Қазақстан арнасында «Жұлдызды сәт» мега жобасы

05.02.2013 2790
Наурыз айында «Қазақстан» ұлттық арнасында «Жұлдызды сәт» мегажобасының тұсауы кесіледі  деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі. Бұл жобаға өз өнерімен тәнті етуді армандаған еліміздің кез-келген азаматы қатысуға мүмкіндік алды. Іріктеуді Алматы қаласынан бастаған шығармашылық топ, еліміздің түкпір-түкпірінен таланттар іздеді. Кастинг 21 желтоқсанда басталып, 28 желтоқсанда аяқталды. Байқау Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Семей қалаларында өтті. Бұл шетелдік «Біз таланттарды іздейміз» тележобасы әлемнің қырық елінде көрсетіледі екен. Әлемдегі алғашқы нұсқасы «Got talent» жобасы деп аталды. Оның Ресейдегі баламасы «Минута славы» аталып, алғаш рет эфирге 2007 жылы шықса, ал Қазақстандық нұсқасы келер 2013 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр. «Жұлдызды сәт» қарапайым адамдардың ерекше өнері мен дарынын, күш-қуаты мен талантын дүйім жұртқа паш етуге мүмкіндік беретін мега жоба. Сондықтан ол қалың көпшіліктің арасында ерекше қызығушылық тудыруда. Мега жоба 24 бөлімнен тұрады. Оның он екісі негізгі бөлім болса, қалған он екісі күнделік. Әділқазылар алқасы құрамында үш адам болады. Қазылар алқасы вокалдық шеберлікке ғана емес, эстрада жанрындағы би, цирк, фокус-сыйқыр және спорттық өнерге де баға беретін болады. «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Жұлдызды сәт» мега жобасын тамашалаңыздар! BAQ.kz

Наурыз айында «Қазақстан» ұлттық арнасында «Жұлдызды сәт» мегажобасының тұсауы кесіледі  деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі.
Бұл жобаға өз өнерімен тәнті етуді армандаған еліміздің кез-келген азаматы қатысуға мүмкіндік алды. Іріктеуді Алматы қаласынан бастаған шығармашылық топ, еліміздің түкпір-түкпірінен таланттар іздеді. Кастинг 21 желтоқсанда басталып, 28 желтоқсанда аяқталды. Байқау Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Семей қалаларында өтті.
Бұл шетелдік «Біз таланттарды іздейміз» тележобасы әлемнің қырық елінде көрсетіледі екен. Әлемдегі алғашқы нұсқасы «Got talent» жобасы деп аталды. Оның Ресейдегі баламасы «Минута славы» аталып, алғаш рет эфирге 2007 жылы шықса, ал Қазақстандық нұсқасы келер 2013 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.
«Жұлдызды сәт» қарапайым адамдардың ерекше өнері мен дарынын, күш-қуаты мен талантын дүйім жұртқа паш етуге мүмкіндік беретін мега жоба. Сондықтан ол қалың көпшіліктің арасында ерекше қызығушылық тудыруда.
Мега жоба 24 бөлімнен тұрады. Оның он екісі негізгі бөлім болса, қалған он екісі күнделік. Әділқазылар алқасы құрамында үш адам болады. Қазылар алқасы вокалдық шеберлікке ғана емес, эстрада жанрындағы би, цирк, фокус-сыйқыр және спорттық өнерге де баға беретін болады.
«Қазақстан» ұлттық арнасынан «Жұлдызды сәт» мега жобасын тамашалаңыздар!

BAQ.kz

Ұқсас материалдар