Құран бойынша туралықтың маңызы

05.12.2012 2468
Құран бойынша туралықтың  маңызы           Туралық  пен шындықтың  маңыздылығын  аңғара  түсу  үшін  Құран  аяттарынан көз жүгірткен  жөн. «Барлық  нәрседен  тура  болу»  мағынасына  келетін  Құрандағы  «сыдқ»  сөзі  уәдені  орындауда  тура  сөзділікті білдіргені  сияқты, бір  хабарды  білдіруде де  тура сөзді болуды  қамтиды.Боса  назар  аударуды  қажет  ететін  нәрсе: туралық  пен шындылықты  ұстанған  құлдарын  марапаттап, өзге  құлдарды  осы  жолға  шақыруы.Төмендегі  аяттарда  Аллаһ  өзінің  әрі  болған  оқиғаны баяндауда, әрі  уәдесін орындауда  адам  ақылы  жетпес  дәрежеде туралық пен шыншылдық  иесі  екендігін  білдіреді.        «Аллаһтан артық тура сөйлейтін кім бар?» (Ниса-87)        «Аллаһтан артық шын сөйлейтін кім бар?» (Ниса-122)       Құранда  көбінесе  пайғамбарларға  қолданылған  «сыддық» сипаты туралық пен шыншылдықтың   ең  жоғарғы  дәрежесін, яғни  әсте жалған сөйлемейтін деген мағынаны  білдіреді.Әрі  бұл  сипат пайғамбарлардың  ең  маңызды ерекшеліктерінің  бірі.Пайғамбарлық  міндетін атқара  білуі үшін  әрбір  пайғамбарлардың  бойынан  бұлсипат  табылуы  тиіс.Яғни, сөйлеген сөзі, жасаған  келісімі, әзілі мен шыны және оқиғаны  баяндауы  сияқты әрбір сөздері  сүзгіштен  өткізілсе, ақиқатқа  сай  келеді.Бұл  сипат кез-келген жағдайда өзін  жоғалтар  болса, пайғамбарлығын  жария ету  мүддесі  негізін жоғалтқан  болар еді. Өйткені, адамдар тура  сөйлегенмен  пайғамбарларға  сенім  арта алмайды.Негізінде, пайғамбарладың  қандай  да болмасын  ақиақтқа  қайшы  келгендігі  кездеспейді.    Құран Кәрімде  көптеген пайғамбарлар  үшін туралық, шыншылдық  сипаты  қолдануда, кейбіреулеріне «сыддық» делінуде:     «Ей, ныншыл Юсуф...» (Юсуф-46)     «(Ей, Мұхаммед!) Кітаптағы  Ибраһимды есіне  ал.Ол нағыз  шыншыл  пайғамбар еді» (Мәриям-41)     «(Ей, Мұхаммед!) Кітаптағы Исмайлды  да  есіңе  ал.Ол расында  уәдесіне  берік елші, әрі пайғамбар еді» (Мәриям-54)      «Кітаптағы Идристі  де  есіңе  ал.Ол шыншыл пайғамбар еді» (Мәриям-56).      Және де   соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у), тура, шыншыл  болғандығы  Құран  Кәрімнің  көптеген жерінде  сөз етілуде.Ислам  тарихына, әсіресе, пайғамбарлықтың  Мекке дәуіріне  көз жүгіртсек, Расулуллаһтың  (с.а.у) ақиқаттың  айнасы  болып, иман келтіргендер  тарапынан да, дұшпандары  тарапынан да  бірдей «уәдесіне  берік, сенімді»  деп  танылғанын  көреміз.     Құран Кәрімде  тікелей  туралық пен туралықтың  артықшылықтарынан сөз қоөғайтын аяттар  бар.Бұл  аяттар мүминдердің  тура сөзді  шыншылдармен бірге  болуын  әмір  етеді.Мәселен, Аллаһ Тағала әмір етіп:     «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар  және тура, шыншылдармен  бірге болыңдар» - дейді (Тәубе – 119).      Расында, туралық қияметте  пенденің аман қалуына  кепілдік іспеттес.Аллаһтың  азабынан құтылуына себеп болып, жәннатқа  жетелейді.Аллаһ Тағала ол жайлы:     «Аллаһ айтады: Бұл  күн (қиямет күні) шыншылдық  шыншылдарға  игілігін  тигізетін күн.Оларға іргесінен  бұлақ  ағып  жататын жәннаттар  бар.Олар онда  мәңгі тұра береді.Аллаһ оларға  разы, олар да Аллаһ разы.Міне бұл – үлкен жетістік» - деуде. (Майдә - 119).     Мүміннің  туралығы  ниетінде, сөзінде, ісінде  көрінуі тиіс.Бұл үшеуі  қатар  іске  асқанда ғана мұсылман Құрандағы «сыддық» (нағыз турашыл, шышшыл) дәрежесіне жетеді.