Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр

04.08.2016 2138
Қырғызстан, Чолпан Ата

Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр.

Салтанатты шараның ашылуына Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен бірге Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей сынды бірқатар елден келген құрметті меймандар қатысуда. 
Алғаш рет өткелі отырған ауқымды шараға 20 жауық елден 400-ге тарта спортшы қатыспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етуге арналған шараға қызығушылар өте көп болған. Сондықтан түркі әлемімен шектелмей, көшпенділер әлемі ойыны деп атауға тура келген. Спортшылар қазақ күресі, қырғыз күресі, көкпар, салбұрын, аламан бәйге, жорға жарыс т.б ойын түрлерінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы BBC, әл-Жазира, ТРТ АВАЗ сынды әлемнің көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Nomad folk» атты фольклорлық фестиваль мен «Ethno Fashion» атты сән көрсетілімі де ұйымдастырылады.

Ұқсас материалдар