Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалды

06.05.2016 2064
Тағайындау

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Д.Ә.Абаевты Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалсын», - делінген Жарлықтың мәтінінде.

Мемлекет басшысының Өкімімен Дәурен Абаев ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.

 

Ұқсас материалдар