Көркем әдебиеттегі отансүйгіштік

04.12.2012 3189
  Көркем әдебиеттегі отансүйгіштік   Ұлы отанымыз қаскөй жаумен қатты алысып тұрған күндерде, ер қайраты отан үшін деген күндерде, көркем әдебиет тарихының кіші бір кезеңдерін шолып өту, еске алу керек. Өйткені көркем әдебиеттен осындай сын күндерде халықтың алып қайратын танытқан ұлы бейнелерін көреміз.   Отан сүю тақырыбы, халқын геройлықпен қорғау ұраны, барлық замандардағы халық әдебиетінде оның халық ақындары мен жазушыларының ең ардақты тақырыбы болған. Әдебиеттің ең мол саласы да осы мазмұнға арналады. Осы тақырып тұсында ауызша әдебиет пен жазба әдебиетінің желісі үзілмей жалғасады. Мысалы, ұлы орыс халқының мол арналы мәдениетті тарихына қарасақ, арғы-бергі замандарда шыққан отан ерлерінің әлденеше кесек тұлғаларын көреміз.   Ертегідей ескі замандардың өзінде де шет жаулардан отанын қорғаған халық батырлары Илья Муромец, Добрыня Никитич аттарын көп заман бойында елі, жұрты ұмытпай сүйсініп жырлаған.   Тағы бір соңдай көне күндерден қалған өшпес әсем жыр, отанын қорғаған ерлер туралы "Игорь полкы жайындағы сөз" деген ескерткіштен көрінеді.   Герой халық баяғы заманда немістен келген жауларды Чуд көлінде ойран еткен Александар Невский атын да жадында жақсы сақтаған. Ресейдің амандық, тыныштығын қас етіп келген тағы бір кезек жауларға ер соққысын берген Минин мен Пожарский аттары да мәңгі ардақты, асыл ат боп сақталып келеді.   "Қорқыныштан үрікпеспін, өлімнен де тайсалмау керек болса, Ресей үшін қанымды да ірікпеспін" — деген Иван Сусанин сөзі де оның өзгеше ерлігін көрсетеді. Поляктың Ресейдің елдігін жоғалтамыз деп келгенде өз басын құрбан етіп, отанына өзгеше еңбек еткен осы Сусанин еді.   Атақты Карпат соғысында орыс әскерлерінің ер атағын шығаруға себепші болған әскербасы Суворов атын да жұрт, отан ұмытқан жоқ. Бірінші Отан соғысында отан үшін жанын аямай алысқан әскербасы Кутузов6 аты да әлі күнге ардақты. Осы жандардың бәрінің жайын бүгінге, ұрпаққа жеткізуші Ресей патшаларының, буржуазияның тарихы емес. Жеткізуші халықтың өзі, сол халықтың жыр дастаны, әңгіме аңызы.   XIX ғасырдағы орыс әдебиеті әлденеше поэмалар, әңгімелер, романдар ішінде талай герой ұлдардың бейнелерін суреттеді. Пушкиннің "Полтава" деген әсерлі, ескек жырында отанның намысы мен амандығы үшін алысқан Бірінші Петр бейнесі соншалық зор, өзгеше боп суреттеледі.   Гогольдің әңгімесінде отан, халық үшін жанын салған Тарас Бульба бейнесі соншалық қаһарман, алып етіліп көрсетіледі. Жаулары мұны тұтқын етіп, отқа өртеп жатқанда дар басында таңулы тұрып, оның жалғыз ойы серіктерін құтқаруда болады. Өртеніп бара жатып ең соңғы қайратын жиып, өз батырларына айқай салып, жол нұсқайды. Халқын сүйген ерліктің бұл көрінісі анықталып қаһармандық еді.   Бірінші отан соғысының суреттерін тарих ізімен жазған уақытта Толстой да халықтың талай ер ұлдарын сипаттап өтеді. Міне осы қысқа тізімнің өзіне қарасаң да халық есінде қалған, әдебиетте ардақталған жандардың көп екенін көреміз. Кеше азамат соғысында аты шығып, халқына, отанына, осы күнге шейін сүйікті болған Чапаев, Щорс, Пархоменко, Амангелді сияқты отан батырлары жаңағыдай ертеде болған ерлердің батыр нәсілдері есепті.   