Аударманың түрлері

05.12.2012 17166
  Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді: 1) аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара білу әрқандай аудармашы қолжеткізуге құлшынатын биік нысана болып есептеледі. 2) аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармада - аудармашыдан тез түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндікке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару -  аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады. 3) аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми техникалық шығарма аудармасы және іс қағаздар аудармасы деп бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай оларға қойылатын талап та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі аударатын материалға қанық болуы, кәсіптік білім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет. 4) аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару» деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару,мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады.

 

Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді:

1) аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара білу әрқандай аудармашы қолжеткізуге құлшынатын биік нысана болып есептеледі.

2) аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармада - аудармашыдан тез түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндікке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару -  аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады.

3) аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми техникалық шығарма аудармасы және іс қағаздар аудармасы деп бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай оларға қойылатын талап та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі аударатын материалға қанық болуы, кәсіптік білім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.

4) аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару» деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару,мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады.