Жаратылыстағы дағдылық

05.12.2012 2786
Жаратылыстағы дағдылық Жер үстіндегі жаратылыс негізіндегі дағдылық — жердің күнді айналу дағдылығы. Жер күнді үйіріліп отырып айналады. Жердің күнді айналып шығатын мезгілін жыл дейміз. Бір жылдың ішінде (күнді айналып шыққанша) жердің өзі 365 реттен бір аз артық ұршықша үйіріліп шығады. Әрбір үйірілгені күнге есептеледі. Сонымен жыл 365 күнге есептеледі. 365 реттен жыл сайын аз артық есептелмей отырылады да 4 жылда бір күнге толар-толмас боп 366-ші күн февраль айына қосылып отырылады. 4 жылдың ішінде күн есебіне толмай қалғаны. Бірақ ол өте аз, мысалы, 400 жылда үш күн шамасы ғана болады. Осы күнгі қолданып отырған жаңа календарымыздың ескіден айырмасы осыны жаңа календарьдың ескеріп есепке кіргізіп отырғаннан. Бұдан басқа жылдың төрт мезгіл боп өзгеруі де жердің күнде айналған кезіндегі қалпынан. Жер күнді айналғанда тік тұрып айналмай, көлбеу күйінде айналады және осы бір көлбеген қалпын өзгертпейді. Бұдан барып жер күнге бір жылдың ішінде бір рет бір төбесін беріп, бір рет бір бүйірін қаратып, бір рет екінші төбесін беріп, бір рет екінші бүйірін қаратып өтпек. Жердің күнге қараған жақ төбесі жағында жаз болмақ. Күннің көлеңке жағында қалған төбе жағында қыс болмақ. Қысқы қалпынан жазғы қалпына қарай айналған кезінде күнге дәл бүйірі келіп жазғы тұрғы 22-мартта күн мен түн теңеледі. Жазғыдан қысқы орнына қарай айналғанда күнге 22-сентябрьде дәл бүйірі қарағаннан күн мен түн тағы бірдей болады. Бұған қарағанда күн, жыл райы дағдылығы жердің айналуындай дәл боп отыруы керек еді. Жаратылыстың тәжірибесіне қарасақ жыл райында нақ бұ секілді дәлдік жоқ. Күн райына келсек дәлділік одан да кем. Мысалы, бір жылы қыс ерте басталады, бір жылы кеш басталады. Бір жыл жаңбырлы, бір жыл жаңбырсыз болады. Бұған себептер толып жатыр. Көбі әлі тексеріліп жеткен де жоқ. Жыл райының байланысымен өте күшті болғандықтан, жер жүзінің мамандары бұл себептерді тексеруде бұлар арқылы жыл, күн райларын болжау жолын іздеуде. Біздің бұл мақаламыздағы мақсатымыз осы іздеу жолында табылған жаратылыстың бір заңын ескертпек. Бір жылдың райы екінші жылдікіне нақ дәл келмегенмен де бірнеше жылдың райы белгілі бір дағдылы шама маңайында болады. Әрбір жеке жылдың райы сол шамадан көп айырылып кетпейді. Өсімдік, жәндік секілді тірі жаратылыстар өздерінің тіршіліктерінде дағдылы өзгерістерін әр жыл райына қарай емес, сол бірнеше жылдың дағдылы райына қарай бейімдейді. Мысалы, жарқанатты алайық, Жарқанаттың жаз ғана тіршілік етіп, қысқа қарай ұйқыға кіретіні белгілі. Жарқанаттың ұйқыға кіретін дағдылы мезгілі бар. Жарқанат кезіндегі жылдың райына көп қарамай, сол дағдылы мезгілінде қысқы ұйқысына кіреді. Екінші мысалға ағашты алайық, ағаш та өзінің дағдылы кезінде, үстіндегі жылдың райына қарамай, бұтақ жара бастайды. Бұл секілді тірі жаратылыстың дағдылығы сол жердің жылдары дағдылығы байланысы мынадан болады: Мысалы, бір рет алған ағашқа келсек, жылдардың дағдылы шамасынан бұрын жапырағын жарған болса, дағдылы кезден суығы кешігіп келетін жылға кез келгенде, ол ағаштың жарылған жапырақтары үсіп кетіп, өсуден қалып отырады. Кілең кезінде жапырақ жаратындар қалып отырады. Жарқанатқа келсек, мұның тамақ қылатын көбелектері дағдылы раймен көбірек байланулы. Сонымен жаратылыстың қай тірі мүшесі болса да не өзі, не тамағы арқылы бір жылдың ғана емес, бірнеше жылдың дағдылығымен байланысты. Сондықтан ол дағдылықты өзімен әбден сәйкестенген жергілікті тірі жаратылыстардың дағдылықтарынан тәжірибе қылып шамалауға болады. Жыл райының өзгеруінен көрі, тірі табиғат тіршілігінің дағдылығы күштірек екенін жоғарыда көрдік. Сондықтан тірі жаратылыс дағдылығын жылдар райының белгісіне алып оны болжауға болады. Мысалы, жаз белгісі оңтүстіктен солтүстікке қарай басталады. Мұның мәнісі жаз белгісі оңтүстікте бұрын басталып, солтүстікке қарай бірте-бірте жылжи бастайды. Жердің белдеулік кезінде жаз (тірі жаратылыстар тіршілік белгісі) марттың 22-нен азғана бұрын басталып, 22 кезінде дәуір болса ең теріс түстік төбе жақ шетте жаздың дәуірлеген кезі августың бас кезі болады. Мұнда тіршілік толқыны сөніп, қысқы ұйқы толқыны бұдан оңтүстікке қарай кері жүрмек. Бұл толқындардың жайылу жылдамдығының шамасы күніне 43 километр шамасы болмақ. Мұның мәнісі бір жерден екінші жердің алыстығы 43 километр болса, сол оңтүстік жағындағы жердің ағаштары алғашқынікінен бір күн жапырақтарын соң жарады деген. Әрине бұл жалпы алғандағы шама. Жолына, жеріне қарай бұл жылдамдық 10 километрден 80 километрге дейін өзгеріп кете береді. Міне, бұл бір жердің тірі жаратылысының өзгеруіне қарап екінші жерде осындай өзгерістер қашан болатынын болжау жолының бірі. Мұхтар Әуезов

