Дәдебаев Жанғара

30.01.2013 4145
1948 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1969 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген. 1968-1970 жылдар аралығында Жамбыл облысы Талас ауданындағы  Амангелді орта мектебінде мұғалім болып қызмет еткен. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1975-1977 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері, 1977-1990 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің ассисенті, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, аға ғылыми қызметкері болған. 1999-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология  факультетінің доценті, деканы, 2001 жылдан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгеушісі қызметін атқарды. 2008 жылдан бері университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. Қазір ҚазМҰУ-де проректор.

1948 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1969 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген. 1968-1970 жылдар аралығында Жамбыл облысы Талас ауданындағы  Амангелді орта мектебінде мұғалім болып қызмет еткен. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1975-1977 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері, 1977-1990 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің ассисенті, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, аға ғылыми қызметкері болған. 1999-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология  факультетінің доценті, деканы, 2001 жылдан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгеушісі қызметін атқарды. 2008 жылдан бері университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. Қазір ҚазМҰУ-де проректор.

Филология ғылымдарының докторы (1992 жыл), профессор (1993 жыл). Әдебиет сыншысы. Қазақстан Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1996 жыл), Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, ҚР білім академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының толық мүшесі.

Шығармашылық еңбегінің басты бағыттары: тарих және әдебиет, әдеби шығрмашылық процесс, жазушы еңбегі, көркемдік шеберлік.

Ғалымның Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары халықаралық конкурстың  жеңімпазы атанған.

Ж.Дәдебаев Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі (1998 жыл), Халықаралық ғұмырнамалық орталықтың (Кембридж, Англия) арнайы сыйлығының иегері (2001 жыл).

         Шығармалары, зерттеу еңбектері:

- Шымырлап бойға жайылған. Алматы. «Жазушы», 1988 жыл;
- Ғабиден Мұстафин. Алматы. «Мектеп», 1989 жыл;
- Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы. «Ғылым», 1991 жыл;
- Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері. Алматы. «Қазақ университеті», 1996 жыл;
- Мұхтар Әуезов. Алматы. «Рауан», 1997 жыл;
- Атыңнан айналайын, Әулие ата. Алматы. «Қазақ университеті», 1998 жыл;
- Жазушы еңбегі. Алматы, «Қазақ университеті», 2001 жыл;
- Атыңнан айналайын. Тараз тарихы туралы толғаныстар. Алматы. «Нұрлы әлем», 2002 жыл;
- Талас аңыздары. Алматы. «Нұрлы әлем», 2002 жыл;
- Қазіргі қазақ әдебиеті: лекциялар курсы (1-25 лекциялар). Алматы. «Қазақ университеті», 2002 жыл;
- Қазіргі қазақ әдебиеті: лекциялар курсы (26-50 лекциялар). Алматы. «Қазақ университеті», 2003 жыл;
- Адам ата. Алматы. «Қазақ университеті», 2005 жыл;
- Адам және заман. Алматы. «Өнер», 2007 жыл;
- Менің университетім: Зертеулер мен зерделеулер. Алматы. «Қазақ университеті», 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. 1- том. Алматы. «Өнер», 2008 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. 1- том. Алматы. «Өнер», 2009 жыл.

Ұқсас материалдар