2012 жылы еліміздегі жылыжайлардан 60 мың тонна көкөніс алынған

04.02.2013 1818
2012 жылы еліміздегі жылыжайлардан 60 мың тонна көкөніс алынған. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Соңғы 3 жылдың ішінде жаңа технологиялармен қамтылған 15 ірі өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. Барлық аймақтарда-дерлік жеңілдетілген технологияларға сәйкес шағын жылыжайлар салынып жатыр. Жабық егістік аумағы бүгінде 505 гектарды құрайды. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 9 есе артық. Ерте піскен көкөністер ішкі нарық сұранысын 66% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді А.Мамытбеков. «2008 жылы жабық топырақта өндірілетін көкөніс көлемі 3 мың тонна болса, 2012 жылы аталмыш көрсеткіш 20 есе артып 60 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы бұл бағытты ынталандыру жұмысын жалғастыратын боламыз», - деді А.Мамытбеков. Диана Құлмағанбетова

2012 жылы еліміздегі жылыжайлардан 60 мың тонна көкөніс алынған. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Соңғы 3 жылдың ішінде жаңа технологиялармен қамтылған 15 ірі өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. Барлық аймақтарда-дерлік жеңілдетілген технологияларға сәйкес шағын жылыжайлар салынып жатыр. Жабық егістік аумағы бүгінде 505 гектарды құрайды. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 9 есе артық. Ерте піскен көкөністер ішкі нарық сұранысын 66% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді А.Мамытбеков.

«2008 жылы жабық топырақта өндірілетін көкөніс көлемі 3 мың тонна болса, 2012 жылы аталмыш көрсеткіш 20 есе артып 60 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы бұл бағытты ынталандыру жұмысын жалғастыратын боламыз», - деді А.Мамытбеков.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар