Қалдыбаев Әлдихан

30.01.2013 4024
1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында туған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданын­дағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалiмі болып бастаған. Екі жыл Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. 1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976-1995 жылдар аралығында облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір зейнеткер.

1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында туған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданын­дағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалiмі болып бастаған. Екі жыл Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. 1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

1976-1995 жылдар аралығында облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір зейнеткер.

Ә.Қалдыбаев – балалар мен жасөспірімдерге арналған «Көк дөңгелек» (1962 жыл), «Қос тентек» (1964 жыл), «Су тасушы Әшірбек» (1969 жыл), «Байнаш солдат» (1969 жыл), «Шаншар атай» (1970 жыл), «Мишка – менің досым» (1973 жыл), «Өзен жағасында» (1975 жыл), «Солдат болу оңай ма?» (повесть) (Алматы: «Жалын», 1976 жыл), «Менің ағам – солдат» (1980 жыл), «Көк дөңгелек» (1985 жыл), «Автобус аялдамасы» (1990 жыл) кітаптарының авторы.

Қаламгердің 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы шығармалары (Алматы: «Өнер» баспасы), 2002 жылы «Мен – апамның баласымын» атты романы (Астана: «Фолиант» баспасы), 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары, 2008-2009 жылдары төрт томдық шығармалары, 2009 жылы «Көңіл көмбесі» атты әдеби мақалалар, эсселер жинағы (Тараз: «Сенім» баспасы) жарық көрген.

Жазушының бірқатар туындылары орыс, белорус, армян, түрікмен, татар тілдеріне аударылған.

Ә.Қалдыбаевтың драма жанрындағы «Шаншар атай» деп аталатын комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық  драма театрында қойылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды.

«Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының алтын қорына енген. 2009 жылы Түркістан сазды-драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедиясы қойылған.

Ә.Қалдыбаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Ұқсас материалдар