Асылбек Абдрахман

02.02.2013 21562
1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық  Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет еткен. Сондай-ақ, «Жазушы» және «Жалын» баспаларында,  Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, Республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң» газеттерінде қызмет атқарған.                    

1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.

Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық  Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет еткен.

Сондай-ақ, «Жазушы» және «Жалын» баспаларында,  Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, Республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң» газеттерінде қызмет атқарған.                    

Қазір «Көзқарас» және «Заңғар» журналында жауапты қызметкер.

А.Асылбектің балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрді. Содан бергі уақытта 24 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндері және сатира жанрларымен айналысып келеді.

        Шығармалары: 

- Жапырақтар, Өлеңдер. Алматы, ҚМКӘБ, 1961 ж.;
- Қиял қиясында. Аңыздар. Алматы, ҚМКӘБ, 1963 ж.;
- Алтын дән. Ертегі. Алматы, «Жазушы», 1967 ж.;
- Алатау аясында. Ертегі–поэма. Алматы, «Жазушы», 1969 ж.;
- Балам туралы баллада. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1971 ж.;
- Әлемге үні тараған. Шағын дастандар мен балладалар. Алматы, «Жазушы», 1971 ж.;
- Көкорай көктем. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1973 ж.;
- Түрлі-түрлі бала бар. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1974 ж.;
- Туысыңды таптың ба? Сатиралық өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1976 ж.;
- Светофор сыры. Өлеңдер. Алматы, «Мектеп», 1977 ж.;
- Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. Алматы, «Жалын», 1980 ж.;
- Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. Алматы, «Мектеп», 1980 ж.;
- Достық балладасы. Балладалар. Алматы, «Жазушы», 1981 ж.;
- Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. Алматы, «Мектеп», 1982 ж.;
- Бәйшешектер. Ертегілер. Алматы, «Мектеп», 1984 ж.;
- Ақ тілек. Өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер. Алматы, «Жалын», 1985 ж.;
- За тучами – солнце. Сказки. Алматы, «Жалын», 1986 г.;
- Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. Алматы, «Жазушы», 1988 ж.;
- Сыйқырлы сыбызғы. Ертегілер. Алматы, 1988 ж.;
- Ақ моншақты аруым. Әндер. Алматы, «Өнер», 1995 ж.;
- Балбұлақ. Өлеңдер, ертегілер. Алматы, «Рауан», 2000 ж.;
- Айдай сұлу аруым. Әндер. Алматы, «Әуен», 2001 ж.;
- Әнші бала. Әндер. Алматы, «Әуен», 2002 ж.;
- Сүйеді екем. Әндер. Алматы, «Әуен», 2003 ж.;
- Әлемге үні тараған. Шағын дастандар мен балладалар. Алматы, «Жазушы», 1971 ж.;
- Ағынан ақтарылып. Өлеңдер, балладалар, дастандар. Астана, «Астана полиграфия»,  2010 ж.;
- Ұр тоқпақ. Мысалдар, сатиралық өлеңдер, қилы көріністер, пародиялар. Астана, «Нұра-Астана», 2011 ж.