Хамит Ерғалиев

03.02.2013 14037
1916 жылы 14 қазанда Атырау облысы Исатай ауданының Новобогат ауданында дүниеге келген. Мұнай рабфагін бітірген соң, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде очеркист, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия редакциясының меңгерушісі боп қызмет істеген. 1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан. Өлеңдері алғаш баспасөз бетінде (Гурьев облыстық газетінде) 1936 жылы жарияланған. Содан бергі уақыт ішінде қырықтан астам төл кітаптары мен аударма жинақтары шықты. Проза саласында да қалам тартып, әңгімелерін, көркем очерктері мен публицистикаларын жеке-жеке кітап етіп ұсынды. «Әке сыры» (1947 жыл), «Үлкен жолдың үстінде» (1949 жыл), «Біздің ауылдың қызы» (1959 жыл) т.б. ондаған поэмалары бар. «Құрманғазы» поэмасында (1962 жыл) қазақ халқының ұлы сазгері Құрманғазының, «Күй дастаны» поэмасында (1970 жыл) академик сазгер Ахмет Жұбановтың бейнесін жасады. Ақынның «Ғұмырнама» атты өмірбаяндық еңбегі жарияланды, таңдамалы прозалық шығармалары «Шындық шырқайды» (1966 жыл) деген атпен жеке кітап болып шықты. 1986 жылы «Өмір өрнектері», 1988 жылы «Жедел толғау», 1993 жылы «Жер толғау», 1995 жылы «Сонеттер», 1992 жылы «Демарш» поэмалары мен жыр жинақтары жарық көрді. Ақын шығармашылығының тақырыбы сан алуан. Қазақ халқының өткен өмірі, Қазан революциясынан кейінгі бейбіт кезең, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігі, жауынгерлердің жан аямас ерлігі, тыл еңбеккерлерінің еселі еңбегі, соғыстан кейінгі кезеңдегі шаруашылықты қалпына келтіру тұсы, жаңа өмір ақын шығармашылығына арқау болған. Шығармалары түгелдей дерлік орыс тіліне аударылып, Мәскеу баспаларынан бірнеше кітаптары жарық көрген. Аудармашы ретінде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Науаи мен Маяковскийдің туындыларын қазақ оқырмандарына жеткізді. Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырық қыз» атты халықтық жырларын қазақшалауға қатысты. Қазақстанның Халық жазушысы (1986 жыл). ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының («Алтын зерең» өлеңдер жинағы үшін, 1981 жыл), республикалық Жамбыл атындағы сыйлықтың («Біздің ауылдың қызы» өлеңдер жинағы үшін, 1953 жыл) лауреаты, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған. Атырау облысы Исатай ауданының және Атырау қаласының құрметті азаматы. Х.Ерғалиев 1997 жылы 13 желтоқсанда дүниеден озды. Шығармалары: Екі поэма. А., ҚМКӘБ, 1949; Біздің ауылдың қызы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1950; Сенің өзенің. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Жайық жырлары. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1955; Құрманғазы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958; Дәуір дабылы. Өлеңдер, поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1963; Өз көзімен өмірдің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Күн күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күй дастан. Поэма, өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Санаттағы сарбаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Жанарымда жұмыр жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Алтын зерең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Таңдамалы. Шығармаларының үш томдығы. 1982—1984; Өмір өрнегі. Эссе, очерк, публицистика. А., «Жалын», 1986; Жедел толғау. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1988; Демарш. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1992; Шер толғау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993; Сонеттер. А., «Жалын», 1995; Ғұмырнама. Естелікэссе. А., «Өлке», 1996; Жақсыдан шарапат. Эссе, очерк, көркемсөз. А., «Қайнар», 1996; Ұлтым дедім, ұлғайдым. Жыр кітабы. А., «Жазушы», 1997.

1916 жылы 14 қазанда Атырау облысы Исатай ауданының Новобогат ауданында дүниеге келген.
Мұнай рабфагін бітірген соң, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде очеркист, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия редакциясының меңгерушісі боп қызмет істеген. 1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Өлеңдері алғаш баспасөз бетінде (Гурьев облыстық газетінде) 1936 жылы жарияланған. Содан бергі уақыт ішінде қырықтан астам төл кітаптары мен аударма жинақтары шықты. Проза саласында да қалам тартып, әңгімелерін, көркем очерктері мен публицистикаларын жеке-жеке кітап етіп ұсынды. «Әке сыры» (1947 жыл), «Үлкен жолдың үстінде» (1949 жыл), «Біздің ауылдың қызы» (1959 жыл) т.б. ондаған поэмалары бар. «Құрманғазы» поэмасында (1962 жыл) қазақ халқының ұлы сазгері Құрманғазының, «Күй дастаны» поэмасында (1970 жыл) академик сазгер Ахмет Жұбановтың бейнесін жасады. Ақынның «Ғұмырнама» атты өмірбаяндық еңбегі жарияланды, таңдамалы прозалық шығармалары «Шындық шырқайды» (1966 жыл) деген атпен жеке кітап болып шықты. 1986 жылы «Өмір өрнектері», 1988 жылы «Жедел толғау», 1993 жылы «Жер толғау», 1995 жылы «Сонеттер», 1992 жылы «Демарш» поэмалары мен жыр жинақтары жарық көрді.
Ақын шығармашылығының тақырыбы сан алуан. Қазақ халқының өткен өмірі, Қазан революциясынан кейінгі бейбіт кезең, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігі, жауынгерлердің жан аямас ерлігі, тыл еңбеккерлерінің еселі еңбегі, соғыстан кейінгі кезеңдегі шаруашылықты қалпына келтіру тұсы, жаңа өмір ақын шығармашылығына арқау болған. Шығармалары түгелдей дерлік орыс тіліне аударылып, Мәскеу баспаларынан бірнеше кітаптары жарық көрген.
Аудармашы ретінде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Науаи мен Маяковскийдің туындыларын қазақ оқырмандарына жеткізді. Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырық қыз» атты халықтық жырларын қазақшалауға қатысты.
Қазақстанның Халық жазушысы (1986 жыл). ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының («Алтын зерең» өлеңдер жинағы үшін, 1981 жыл), республикалық Жамбыл атындағы сыйлықтың («Біздің ауылдың қызы» өлеңдер жинағы үшін, 1953 жыл) лауреаты, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.
Атырау облысы Исатай ауданының және Атырау қаласының құрметті азаматы.
Х.Ерғалиев 1997 жылы 13 желтоқсанда дүниеден озды.

Шығармалары: Екі поэма. А., ҚМКӘБ, 1949; Біздің ауылдың қызы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1950; Сенің өзенің. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Жайық жырлары. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1955; Құрманғазы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958; Дәуір дабылы. Өлеңдер, поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1963; Өз көзімен өмірдің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Күн күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күй дастан. Поэма, өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Санаттағы сарбаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Жанарымда жұмыр жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Алтын зерең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Таңдамалы. Шығармаларының үш томдығы. 1982—1984; Өмір өрнегі. Эссе, очерк, публицистика. А., «Жалын», 1986; Жедел толғау. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1988; Демарш. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1992; Шер толғау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993; Сонеттер. А., «Жалын», 1995; Ғұмырнама. Естелікэссе. А., «Өлке», 1996; Жақсыдан шарапат. Эссе, очерк, көркемсөз. А., «Қайнар», 1996; Ұлтым дедім, ұлғайдым. Жыр кітабы. А., «Жазушы», 1997.

Ұқсас материалдар