Абдұлвахап Қылыш: Түркиядағы жастарға қазақ тілін үйрету үлкен мәселе болып тұр (ВИДЕО)

15.01.2013 2368
Бүгінгі күні Түркияда 20 мыңға жуық ағайын өмір сүруде. Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері 300-ге жуық отбасы Түрік елінен тарихи отанына оралды. Осыдан 27 жыл бұрын құрылған Қазақ мәдени қоры сондағы қазақтың басын қосуға ұйытқы болып отырған бірден-бір орталық. Десе де ондағы жас буынның тілі мен қазақы дәстүрді сақтауы ауыз толтырып айтарлықтай емес екенін байқадық. Оған дәлел Түркия Қазақ мәдени қорының төрағасы Абдұлвахап Қылышпен болған сұхбатымыз. - Түркиядағы Қазақ мәдени қоры қандай мақсетпен, қашаннан бері жұмыс жасап келеді? - Түркиядағы Қазақ мәдени қоры 1986 жылы Түркиядағы қазақтың мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын сақтау үшін құрылған. 27 жылдан бері Түркиядағы қазақтың басын қосып жұмыс істейтін үлкен орынға айналды. - Өзіңіз басқарып отырған осы қордың қазірге дейін Түркия қазақтары үшін жасаған жұмыстарына тоқталсаңыз? - Осыған дейін 3-4 рет үлкен қазақ құрылтайы өткізілді. Жыл сайын Наурыз мерекесін тойлаймыз. Осы жердегі оқып жүрген қазақ балаларына шәкіртақы тағайындаймыз. Кедей отбасыларына әртүрлі көмектер көрсетеміз. - Түркияда туып-өскен қандастарымыздың бүгінгі тыныс тіршілігі жайлы әңгіме өрбітсеңіз? - Түркияда 20 мыңға жуық қазақ тұрады. Бұл қазақтардың бәрі бірін-бірі жақсы таниды. Бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Осы күнге дейін осындағы қазақтың 70 пайызы өз жұмысында істеп келе жатыр. 10-15 жылдан бері жастарымыз көбейген сайын сыртта да, үкімет орындарында да жұмыс істей бастады. Түркиядағы қазақтың тұрмыс жағдайы жақсы. Барлығы дерлік орташа жағдайда. Балаларымыз оқып адвокат, инженер сияқты көптеген жұмыстарда қызмет істеп жүр. Қазақтың бірлік, берекесі де жақсы. Осы қорымыз арқылы қазақтар бас қосып тұрады. Біздің екі той залымыз бар, сол залдарымызда қазақтар бірігіп той жасаймыз. Бір-бірінің тойларына қатысады. Көмек береді. Жыртыс той, келін түсіру тойларын өткіземіз. Қайтыс болған қазақтардың артынан құран қатым оқылып ас беріледі. Ол асқа әр отбасынан бір мүше қатысады. - Түркияда қазақ тілді БАҚ қалыптсқан ба? - Түркияда қазақтардың шығарған журналдары, газеттері болды. Алайда, бұл газет, журналдардың ғұмыры ұзаққа бармады. Бірнеше нөмірлері жарық көрген соң тоқтап қалды. Ол үшін үлкен қаражат керек болды. Бізге үкіметтен ешқандай көмек жоқ. Қазақтардың өз күшімен шығарған журналдары болды. Өзіміздің қордың шығарған журналы бар. Оны да алты санға дейін ғана шығардық. Ол да қаржының жеткіліксіздігінен болды. Түркия қазақтарында радио болған жоқ. Қорымыздың бастамасымен интернет арқылы жариялаған хабарлары болды. - Бүгінгі күндегі Түркия қазақ жастарының және өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы жайлы не айтар едіңіз? - Бүгінгі Түркиядағы қазақтың жастары қазақ тілін жақсы білмейді. Өйткені олар кішкентайынан оқулықтарға сүйеніп, емтихандарын тапсыруға ғана баса назар аударады да, оларда қазақ тілін үйренетін уақыт болмайды. Сондықтан қазақ тілін үйрету үлкен бір мәселе болып тұр. Діні жағынан алатын болсақ, балаларымыз мешіттерде діни білімдерді үйренеді. Осындағы қазақтардың құрған дін орталықы болған Ахмет Ясауи атты қорымыз бар. Сол арқылы да балаларымызға дінін үйретуге тырысамыз. Дәстүрді өз ата-анасынан, той-томалақтарымыздан, бас қосулардан уақыты болса ғана үйреніп жатыр. Ол да ауыз толтырып айтарлықтай хәлде емес. - Түркия қазақтарының атажұртқа оралуына не кедергі? - Түркиядағы қазақтардың барлығы атажұртқа оралуға ниетті. Қазақстанға барсақ, атажұртымыздағы қазақтармен бірге жүрсек деген ойы бар. Жалғыз оймен ғана болмайды ғой. Себебі, бір адамға барған жерінде ас керек, киім керек деген сияқты қиыншылықтар болады. Осы проблемаларды шешетіндей оларға жұмыс керек. Басқа елде туып өсіп Қазақстанға барып жұмыс жасау оңай емес. Осы жақта үйренген өнерін ол жақта жүргізуге біраз қиыншылықтар бар. Сондықтан да қазақтардың көбі осы жағынан тартынады. Балаларын Қазақстанға жіберіп оқытып жатқан отбасылар бар. Ол жақта 100-ден астам қазақ баласы оқуда. Көшіп барған 300-ге тарта отбасы бар. Осы орайда Қазақ елі үкіметіне ұсынысымыз, осы жақтан барған қазақтың балаларына көмек көрсетсе. Ол жерде ғұмыр сүруіне, жұмыс жасауына жол көрсететін мекеме болса деген тілегіміз бар. - Қазақстанның Түркиядағы Қазақ диаспорасы үшін маңызы қандай? - Қазақстанның Түркиядағы қазақ диаспорасы үшін маңызы өте зор. Қазақстан осынау бейбіт замандағы тәуелсіз мемлекет, сол үшін де біз Қазақстанға ерекше мән береміз. Қазақтар тарих бойы не көрмеген. Тәуелсіз ел болмады. Хандықтар құрғанымен тәуелсіз Қазақ елінің маңызы ерекше. Қазақстанның әлемдегі дербес ел болғаны Түркиядағы қазақ диаспорасы үшін де өте маңызды оқиға болды. Сол үшін біз Қазақ еінің әрдайым жақсы болуын, үздіксіз дамуын тілейміз. - Өзіңіз басқарып отырған орталықтың болашақтағы жоспарларын атап өткен болсаңыз? - Мен жаңа айтпай кетіппін, қорымыздың бүгінге дейін істеген жұмыстарының қатарына біздің балабақша ашуымызды қосуға болады. Сол жерде бүлдіршіндерімізге кішкентайынан қазақ тілін үйретейік, олар өскен кезде өз ұлтын табады ғой деген оймен 3 пен 5 жас аралығындағы балаларымызға қазақ тілін, қазақ әдет-ғұрпын үйретіп жатырмыз. Осы тектес жоспарларымыз бар. Қазақшылықты ұмытпайтын, Қазақстанды жақсы көретін ұрпақтарды тәрбиелеп шығу жоспарымыз бар. Қазақстанға осындағы қазақтар атынан үлкен сәлем айтамыз. Келген жаңа жылдары құтты болсын! Алла тағала Қазақстанның бағын аша берсін. Қазақтарымыздың жағдайы жақсы болсын. Қазақстан әрдайым дами берсін. Жақсылықтар бола берсін деп тілейміз! Сұхбаттасқан Майгүл СҰЛТАН BAQ.kz

