жұлдыздың қатысуымен өтетін халықаралық «Гран-При» трансляциясын спорт жанкүйерлері «Kazsport» телеарнасынан көре алады. 

Ұқсас материалдар