Жайық жастарының өз әні анықталады

04.02.2013 1903
Батыс Қазақстан облысы Жастар қауымдастығының 10 жылдығына орай «Жайық жастарының әні» атты байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысының жастар сайтына сілтеме жасай отырып. «Ән жарысының мақсаты Батыс Қазақстан облысында жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады. Әрі іс-шара облыстық жастар қауымдастығының 10 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Ән байқауы арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелегіміз келеді», - дейді жарысты ұйымдастырып отырған БҚО жастар Қауымдастығы. Ән бәйгесі 2013 жылдың ақпан айында басталып, келесі айға дейін тілек білдірушілер өтініштерін тапсыра алады. Ал наурыз айының соңында арнайы құрылған әділ қазылар алқасы жарыс жеңімпазын анықтайды. Шараға Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен қатар, мәдениет басқармасы қолдау танытқан. «Жарыс туралы толық ақпаратты zhastar-bko.kz сайтынан оқып, 8 (7112) 50 99 55 байланыс телефондары арқылы қосымша мәліметтерді білуге болады», - делінген ұйымдастырушылардың ақпаратында. Кенжекей Тоқтамұрат

Батыс Қазақстан облысы Жастар қауымдастығының 10 жылдығына орай «Жайық жастарының әні» атты байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысының жастар сайтына сілтеме жасай отырып.

«Ән жарысының мақсаты Батыс Қазақстан облысында жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады. Әрі іс-шара облыстық жастар қауымдастығының 10 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Ән байқауы арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелегіміз келеді», - дейді жарысты ұйымдастырып отырған БҚО жастар Қауымдастығы.

Ән бәйгесі 2013 жылдың ақпан айында басталып, келесі айға дейін тілек білдірушілер өтініштерін тапсыра алады. Ал наурыз айының соңында арнайы құрылған әділ қазылар алқасы жарыс жеңімпазын анықтайды. Шараға Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен қатар, мәдениет басқармасы қолдау танытқан.

«Жарыс туралы толық ақпаратты zhastar-bko.kz сайтынан оқып, 8 (7112) 50 99 55 байланыс телефондары арқылы қосымша мәліметтерді білуге болады», - делінген ұйымдастырушылардың ақпаратында.

Кенжекей Тоқтамұрат

Ұқсас материалдар