Мұражайдың қызметі және қоры

05.02.2013 9115
Облыстық тарихи - өлкетану мұражайы – Қазақстандағы ең ежелгі мұражайлардың бірі. Мұражай жергілікті энтузиаст жинақтаушылардың жиған топтамаларының негізінде 1915 жылы ашылды. Ғасырға жуық тарихының барысында мұражай Шығыс Қазақстан өлкесіндегі көне замандардан бастап қазіргі күндерге қатысты табиғат пен жаратылыстық ескерткіштерді жинап сақтаған үлкен қоймаға, ірі ғылыми – зерттеу орталығына айналды. Мұражай қызметінің бағыттары: 1.    Шығыс Қазақстан жеріндегі тарих пен табиғат процестерінің даму барысын зерттеу. 2.    Жаратылыс тарихының, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін жинап сақтау. 3.    Өлкенің тарихы мен табиғаты бойынша экспозициялар мен көрмелер дайындау. 4.    Өлкетану тақырыбына байланысты ғылыми – ағарту жұмыстарын жүзеге асыру. Мұражайда 140923  жәдігер сақталуда. Мұражай қорына жыл сайын мыңға жуық зат келіп түседі. Экспозициялар арқылы 7 000 түпнұсқа жәдігер орналастырылып көрсетуге қойылған. Мұражай 2011 жылы 50-ден  астам  көрмелерді тамашалауға ұсынды. Жыл бойында мұражайды 130 000 адам келіп көреді. Мұражай қызметкерлері 1 200 экскурция өткізіліп, дәрістер оқиды. Мұражай қорларында сақталған топтамалардың тақырыптық және хронологиялық ауқымы барынша кең уақыттық мерзімді қамтиды. Топтамалардың ішінде (60 000 сақтау бірліктен тұратын) археологиялық топтамалар ең көп санды және бірегейі болып есептелді. Археологиялық топтамалар арқылы біздің өлкемізде С. Черников, Ф. Арсланова, С. Ақынжанов, З. Самашев тәрізді танымал археологтардың жетекшілігімен болған барлық археологиялық экспедициялардың материалдары топтастырылып жинақталған. Мәселен, сабының басы жылқы мүсіні түрінде орындалған б.з.д. ХIII ғасырдан жеткен қола қанжар, Зевакино моласынан табылған руникалық жазбалары бар қола айналар ерекше құнды, бірегей археологиялық жәдігерлер болып табылады. Шығыс Қазақстан өлкесі бойынша жиналған этнографиялық топтамалар өлкемізді мекендеген халықтардың тұрмыс – тіршілігін жан – жақты және нанымды, құжатты түрде көрсетеді. ХХ ғасырдағы өлке тарихына қатысты фотосуреттік - құжаттамалық топтамалар да мол мағлұматты, деректік мазмұнымен ерекшеленеді. Фотосуреттік – құжаттық топтамаларда өлкенің экономикалық даму барысы туралы материалдар қамтылған, Электр станцияларымен металлургия кәсіпорындары, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымдардың дамуы, 1930-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, Кеңес Одағының Батырлары, тыл еңбеккерлері жайлы деректік материалдар тақырып ауқымын кең қамтып, нанымды баяндайды. Жаратылыстық ғылыми – топтамалар сүтқоректілердің 116 түрі, 400 түрлі құстар, ондаған мың омыртқасыз жануарлар мекендеп, өсімдіктердің 3 500 түрі кездесетін, Менделеев кестесінің түгелге жуық металдары бар Шығыс Қазақстан жерінің табиғи байлықтарының ерекшеліктерін сипаттайды. Мұражай қорында осы бөлімге қатысты энтомологиялық, орнитологиялық, зоологиялық, минералогиялық, палеонтологиялық, ботаникалық топтамалар және құстардың, сүтқоректілердің тұлыптары сақталған. Мұражайда ғылыми – зерттеу жұмыстары бес бағыт бойынша – жаратылыстық – ғылыми, археологиялық, этнографиялық, тарихи, әдеби өлкетану бағыттарын қамти отырып жүргізіледі. Мұражай қызметкерлері 30 ғылыми тақырып бойынша жұмыс істейді. Қайсыбір, іріктелген бөлек тақырыптар халықаралық бағдарламалардың жоспарына енгізілген. «Қазақстан Алтайындағы скиф – сақ мәдениеті» жобасы бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстарды 2009 жылы ашылған «Қазақ Алтайындағы ежелгі көшпенділердің