Бұл дәреже  Аллаһ Тағаланың  пайғамбарға білдіруі  арқылы мүмін  құлдарынан талап еткен  дәрежесі.     «Раббым! Мені ( кіргізетін  жерге) сәтті кіргізе  гөр, (шығатын  жерден) сәтті шығара гөр! Өз қасыңнан  маған  жар  боларлық  күш-қуат бағыштай гөр! – де» (Исра-80)           Мұсылман  туралықтың  бұл дәрежесіне жеткенде, өмірде  оның  көңілін  алдайтын ешнәрсе  қалмайды.Оған Аллаһ разылығынан басқа ешнәрсе  қажет  болмай қалады.Хазіреті  Омардың  (р.а) былай  дегені  риуаят етіледі:    «Мына үш нәрсе болмаса дүниеде  қалуды қаламас едім:    1.Жақсы  ататрға  мініп, Аллаһ жолында  соғысу.    2.Түнгі  құлшылықтың  қиындығы  мен машақатына  шыдау.    3.Құрманың  тазасын  таңдағандай  сөз  тазасын таңдайтын  кісілермен  бірге  болу».       Туралықты  ұстаған  мұсыоман  насихат айтқанда, оның  туралығы  жүзінен  және  үнінен белгілі  болып  тұрады.Пайғамбарымызды (с.а.у) танымайтындар  Онымен  алғаш  сөйлескендерінде: «Уаллаһи, бұл жалғанның жүзі мен  үні  емес» - дейтін      Егер  алдындағы  адам соқыр-надан болмаса  туралықты  ұстанған мұсылманның  насихаты  әсерлі, жағымды болып, құлақ салып тыңдауын  себеп  болады.    Насихат  айтса  да, айтпаса да  әрбір  мұсылманның тура, шыншыл  болуы шарт.Себебі, иманның  неізі – туралық, мұнафықтықтың  негізі - өтірік.     Ұлы Аллаһ пайғамбарлары  мен иман келтіргендерге уәдесі бойынша  шыншылдар мен өтірікшілердің  арасын  ажыратады.     «Кезінде  біз  пайғамбарлардан  уәде  алдық, сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан, Мәриямның  ұлы Исадан  берік  уәде  алдық.(Мұның  себебі  Аллаһ) шыншылдардың  шыншылдығы  туралы  тергейді.Ол кәпірлерге  қатты азап дайындадық» (Ахзап -7-8)     «Мүминдер ішінде  Аллаһқа берген  уәдесін  орындаған  ерлер  бар.Олардың  кейбіреуі  жанын  пида  қылады (шәһид  болады), кейбіреуі  (шәһидтікті) күтуде, олар  уәделерін  әсте  бұзбады.Аллаһ шыншылдарды  (ахіретте) шыншылдығына  лайық сыйлайды.Ол мұнафиқтарды, қаласа  жазалайды  немесе оларға  тәубе  етулерін нәсіп  етеді.Расында  Аллаһ  өте кешірімшіл, аса мейірімді» (Ахзап -23-24)     «Адамдар: «Иман келтірдік» деумен ғана сыналмай  қала береміз деп ойлай  ма? Шынында олардан  бұрынғыларды  да  сынағанбыз.Аллаһ  әлбетте шыншылдарды  да, өтірікшілерді де әбден  біледі» (Анкәбут, 2-3)     Осы жоғарыдағы  аяттардың  туралықтың  туын  желбіреткендерге  Аллаһ Тағала сый ретінде  айнымас  мәңгі өмірдің  жәннат бақшаларын айнымас  уәдесімен уәде еткен.     «Өз іштерінен  бір кісіге: «Адамдарды  (Аллаһтың  азабынан) сақтандыр, иман келтіргендерді  Раббыларының  қасына  олар үшін  жоғары  мәртебе  бар  екендігімен қуандыр», деп хабарлағанымызға  бұл  адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Бұл - әшкере  сиқырлық» деді» (Юнус-2).     «Міне бұлардың  істеген  ізгі  еңбектерін  қабыл  етіп, жамандықтарын  кешіреміз, бұлар  жәннаттықтардың  арасында  болады.Бұл оларға берілген шын уәде есептеледі» (Ахқаф-16)   «(Қияметте) Тақуалар сөзсіз жәннатта (су, шәрбәт, бал, сүт) бұлақтардың  жағасында  тұрады. Олар құдіреті күшті Иесінің құзырында ойдағыдай  орныда  болады» (Қамәр – 54-55).     Аллаһтың  сөзін, уәде  еткен  сыйын арзымайтын  жалғанға сатушылардан  болмайық.Аллаһ  баршамызды  тура  жолындағы  шыншылдардың қатарына  қосып, өзінің  уәде еткен  нығметтеріне қауыштырсын!     Әмин!   

