Қашағанұлы Нарша

30.01.2013 8727
Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында әуелі мәдениет қызметкері, Ойық совхозы комсомол комитетінің хатшысы болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Талас аудандық газеттерінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Шапағат» ұлттық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Талас аудандық әкімдігі Тіл басқармасының бастығы, ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, аудандық мәдениет басқармасының бастығы болды. Бірнеше аймақтық және республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері.

Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген.

Мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында әуелі мәдениет қызметкері, Ойық совхозы комсомол комитетінің хатшысы болған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Талас аудандық газеттерінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Шапағат» ұлттық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Талас аудандық әкімдігі Тіл басқармасының бастығы, ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, аудандық мәдениет басқармасының бастығы болды.

Бірнеше аймақтық және республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері.

1998 жылы алғашқы «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жыр кітабы республикалық «Санат» баспасынан жарыққа шықты. Бұл жинаққа ақынның қазір әнші Асқар Жүнісбековтің орындауында елге кеңінен танымал болған «Хат жазып тұр» әнінің мәтіні енген. Өлеңге ән сол жылы жазылады. Сазгер Әуезхан Салабековтің ақын Наршаның өлеңіне жазған алғашқы әні – осы «Хат жазып тұр» болып табылады. Сазгер бұдан кейін ақынның «Анда-санда», «Мен енді өмірге ғашықпын», «Бақыттымыз бәріміз», «Анама» өлеңдеріне әндер жазады.

1999 жылы аталмыш баспадан «Аманатқа адалдық» (Ә.Көпбергенмен бірге) атты сыр-сұхбат кітабы жарық көрген. Одан кейінгі жылдарда әртүрлі баспалардан «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары» атты кітаптары басылып шықты. Көптеген эсселері, әдеби портреттер мен мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған.

Ақиық ақын Нарша Қашағановтың шығармашылығындағы тарихи тұлғаларға арналған жырлар – айшықты әрі ойлы шыққан. Әсіресе, Бөлтірік шешен, Есей би және Саурық батыр жайындағы жырлары, батыр Бауыржанға арнаған өлеңдері айрықша. Нарша ақын сонымен қатар Д.Қонаевпен жүздесіп, сөзін тыңдап, оған біраз жырларын арнаған.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Жазушы» баспасынан «Елде тұрам» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты.

Нарша Қашағанұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының құрметті азаматы, Д.А.Қонаев қорының Талас аудандық филиалының директоры.

Қазіргі кезде Талас аудандық  тарихи-өлкетану музейінің директоры болып қызмет атқарады. Бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Б.Тұрабай – ғылыми қызметкер, 3 ұлы жоғары білімді, әр салада қызмет істейді.

          Шығармалары:

- Елде тұрам. Өлеңдер (2009 жыл);
- Жақсылық жаса адамға. Жыр кітабы (2008 жыл);
- Өлеңге менің дағы бар таласым (1998 жыл).

Ұқсас материалдар