мәдениеті» тақырыбындағы экспозиция қорытындылады. Экспозицияға Берел сағанасындағы қорғандардан табылып, жаңғыртудан өткізілген бірегей олжалар алғаш рет қойылып көрсетілді. «Орталық Азия далаларының мысы мен қалайысы» жобасы бойынша атқарылатын жұмыстарға байланысты Германиядағы Бохум қаласының Рур университеті тау-кен мұражайының директорымен өзара ғылыми қызметтестік туралы шарт жасалды. Соңғы жылдары БҰҰ «Алтай-Саян экоалқабының Қазақстандық бөлігіндегі биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты түрде дамыту» халықаралық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Табиғат бөлімінің ғылыми қызметкерлері облыстың айрықша қорғалатын аумақтардың А.Қ.Т.А жобаларын дайындауға қатысып, табиғи ұлттық бақтардың, қорықшалар мен қорықтардың – Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары, Катон-Қарағай ұлттық табиғи бағы бойынша атқаралатын ғылыми бағдарламалардың схемаларын дайындауға ат салысуда. Сондай-ақ, «Қар барысының арғалы арқардың ШҚО-да таралуы және оларды сақтау» тәрізді WWF, NABY, БҰҰ ГЭФ, бағдарламасы және Қазақстан экологиясының жаһандану қорының халықаралық жобалық бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Мұражай бастау көздерінің негізінде қызметкерлердің академиялық басылымдарда 250 ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді. Мұражай жабдықтаған экспозициялар мен көрмелер – ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Мұражайда 7 экспозиция залы жабдықталып қызмет көрсетуде.- «Қазақстан. Жасампаздық жылдары». Экспозиция материалдары ұлт Көшбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы әңгімелейді. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының басымдылықтары, халықаралық арендағы маңызды бастамалары түрлі-түсті фотосуреттер арқылы көрсетілген. Экспозиция Астана қаласының дамуы, оның қарқынды құрылыстары, Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі, Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындарының қызметі туралы баяндайды. «Шығыс Қазақстанның табиғаты» залы. Зал экспозициясы өлкенің зерттелу тарихы мен геологиялық тарихын баяндай отырып Шығыс Қазақстанның жануарлары және өсімдіктері дүниесінің, ландшафтарының алуан түрлілігі жайлы мол мағлұматты түсінік береді. «Шығыс Қазақстанның археологиясы. Шығыс Қазақстан халқының көркем қолданбалы өнері залы». Залда тамашалауға қойылған топтамалар өлкені жайлаған адамзат тіршілігінің барлық кезеңдерін көне замандардан орта ғасырларға дейін барынша толыққанды көрсетеді. Халықтың сәндік көркем өнерін ағаш, киіз және тері, зергерлік бұйымдар, ХІХ ғасырдың соңғы кезінде жергілікті шеберлер дайындаған киімдер арқылы тамашалауға болады. «Өскемен қаласының ХVІІІ-ХХғғ. тарихы» залы. Зал экспозициясы қалыптасу, дамып-өркендеу барысы жайлы нақты деректемелердің негізінде әңгімелейді. Экспозицияның басым бөлігі Өскемен бекінісі негізінің қалануына, қаладағы құрылыстарға арналса, ал қорытынды бөлімі қала тарихының 1918-1990 жылдарын қамтитын кезеңіне арналған. «Көне костюмдер» залы ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы. Көрмеге 200 ден астам этнографикалық заттар қойылған. Көрме ежелгі қалалықтардың қонақ бөлмесінің көрінісімен көне костюмдерді тамашалауға ұсынуы арқылы ерекшеленеді. Көрме материалдары өткен замандардағы сән әлеміне тарихи саяхат жасау арқылы көрермендердің танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» залы. Зал экспозициясы шығысқазақстандықтардың майдан далаларындағы көзсіз ерліктері мен тылдағылардың жанкешті еңбектері туралы әңгімелейды. Мұражайдың көрме залында өлке тарихының мерзімдік және айтулы оқиғаларына қатысты топтамалары қойылған. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған мемориалдық ауданда мұражайдың «Зерде кітабы» бөлімі жұмыс істейді. Мұражайдың білім бағдарламасы өлкетану тақырыбы бойынша шолулық және тақырыптық экскурсиялар, дәрістер, көшпелі көрмелер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми-ағарту жұмыстарының жаңа түрлері мұражай атқаратын қызметтер аясына тиімділікпен енгізілуде. Әсіресе «Мұражайдағы демалыстар», «Өлкетану бойынша білім күндері», тарихи және экологиялық байқаулар көпшіліктің көңілінен шығуда. Шығыс Қазақстанның атақты адамдары туралы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесіп «Танымал тарихи тұлғалар», «Қала бойымен сейілдегенде» айдарымен бірқатар деректі фильмдер түсірілді. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы облыс көлеміндегі өлкетану мұражайларымен қызметтес бола отырып, кәсіпорындар мен мекемелердің мұражайларына әдістемелік көмек көрсетеді. Мұражай директоры Нургазиева Светлана Константиновна. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Ақжар ауылында 1955 жылы 21 наурызда дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Педагогикалық институтының педагогика тарих факультетін тәмамдаған. Институтты тәмамдағансоң Өскемен қаласының № 33 орта мектепте жұмыс атқарды. 1987 жылдың қазанынан бастап Облыстық тарихи өлкетану мұражайында қызмет жасайды: кеңестік дәуір бөлімінде кіші ғылыми қызметкер,  насихаттау бөлімінде меңгеруші, ғылыми хатшы, мұражай орынбасары. 2011 жылы мұражай қызметкері болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының 20 жылжық тәуелсіздік мерей тойына байланысты медальмен марапатталды.

Облыстық тарихи - өлкетану мұражайы – Қазақстандағы ең ежелгі мұражайлардың бірі. Мұражай жергілікті энтузиаст жинақтаушылардың жиған топтамаларының негізінде 1915 жылы ашылды. Ғасырға жуық тарихының барысында мұражай Шығыс Қазақстан өлкесіндегі көне замандардан бастап қазіргі күндерге қатысты табиғат пен жаратылыстық ескерткіштерді жинап сақтаған үлкен қоймаға, ірі ғылыми – зерттеу орталығына айналды.
Мұражай қызметінің бағыттары:
1.    Шығыс Қазақстан жеріндегі тарих пен табиғат процестерінің даму барысын зерттеу.
2.    Жаратылыс тарихының, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін жинап сақтау.
3.    Өлкенің тарихы мен табиғаты бойынша экспозициялар мен көрмелер дайындау.
4.    Өлкетану тақырыбына байланысты ғылыми – ағарту жұмыстарын жүзеге асыру.
Мұражайда 140923  жәдігер сақталуда. Мұражай қорына жыл сайын мыңға жуық зат келіп түседі. Экспозициялар арқылы 7 000 түпнұсқа жәдігер орналастырылып көрсетуге қойылған. Мұражай 2011 жылы 50-ден  астам  көрмелерді тамашалауға ұсынды. Жыл бойында мұражайды 130 000 адам келіп көреді. Мұражай қызметкерлері 1 200 экскурция өткізіліп, дәрістер оқиды.
Мұражай қорларында сақталған топтамалардың тақырыптық және хронологиялық ауқымы барынша кең уақыттық мерзімді қамтиды. Топтамалардың ішінде (60 000 сақтау бірліктен тұратын) археологиялық топтамалар ең көп санды және бірегейі болып есептелді. Археологиялық топтамалар арқылы біздің өлкемізде С. Черников, Ф. Арсланова, С. Ақынжанов, З. Самашев тәрізді танымал археологтардың жетекшілігімен болған барлық археологиялық экспедициялардың материалдары топтастырылып жинақталған. Мәселен, сабының басы жылқы мүсіні түрінде орындалған б.з.д. ХIII ғасырдан жеткен қола қанжар, Зевакино моласынан табылған руникалық жазбалары бар қола айналар ерекше құнды, бірегей археологиялық жәдігерлер болып табылады.