Құран бойынша туралықтың  маңызы

          Туралық  пен шындықтың  маңыздылығын  аңғара  түсу  үшін  Құран  аяттарынан көз жүгірткен  жөн. «Барлық  нәрседен  тура  болу»  мағынасына  келетін  Құрандағы  «сыдқ»  сөзі  уәдені  орындауда  тура  сөзділікті білдіргені  сияқты, бір  хабарды  білдіруде де  тура сөзді болуды  қамтиды.Боса  назар  аударуды  қажет  ететін  нәрсе: туралық  пен шындылықты  ұстанған  құлдарын  марапаттап, өзге  құлдарды  осы  жолға  шақыруы.Төмендегі  аяттарда  Аллаһ  өзінің  әрі  болған  оқиғаны баяндауда, әрі  уәдесін орындауда  адам  ақылы  жетпес  дәрежеде туралық пен шыншылдық  иесі  екендігін  білдіреді.

       «Аллаһтан артық тура сөйлейтін кім бар?» (Ниса-87)

       «Аллаһтан артық шын сөйлейтін кім бар?» (Ниса-122)

      Құранда  көбінесе  пайғамбарларға  қолданылған  «сыддық» сипаты туралық пен шыншылдықтың   ең  жоғарғы  дәрежесін, яғни  әсте жалған сөйлемейтін деген мағынаны  білдіреді.Әрі  бұл  сипат пайғамбарлардың  ең  маңызды ерекшеліктерінің  бірі.Пайғамбарлық  міндетін атқара  білуі үшін  әрбір  пайғамбарлардың  бойынан  бұлсипат  табылуы  тиіс.Яғни, сөйлеген сөзі, жасаған  келісімі, әзілі мен шыны және оқиғаны  баяндауы  сияқты әрбір сөздері  сүзгіштен  өткізілсе, ақиқатқа  сай  келеді.Бұл  сипат кез-келген жағдайда өзін  жоғалтар  болса, пайғамбарлығын  жария ету  мүддесі  негізін жоғалтқан  болар еді. Өйткені, адамдар тура  сөйлегенмен  пайғамбарларға  сенім  арта алмайды.Негізінде, пайғамбарладың  қандай  да болмасын  ақиақтқа  қайшы  келгендігі  кездеспейді.

