Әзербайжан

04.12.2012 6691
  ӘЗЕРБАЙЖАН     Әзербайжан, Әзербайжан Республикасы – Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 млн. адам.  Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзербайжандар. Мемлекеттік тілі – әзербайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады. Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Кура-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0ӘС-тан 3ӘС-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс. Ең үлкен көлдері – Гаджикабул және Беюкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым. Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзербайджан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзербайжанды салжұқтар басып алды. Әзербайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзербайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзербайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзербайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 ж. Әзербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 – 13 ж. және 1826 – 28 ж. орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзербайжан Ресейге қосылды. 1917 ж. қарашада Әзербайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 ж. 30 желтоқсанда Әзербайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 ж. КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзербайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 ж. 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 ж. 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 ж. 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.    

 

ӘЗЕРБАЙЖАН

 

 

Әзербайжан, Әзербайжан Республикасы – Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 млн. адам.  Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзербайжандар. Мемлекеттік тілі – әзербайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.

Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Кура-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0ӘС-тан 3ӘС-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс. Ең үлкен көлдері – Гаджикабул және Беюкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзербайджан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды.

Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзербайжанды салжұқтар басып алды.

Әзербайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзербайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзербайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзербайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 ж. Әзербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды.

1805 – 13 ж. және 1826 – 28 ж. орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзербайжан Ресейге қосылды. 1917 ж. қарашада Әзербайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 ж. 30 желтоқсанда Әзербайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 ж. КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзербайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты.

1991 ж. 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 ж. 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 ж. 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.