Шығыс Қазақстан өлкесі бойынша жиналған этнографиялық топтамалар өлкемізді мекендеген халықтардың тұрмыс – тіршілігін жан – жақты және нанымды, құжатты түрде көрсетеді.
ХХ ғасырдағы өлке тарихына қатысты фотосуреттік - құжаттамалық топтамалар да мол мағлұматты, деректік мазмұнымен ерекшеленеді. Фотосуреттік – құжаттық топтамаларда өлкенің экономикалық даму барысы туралы материалдар қамтылған, Электр станцияларымен металлургия кәсіпорындары, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымдардың дамуы, 1930-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, Кеңес Одағының Батырлары, тыл еңбеккерлері жайлы деректік материалдар тақырып ауқымын кең қамтып, нанымды баяндайды.
Жаратылыстық ғылыми – топтамалар сүтқоректілердің 116 түрі, 400 түрлі құстар, ондаған мың омыртқасыз жануарлар мекендеп, өсімдіктердің 3 500 түрі кездесетін, Менделеев кестесінің түгелге жуық металдары бар Шығыс Қазақстан жерінің табиғи байлықтарының ерекшеліктерін сипаттайды. Мұражай қорында осы бөлімге қатысты энтомологиялық, орнитологиялық, зоологиялық, минералогиялық, палеонтологиялық, ботаникалық топтамалар және құстардың, сүтқоректілердің тұлыптары сақталған. Мұражайда ғылыми – зерттеу жұмыстары бес бағыт бойынша – жаратылыстық – ғылыми, археологиялық, этнографиялық, тарихи, әдеби өлкетану бағыттарын қамти отырып жүргізіледі. Мұражай қызметкерлері 30 ғылыми тақырып бойынша жұмыс істейді. Қайсыбір, іріктелген бөлек тақырыптар халықаралық бағдарламалардың жоспарына енгізілген. «Қазақстан Алтайындағы скиф – сақ мәдениеті» жобасы бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстарды 2009 жылы ашылған «Қазақ Алтайындағы ежелгі көшпенділердің мәдениеті» тақырыбындағы экспозиция қорытындылады. Экспозицияға Берел сағанасындағы қорғандардан табылып, жаңғыртудан өткізілген бірегей олжалар алғаш рет қойылып көрсетілді.
«Орталық Азия далаларының мысы мен қалайысы» жобасы бойынша атқарылатын жұмыстарға байланысты Германиядағы Бохум қаласының Рур университеті тау-кен мұражайының директорымен өзара ғылыми қызметтестік туралы шарт жасалды.
Соңғы жылдары БҰҰ «Алтай-Саян экоалқабының Қазақстандық бөлігіндегі биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты түрде дамыту» халықаралық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Табиғат бөлімінің ғылыми қызметкерлері облыстың айрықша қорғалатын аумақтардың А.Қ.Т.А жобаларын дайындауға қатысып, табиғи ұлттық бақтардың, қорықшалар мен қорықтардың – Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары, Катон-Қарағай ұлттық табиғи бағы бойынша атқаралатын ғылыми бағдарламалардың схемаларын дайындауға ат салысуда. Сондай-ақ, «Қар барысының арғалы арқардың ШҚО-да таралуы және оларды сақтау» тәрізді WWF, NABY, БҰҰ ГЭФ, бағдарламасы және Қазақстан экологиясының жаһандану қорының халықаралық жобалық бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуда.
Мұражай бастау көздерінің негізінде қызметкерлердің академиялық басылымдарда 250 ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді.
Мұражай жабдықтаған экспозициялар мен көрмелер – ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Мұражайда 7 экспозиция залы жабдықталып қызмет көрсетуде.- «Қазақстан. Жасампаздық жылдары».