Жаратылыстағы дағдылық

Жер үстіндегі жаратылыс негізіндегі дағдылық — жердің күнді айналу дағдылығы. Жер күнді үйіріліп отырып айналады. Жердің күнді айналып шығатын мезгілін жыл дейміз. Бір жылдың ішінде (күнді айналып шыққанша) жердің өзі 365 реттен бір аз артық ұршықша үйіріліп шығады. Әрбір үйірілгені күнге есептеледі. Сонымен жыл 365 күнге есептеледі. 365 реттен жыл сайын аз артық есептелмей отырылады да 4 жылда бір күнге толар-толмас боп 366-ші күн февраль айына қосылып отырылады. 4 жылдың ішінде күн есебіне толмай қалғаны. Бірақ ол өте аз, мысалы, 400 жылда үш күн шамасы ғана болады. Осы күнгі қолданып отырған жаңа календарымыздың ескіден айырмасы осыны жаңа календарьдың ескеріп есепке кіргізіп отырғаннан.

Бұдан басқа жылдың төрт мезгіл боп өзгеруі де жердің күнде айналған кезіндегі қалпынан. Жер күнді айналғанда тік тұрып айналмай, көлбеу күйінде айналады және осы бір көлбеген қалпын өзгертпейді. Бұдан барып жер күнге бір жылдың ішінде бір рет бір төбесін беріп, бір рет бір бүйірін қаратып, бір рет екінші төбесін беріп, бір рет екінші бүйірін қаратып өтпек. Жердің күнге қараған жақ төбесі жағында жаз болмақ. Күннің көлеңке жағында қалған төбе жағында қыс болмақ. Қысқы қалпынан жазғы қалпына қарай айналған кезінде күнге дәл бүйірі келіп жазғы тұрғы 22-мартта күн мен түн теңеледі. Жазғыдан қысқы орнына қарай айналғанда күнге 22-сентябрьде дәл бүйірі қарағаннан күн мен түн тағы бірдей болады.