   Құран Кәрімде  көптеген пайғамбарлар  үшін туралық, шыншылдық  сипаты  қолдануда, кейбіреулеріне «сыддық» делінуде:

    «Ей, ныншыл Юсуф...» (Юсуф-46)

    «(Ей, Мұхаммед!) Кітаптағы  Ибраһимды есіне  ал.Ол нағыз  шыншыл  пайғамбар еді» (Мәриям-41)

    «(Ей, Мұхаммед!) Кітаптағы Исмайлды  да  есіңе  ал.Ол расында  уәдесіне  берік елші, әрі пайғамбар еді» (Мәриям-54)

     «Кітаптағы Идристі  де  есіңе  ал.Ол шыншыл пайғамбар еді» (Мәриям-56).

     Және де   соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у), тура, шыншыл  болғандығы  Құран  Кәрімнің  көптеген жерінде  сөз етілуде.Ислам  тарихына, әсіресе, пайғамбарлықтың  Мекке дәуіріне  көз жүгіртсек, Расулуллаһтың  (с.а.у) ақиқаттың  айнасы  болып, иман келтіргендер  тарапынан да, дұшпандары  тарапынан да  бірдей «уәдесіне  берік, сенімді»  деп  танылғанын  көреміз.

    Құран Кәрімде  тікелей  туралық пен туралықтың  артықшылықтарынан сөз қоөғайтын аяттар  бар.Бұл  аяттар мүминдердің  тура сөзді  шыншылдармен бірге  болуын  әмір  етеді.Мәселен, Аллаһ Тағала әмір етіп:

    «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар  және тура, шыншылдармен  бірге болыңдар» - дейді (Тәубе – 119).

     Расында, туралық қияметте  пенденің аман қалуына  кепілдік іспеттес.Аллаһтың  азабынан құтылуына себеп болып, жәннатқа  жетелейді.Аллаһ Тағала ол жайлы:

    «Аллаһ айтады: Бұл  күн (қиямет күні) шыншылдық  шыншылдарға  игілігін  тигізетін күн.Оларға іргесінен  бұлақ  ағып  жататын жәннаттар  бар.Олар онда  мәңгі тұра береді.Аллаһ оларға  разы, олар да Аллаһ разы.Міне бұл – үлкен жетістік» - деуде. (Майдә - 119).

    Мүміннің  туралығы  ниетінде, сөзінде, ісінде  көрінуі тиіс.Бұл үшеуі  қатар  іске  асқанда ғана мұсылман Құрандағы «сыддық» (нағыз турашыл, шышшыл) дәрежесіне жетеді.Бұл дәреже  Аллаһ Тағаланың  пайғамбарға білдіруі  арқылы мүмін  құлдарынан талап еткен  дәрежесі.

    «Раббым! Мені ( кіргізетін  жерге) сәтті кіргізе  гөр, (шығатын  жерден) сәтті шығара гөр! Өз қасыңнан  маған  жар  боларлық  күш-қуат бағыштай гөр! – де» (Исра-80)

          Мұсылман  туралықтың  бұл дәрежесіне жеткенде, өмірде  оның  көңілін  алдайтын ешнәрсе  қалмайды.Оған Аллаһ разылығынан басқа ешнәрсе  қажет  болмай қалады.Хазіреті  Омардың  (р.а) былай  дегені  риуаят етіледі:

   «Мына үш нәрсе болмаса дүниеде  қалуды қаламас едім:

   1.Жақсы  ататрға  мініп, Аллаһ жолында  соғысу.

   2.Түнгі  құлшылықтың  қиындығы  мен машақатына  шыдау.

   3.Құрманың  тазасын  таңдағандай  сөз  тазасын таңдайтын  кісілермен  бірге  болу».

      Туралықты  ұстаған  мұсыоман  насихат айтқанда, оның  туралығы  жүзінен  және  үнінен белгілі  болып  тұрады.Пайғамбарымызды (с.а.у) танымайтындар  Онымен  алғаш  сөйлескендерінде: «Уаллаһи, бұл жалғанның жүзі мен  үні  емес» - дейтін

     Егер  алдындағы  адам соқыр-надан болмаса  туралықты  ұстанған мұсылманның  насихаты  әсерлі, жағымды болып, құлақ салып тыңдауын  себеп  болады.

   Насихат  айтса  да, айтпаса да  әрбір  мұсылманның тура, шыншыл  болуы шарт.Себебі, иманның  неізі – туралық, мұнафықтықтың  негізі - өтірік.

    Ұлы Аллаһ пайғамбарлары  мен иман келтіргендерге уәдесі бойынша  шыншылдар мен өтірікшілердің  арасын  ажыратады.

    «Кезінде  біз  пайғамбарлардан  уәде  алдық, сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан, Мәриямның  ұлы Исадан  берік  уәде  алдық.(Мұның  себебі  Аллаһ) шыншылдардың  шыншылдығы  туралы  тергейді.Ол кәпірлерге  қатты азап дайындадық» (Ахзап -7-8)

    «Мүминдер ішінде  Аллаһқа берген  уәдесін  орындаған  ерлер  бар.Олардың  кейбіреуі  жанын  пида  қылады (шәһид  болады), кейбіреуі  (шәһидтікті) күтуде, олар  уәделерін  әсте  бұзбады.Аллаһ шыншылдарды  (ахіретте) шыншылдығына  лайық сыйлайды.Ол мұнафиқтарды, қаласа  жазалайды  немесе оларға  тәубе  етулерін нәсіп  етеді.Расында  Аллаһ  өте кешірімшіл, аса мейірімді» (Ахзап -23-24)

    «Адамдар: «Иман келтірдік» деумен ғана сыналмай  қала береміз деп ойлай  ма? Шынында олардан  бұрынғыларды  да  сынағанбыз.Аллаһ  әлбетте шыншылдарды  да, өтірікшілерді де әбден  біледі» (Анкәбут, 2-3)

    Осы жоғарыдағы  аяттардың  туралықтың  туын  желбіреткендерге  Аллаһ Тағала сый ретінде  айнымас  мәңгі өмірдің  жәннат бақшаларын айнымас  уәдесімен уәде еткен.

    «Өз іштерінен  бір кісіге: «Адамдарды  (Аллаһтың  азабынан) сақтандыр, иман келтіргендерді  Раббыларының  қасына  олар үшін  жоғары  мәртебе  бар  екендігімен қуандыр», деп хабарлағанымызға  бұл  адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Бұл - әшкере  сиқырлық» деді» (Юнус-2).

    «Міне бұлардың  істеген  ізгі  еңбектерін  қабыл  етіп, жамандықтарын  кешіреміз, бұлар  жәннаттықтардың  арасында  болады.Бұл оларға берілген шын уәде есептеледі» (Ахқаф-16)

  «(Қияметте) Тақуалар сөзсіз жәннатта (су, шәрбәт, бал, сүт) бұлақтардың  жағасында  тұрады. Олар құдіреті күшті Иесінің құзырында ойдағыдай  орныда  болады» (Қамәр – 54-55).

    Аллаһтың  сөзін, уәде  еткен  сыйын арзымайтын  жалғанға сатушылардан  болмайық.Аллаһ  баршамызды  тура  жолындағы  шыншылдардың қатарына  қосып, өзінің  уәде еткен  нығметтеріне қауыштырсын!

    Әмин! 

 

Ұқсас материалдар