Елорданың Сарыарқа ауданында 800 орындық кәсіптік мектеп салынады

04.02.2013 2141
Бүгінде Сарыарқа ауданында көпфункциялы тұрғын үй кешенін, коммерциялық нысандар мен өндірістік базаларды, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық және білім беру нысандарын қоса есептегенде 80 құрылыс нысаны бар. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті. 2012 жылы Сарыарқа ауданының аумағында  Әуезов көшесі бойында №6 мектеп гимназиясының құрылысы, Беляков көшесіндегі 600 орындық №19 мектептің  жапсарлас бөлігі, «Көктал» тұрғын үй алабының оңтүстік шығысындағы (280 орындық) және Сейфуллин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан (240 орындық) 2 балабақша құрылысы жүргізілуде.  Аталған нысандар пайдалануға биылғы жылдың көктемінде беріледі, - деп хабарлайды әкімдіктен.    Сонымен қатар Сарыарқа ауданында  кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің озық желісі дамытылуда.  «Қазіргі кезде  Бөгенбай батыр даңғылы бойында 800 орындық құрылыс бейінді кәсіптік мектептің, сондай-ақ, Қарасай батыр көшесі бойындағы жалпы білім беретін оқу орталығының құрылыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада. Бұған қоса, әкімдіктің мәліметі бойынша, биылғы жылы энергоқамту және байланыс бейіні бойынша 800 орындық тағы бір кәсіптік мектептің құрылысын пайдалануға беру жоспарланған. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бүгінде Сарыарқа ауданында көпфункциялы тұрғын үй кешенін, коммерциялық нысандар мен өндірістік базаларды, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық және білім беру нысандарын қоса есептегенде 80 құрылыс нысаны бар. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.

2012 жылы Сарыарқа ауданының аумағында  Әуезов көшесі бойында №6 мектеп гимназиясының құрылысы, Беляков көшесіндегі 600 орындық №19 мектептің  жапсарлас бөлігі, «Көктал» тұрғын үй алабының оңтүстік шығысындағы (280 орындық) және Сейфуллин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан (240 орындық) 2 балабақша құрылысы жүргізілуде.  Аталған нысандар пайдалануға биылғы жылдың көктемінде беріледі, - деп хабарлайды әкімдіктен.   

Сонымен қатар Сарыарқа ауданында  кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің озық желісі дамытылуда.  «Қазіргі кезде  Бөгенбай батыр даңғылы бойында 800 орындық құрылыс бейінді кәсіптік мектептің, сондай-ақ, Қарасай батыр көшесі бойындағы жалпы білім беретін оқу орталығының құрылыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада. Бұған қоса, әкімдіктің мәліметі бойынша, биылғы жылы энергоқамту және байланыс бейіні бойынша 800 орындық тағы бір кәсіптік мектептің құрылысын пайдалануға беру жоспарланған.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар