«Дэвис Кубогы» жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды (видео)

04.02.2013 1838
Астанада теннистен халықаралық «Дэвис Кубогы» аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Австрия құрамасын қабылдаған қазақстандық құрама 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жарыстың үшінші күні жекелей сындық шешуші кездесулер өтті. Ұлттық құрамадан Андрей Голубев қонақтар сапындағы ең үздік теннисші Юрген Мельцермен алаңға шыққан. Төрт сетке созылған кездесуде жерлесіміз 4:6, 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз атанған Қазақстан құрамасы халықаралық додадағы кезекті кездесуін Чехия елінің теннисшілерімен өткізеді. Ал чехиялық құрама алғашқы кездесуінде Швейцария спортшыларынан 3:2 есебімен басым түсті.

Астанада теннистен халықаралық «Дэвис Кубогы» аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Австрия құрамасын қабылдаған қазақстандық құрама 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Жарыстың үшінші күні жекелей сындық шешуші кездесулер өтті. Ұлттық құрамадан Андрей Голубев қонақтар сапындағы ең үздік теннисші Юрген Мельцермен алаңға шыққан. Төрт сетке созылған кездесуде жерлесіміз 4:6, 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз атанған Қазақстан құрамасы халықаралық додадағы кезекті кездесуін Чехия елінің теннисшілерімен өткізеді. Ал чехиялық құрама алғашқы кездесуінде Швейцария спортшыларынан 3:2 есебімен басым түсті.

Ұқсас материалдар