Бүгінгі күні Түркияда 20 мыңға жуық ағайын өмір сүруде. Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері 300-ге жуық отбасы Түрік елінен тарихи отанына оралды. Осыдан 27 жыл бұрын құрылған Қазақ мәдени қоры сондағы қазақтың басын қосуға ұйытқы болып отырған бірден-бір орталық. Десе де ондағы жас буынның тілі мен қазақы дәстүрді сақтауы ауыз толтырып айтарлықтай емес екенін байқадық. Оған дәлел Түркия Қазақ мәдени қорының төрағасы Абдұлвахап Қылышпен болған сұхбатымыз.

- Түркиядағы Қазақ мәдени қоры қандай мақсетпен, қашаннан бері жұмыс жасап келеді?
- Түркиядағы Қазақ мәдени қоры 1986 жылы Түркиядағы қазақтың мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын сақтау үшін құрылған. 27 жылдан бері Түркиядағы қазақтың басын қосып жұмыс істейтін үлкен орынға айналды.
- Өзіңіз басқарып отырған осы қордың қазірге дейін Түркия қазақтары үшін жасаған жұмыстарына тоқталсаңыз?
- Осыған дейін 3-4 рет үлкен қазақ құрылтайы өткізілді. Жыл сайын Наурыз мерекесін тойлаймыз. Осы жердегі оқып жүрген қазақ балаларына шәкіртақы тағайындаймыз. Кедей отбасыларына әртүрлі көмектер көрсетеміз.