Бұған қарағанда күн, жыл райы дағдылығы жердің айналуындай дәл боп отыруы керек еді. Жаратылыстың тәжірибесіне қарасақ жыл райында нақ бұ секілді дәлдік жоқ. Күн райына келсек дәлділік одан да кем. Мысалы, бір жылы қыс ерте басталады, бір жылы кеш басталады. Бір жыл жаңбырлы, бір жыл жаңбырсыз болады. Бұған себептер толып жатыр. Көбі әлі тексеріліп жеткен де жоқ.

Жыл райының байланысымен өте күшті болғандықтан, жер жүзінің мамандары бұл себептерді тексеруде бұлар арқылы жыл, күн райларын болжау жолын іздеуде.

Біздің бұл мақаламыздағы мақсатымыз осы іздеу жолында табылған жаратылыстың бір заңын ескертпек.

Бір жылдың райы екінші жылдікіне нақ дәл келмегенмен де бірнеше жылдың райы белгілі бір дағдылы шама маңайында болады.

Әрбір жеке жылдың райы сол шамадан көп айырылып кетпейді. Өсімдік, жәндік секілді тірі жаратылыстар өздерінің тіршіліктерінде дағдылы өзгерістерін әр жыл райына қарай емес, сол бірнеше жылдың дағдылы райына қарай бейімдейді. Мысалы, жарқанатты алайық, Жарқанаттың жаз ғана тіршілік етіп, қысқа қарай ұйқыға кіретіні белгілі.

Жарқанаттың ұйқыға кіретін дағдылы мезгілі бар.

Жарқанат кезіндегі жылдың райына көп қарамай, сол дағдылы мезгілінде қысқы ұйқысына кіреді. Екінші мысалға ағашты алайық, ағаш та өзінің дағдылы кезінде, үстіндегі жылдың райына қарамай, бұтақ жара бастайды.

Бұл секілді тірі жаратылыстың дағдылығы сол жердің жылдары дағдылығы байланысы мынадан болады:

Мысалы, бір рет алған ағашқа келсек, жылдардың дағдылы шамасынан бұрын жапырағын жарған болса, дағдылы кезден суығы кешігіп келетін жылға кез келгенде, ол ағаштың жарылған жапырақтары үсіп кетіп, өсуден қалып отырады. Кілең кезінде жапырақ жаратындар қалып отырады.

Жарқанатқа келсек, мұның тамақ қылатын көбелектері дағдылы раймен көбірек байланулы. Сонымен жаратылыстың қай тірі мүшесі болса да не өзі, не тамағы арқылы бір жылдың ғана емес, бірнеше жылдың дағдылығымен байланысты. Сондықтан ол дағдылықты өзімен әбден сәйкестенген жергілікті тірі жаратылыстардың дағдылықтарынан тәжірибе қылып шамалауға болады. Жыл райының өзгеруінен көрі, тірі табиғат тіршілігінің дағдылығы күштірек екенін жоғарыда көрдік. Сондықтан тірі жаратылыс дағдылығын жылдар райының белгісіне алып оны болжауға болады.

Мысалы, жаз белгісі оңтүстіктен солтүстікке қарай басталады. Мұның мәнісі жаз белгісі оңтүстікте бұрын басталып, солтүстікке қарай бірте-бірте жылжи бастайды.

Жердің белдеулік кезінде жаз (тірі жаратылыстар тіршілік белгісі) марттың 22-нен азғана бұрын басталып, 22 кезінде дәуір болса ең теріс түстік төбе жақ шетте жаздың дәуірлеген кезі августың бас кезі болады. Мұнда тіршілік толқыны сөніп, қысқы ұйқы толқыны бұдан оңтүстікке қарай кері жүрмек. Бұл толқындардың жайылу жылдамдығының шамасы күніне 43 километр шамасы болмақ. Мұның мәнісі бір жерден екінші жердің алыстығы 43 километр болса, сол оңтүстік жағындағы жердің ағаштары алғашқынікінен бір күн жапырақтарын соң жарады деген. Әрине бұл жалпы алғандағы шама. Жолына, жеріне қарай бұл жылдамдық 10 километрден 80 километрге дейін өзгеріп кете береді.

Міне, бұл бір жердің тірі жаратылысының өзгеруіне қарап екінші жерде осындай өзгерістер қашан болатынын болжау жолының бірі.

Мұхтар Әуезов