Өскеменде Достық үйі «трамвайлы» флеш-моб өткізеді

05.02.2013 2012
Шығыс Қазақстанның облыстық Достық үйі Өскеменде «трамвайлы» флеш-моб өткізеді. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне ШҚО ОДҮ-де хабарлады. «Облыстық Достық үйі және трамвай тасымалымен айналысатын кәсіпорын ұйымдастыратын шарада «трамвайлы» флеш-моб өтеді. Шығыс Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары, өңірдегі түрлі ұлт өкілдері қаладағы трамвайлардың бірінде ОДҮ шығармашылық ұжымының жұмысын таныстырып, этномәдени бірлестіктердің вокалдық және хореографиялық ұжымдарының шағын концертін өткізеді», – деді облыстық Достық үйінде. «Біз мұны Ұлттық бірлік Доктринасын жүзеге асыру, халықаралық келісім, толеранттық идеясын насихаттау және республика өңірлерінде тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында өткіземіз. Сонымен қатар, жолаушылар үшін "Облыстық Достық үйінің тарихы" және "ЕХРО–2017" тақырыптарына викторина жүргізіледі», – деді ОДҮ-де. 

Шығыс Қазақстанның облыстық Достық үйі Өскеменде «трамвайлы» флеш-моб өткізеді. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне ШҚО ОДҮ-де хабарлады.

«Облыстық Достық үйі және трамвай тасымалымен айналысатын кәсіпорын ұйымдастыратын шарада «трамвайлы» флеш-моб өтеді. Шығыс Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары, өңірдегі түрлі ұлт өкілдері қаладағы трамвайлардың бірінде ОДҮ шығармашылық ұжымының жұмысын таныстырып, этномәдени бірлестіктердің вокалдық және хореографиялық ұжымдарының шағын концертін өткізеді», – деді облыстық Достық үйінде.

«Біз мұны Ұлттық бірлік Доктринасын жүзеге асыру, халықаралық келісім, толеранттық идеясын насихаттау және республика өңірлерінде тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында өткіземіз. Сонымен қатар, жолаушылар үшін "Облыстық Достық үйінің тарихы" және "ЕХРО–2017" тақырыптарына викторина жүргізіледі», – деді ОДҮ-де. 

Ұқсас материалдар