- Түркияда туып-өскен қандастарымыздың бүгінгі тыныс тіршілігі жайлы әңгіме өрбітсеңіз?
- Түркияда 20 мыңға жуық қазақ тұрады. Бұл қазақтардың бәрі бірін-бірі жақсы таниды. Бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Осы күнге дейін осындағы қазақтың 70 пайызы өз жұмысында істеп келе жатыр. 10-15 жылдан бері жастарымыз көбейген сайын сыртта да, үкімет орындарында да жұмыс істей бастады. Түркиядағы қазақтың тұрмыс жағдайы жақсы. Барлығы дерлік орташа жағдайда. Балаларымыз оқып адвокат, инженер сияқты көптеген жұмыстарда қызмет істеп жүр. Қазақтың бірлік, берекесі де жақсы. Осы қорымыз арқылы қазақтар бас қосып тұрады. Біздің екі той залымыз бар, сол залдарымызда қазақтар бірігіп той жасаймыз. Бір-бірінің тойларына қатысады. Көмек береді. Жыртыс той, келін түсіру тойларын өткіземіз. Қайтыс болған қазақтардың артынан құран қатым оқылып ас беріледі. Ол асқа әр отбасынан бір мүше қатысады.
- Түркияда қазақ тілді БАҚ қалыптсқан ба?
- Түркияда қазақтардың шығарған журналдары, газеттері болды. Алайда, бұл газет, журналдардың ғұмыры ұзаққа бармады. Бірнеше нөмірлері жарық көрген соң тоқтап қалды. Ол үшін үлкен қаражат керек болды. Бізге үкіметтен ешқандай көмек жоқ. Қазақтардың өз күшімен шығарған журналдары болды. Өзіміздің қордың шығарған журналы бар. Оны да алты санға дейін ғана шығардық. Ол да қаржының жеткіліксіздігінен болды. Түркия қазақтарында радио болған жоқ. Қорымыздың бастамасымен интернет арқылы жариялаған хабарлары болды.
- Бүгінгі күндегі Түркия қазақ жастарының және өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы жайлы не айтар едіңіз?
- Бүгінгі Түркиядағы қазақтың жастары қазақ тілін жақсы білмейді. Өйткені олар кішкентайынан оқулықтарға сүйеніп, емтихандарын тапсыруға ғана баса назар аударады да, оларда қазақ тілін үйренетін уақыт болмайды. Сондықтан қазақ тілін үйрету үлкен бір мәселе болып тұр. Діні жағынан алатын болсақ, балаларымыз мешіттерде діни білімдерді үйренеді. Осындағы қазақтардың құрған дін орталықы болған Ахмет Ясауи атты қорымыз бар. Сол арқылы да балаларымызға дінін үйретуге тырысамыз. Дәстүрді өз ата-анасынан, той-томалақтарымыздан, бас қосулардан уақыты болса ғана үйреніп жатыр. Ол да ауыз толтырып айтарлықтай хәлде емес.
- Түркия қазақтарының атажұртқа оралуына не кедергі?
- Түркиядағы қазақтардың барлығы атажұртқа оралуға ниетті. Қазақстанға барсақ, атажұртымыздағы қазақтармен бірге жүрсек деген ойы бар. Жалғыз оймен ғана болмайды ғой. Себебі, бір адамға барған жерінде ас керек, киім керек деген сияқты қиыншылықтар болады. Осы проблемаларды шешетіндей оларға жұмыс керек. Басқа елде туып өсіп Қазақстанға барып жұмыс жасау оңай емес. Осы жақта үйренген өнерін ол жақта жүргізуге біраз қиыншылықтар бар. Сондықтан да қазақтардың көбі осы жағынан тартынады. Балаларын Қазақстанға жіберіп оқытып жатқан отбасылар бар. Ол жақта 100-ден астам қазақ баласы оқуда. Көшіп барған 300-ге тарта отбасы бар. Осы орайда Қазақ елі үкіметіне ұсынысымыз, осы жақтан барған қазақтың балаларына көмек көрсетсе. Ол жерде ғұмыр сүруіне, жұмыс жасауына жол көрсететін мекеме болса деген тілегіміз бар.
- Қазақстанның Түркиядағы Қазақ диаспорасы үшін маңызы қандай?
- Қазақстанның Түркиядағы қазақ диаспорасы үшін маңызы өте зор. Қазақстан осынау бейбіт замандағы тәуелсіз мемлекет, сол үшін де біз Қазақстанға ерекше мән береміз. Қазақтар тарих бойы не көрмеген. Тәуелсіз ел болмады. Хандықтар құрғанымен тәуелсіз Қазақ елінің маңызы ерекше. Қазақстанның әлемдегі дербес ел болғаны Түркиядағы қазақ диаспорасы үшін де өте маңызды оқиға болды. Сол үшін біз Қазақ еінің әрдайым жақсы болуын, үздіксіз дамуын тілейміз.

- Өзіңіз басқарып отырған орталықтың болашақтағы жоспарларын атап өткен болсаңыз?
- Мен жаңа айтпай кетіппін, қорымыздың бүгінге дейін істеген жұмыстарының қатарына біздің балабақша ашуымызды қосуға болады. Сол жерде бүлдіршіндерімізге кішкентайынан қазақ тілін үйретейік, олар өскен кезде өз ұлтын табады ғой деген оймен 3 пен 5 жас аралығындағы балаларымызға қазақ тілін, қазақ әдет-ғұрпын үйретіп жатырмыз. Осы тектес жоспарларымыз бар. Қазақшылықты ұмытпайтын, Қазақстанды жақсы көретін ұрпақтарды тәрбиелеп шығу жоспарымыз бар. Қазақстанға осындағы қазақтар атынан үлкен сәлем айтамыз. Келген жаңа жылдары құтты болсын! Алла тағала Қазақстанның бағын аша берсін. Қазақтарымыздың жағдайы жақсы болсын. Қазақстан әрдайым дами берсін. Жақсылықтар бола берсін деп тілейміз!

Сұхбаттасқан Майгүл СҰЛТАН
BAQ.kz

Ұқсас материалдар