Экспозиция материалдары ұлт Көшбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы әңгімелейді. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының басымдылықтары, халықаралық арендағы маңызды бастамалары түрлі-түсті фотосуреттер арқылы көрсетілген. Экспозиция Астана қаласының дамуы, оның қарқынды құрылыстары, Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі, Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындарының қызметі туралы баяндайды.
«Шығыс Қазақстанның табиғаты» залы.
Зал экспозициясы өлкенің зерттелу тарихы мен геологиялық тарихын баяндай отырып Шығыс Қазақстанның жануарлары және өсімдіктері дүниесінің, ландшафтарының алуан түрлілігі жайлы мол мағлұматты түсінік береді.
«Шығыс Қазақстанның археологиясы. Шығыс Қазақстан халқының көркем қолданбалы өнері залы».
Залда тамашалауға қойылған топтамалар өлкені жайлаған адамзат тіршілігінің барлық кезеңдерін көне замандардан орта ғасырларға дейін барынша толыққанды көрсетеді. Халықтың сәндік көркем өнерін ағаш, киіз және тері, зергерлік бұйымдар, ХІХ ғасырдың соңғы кезінде жергілікті шеберлер дайындаған киімдер арқылы тамашалауға болады.
«Өскемен қаласының ХVІІІ-ХХғғ. тарихы» залы.
Зал экспозициясы қалыптасу, дамып-өркендеу барысы жайлы нақты деректемелердің негізінде әңгімелейді. Экспозицияның басым бөлігі Өскемен бекінісі негізінің қалануына, қаладағы құрылыстарға арналса, ал қорытынды бөлімі қала тарихының 1918-1990 жылдарын қамтитын кезеңіне арналған.


«Көне костюмдер» залы ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы. Көрмеге 200 ден астам этнографикалық заттар қойылған. Көрме ежелгі қалалықтардың қонақ бөлмесінің көрінісімен көне костюмдерді тамашалауға ұсынуы арқылы ерекшеленеді. Көрме материалдары өткен замандардағы сән әлеміне тарихи саяхат жасау арқылы көрермендердің танымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» залы.
Зал экспозициясы шығысқазақстандықтардың майдан далаларындағы көзсіз ерліктері мен тылдағылардың жанкешті еңбектері туралы әңгімелейды.
Мұражайдың көрме залында өлке тарихының мерзімдік және айтулы оқиғаларына қатысты топтамалары қойылған.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған мемориалдық ауданда мұражайдың «Зерде кітабы» бөлімі жұмыс істейді.
Мұражайдың білім бағдарламасы өлкетану тақырыбы бойынша шолулық және тақырыптық экскурсиялар, дәрістер, көшпелі көрмелер арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми-ағарту жұмыстарының жаңа түрлері мұражай атқаратын қызметтер аясына тиімділікпен енгізілуде. Әсіресе «Мұражайдағы демалыстар», «Өлкетану бойынша білім күндері», тарихи және экологиялық байқаулар көпшіліктің көңілінен шығуда. Шығыс Қазақстанның атақты адамдары туралы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесіп «Танымал тарихи тұлғалар», «Қала бойымен сейілдегенде» айдарымен бірқатар деректі фильмдер түсірілді.
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы облыс көлеміндегі өлкетану мұражайларымен қызметтес бола отырып, кәсіпорындар мен мекемелердің мұражайларына әдістемелік көмек көрсетеді.

Мұражай директоры Нургазиева Светлана Константиновна. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Ақжар ауылында 1955 жылы 21 наурызда дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Педагогикалық институтының педагогика тарих факультетін тәмамдаған. Институтты тәмамдағансоң Өскемен қаласының № 33 орта мектепте жұмыс атқарды. 1987 жылдың қазанынан бастап Облыстық тарихи өлкетану мұражайында қызмет жасайды: кеңестік дәуір бөлімінде кіші ғылыми қызметкер,  насихаттау бөлімінде меңгеруші, ғылыми хатшы, мұражай орынбасары. 2011 жылы мұражай қызметкері болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының 20 жылжық тәуелсіздік мерей тойына байланысты медальмен марапатталды.

Ұқсас материалдар