Халық геройлығы мен көркем әдебиеттегі ерлік жырлары біздің социалистік әдебиет көлемінде әсіресе молайды. Капитализмнің бар діңгектерін батым соққан совет жолында жан аямауды жол еткен ұлы Горький социалистік жаңа әдебиеттің жолын бастады. Бұл күнге шейін көркем әдебиетте фашизмді оңдырмай ұрған, тарих үкімін өңменінен өткізе айтқан кісінің алды сол — Горький еді. Азамат соғысының заманынан бастап ұлы отанды қалдықсыз сүю турасында өр, өктем жырлар жаза бастаған Маяковский болатын.   Ешбір дүниеде, ешбір өткен тарих дәуірлерінде геройлық қасиет, дәл біздің отанымыздағы қасиеттелген емес. Сол себепті, бұрын емес, әлденеше бұрынның ерлерін совет халқы мақтан ете алады. Ол ерлерді туғызып, өсіріп, Сталин сұңқарлары етіп отырған біздің халық. Ерлеріміз болса аспанның да, мұхиттың да, жердің де жойқын ерлері.   Біздің ұлы халқымыздың сүйсініп сермеп, қуанып жырлайтын жырлары да осы ерлер жайында. Олар туралы талай кітаптар, романдар, әңгімелер, поэмалар, пьесалар туып жатыр. Осы көркем шығармалардың бәрінде де жекеше бір кісі ғана көрсетіліп қоймайды, оның көпке ортақ қасиеті қаһармандығын көрсететін өзгешеліктері кейіптеледі. Сонда әр геройдың қимылы герой халықтың бір араға жиылған өзгеше күшінде боп суреттеледі. Жаулармен бекем айқасқан фронттарда елдің жүздеп, мыңдап шығатын ер ұлдары туралы көркем туындылар берумен қатар, совет әдебиеті мен совет искусствосы тарихтағы геройлардың да аттарын ерекше қадірлейді, зор үлгі, өнеге есебінде совет көркем әдебиеті құртқа танытқан Богдан Хмельницкий аты бар. Сол сияқты соғысындағы, Севастополь соғысындағы ерлердің қайраты да совет әдебиеті арқылы әлемге мәлім болып отыр.   Қазіргі біздің социалистік әдебиетіміз ұлы одақтағы барлық туысқан халықтардың мол түрлі қаһармандық дастандары, жырларымен өзгеше молайып, байып отыр. Москвада болып өткен декадалардың бәрін еске алып Калинин жолдас сол даталардың зор мәнін айтты. Біздің халықтар әрбір декадасымен менің де өткен тарихына қара, сондағы геройлық қайраттарды көр деп отыр дейді. Ерте күндерден бастап осы елдердің бәрінің де өз отанын қорғаған ерлерін өзгеше сүйіп жырлағаны анық. Давид Сасунский, Жәңгір, Манас аттары, қазақтағы Едіге, Қобыланды аттары, бурятта Гэсэр аты қазір біздің жалпы одақ оқушыларына мәлім. Осының бәрі де жұрт қаһармандығының жиын образдары боп саналады. Өз халықтары отанының қорғаны есебінде соншалық қадір тұтып, осылардың еңбектерін жыр етіп, ол жырларын өз тарихының талай ауыр кезеңдерінен аман алып өтіп, ғасырлар бойы алтындай сақтағанда сол халықтардың бәрі де кейінгі ұрпаққа ерлікті өсиет етеді. Отанын өзгеше сүюді өсиет етеді. Тіпті көп, түбі бір социалистік мәдениетті жасап отырған туысқан елдердің барлық совет жазушылары да халықтың осы үлгісін өздеріне жол етеді.   Барлық біздің отанның жазушы - ақындарының шығармаларындағы идеялық көркемдік мазмұн бір жайды баян етеді. Бір ғана ұраны совет халқының және барлық еңбекші адам баласының күш-қуатын коммунист партиясының ұлы туының айналасына жию, дүние пролетариатының сүйікті данышпан көсемі жолдас Сталиннің айналасына жию.   Біздің әдебиетіміздің осы сапасы оның ерекше қасиетін танытады. Еңбекшілер отанын нығайту оның ең жоғарғы міндеті. Олай болса халқымыздың жиренішті жауы болған герман фашистеріне қарсы аяусыз майдан ашылып тұрған шақта, сол халқымыздың ерлігі мен ашуын білдіретін ақын сөзі, жазушы сөзі біздің алып отанның өжет, өктем құралының бірі болмақ.   Барлық өткен тарих біздің жағымызда, кешегі азамат соғысының геройлары мен одан бергі фронттардан отан жауларына біздің ерлер берген соққылар біздің әдебиетте өшпес орын алған. Тарихымызда, әдебиетімізде отан алдындағы ұлдарының азаматтық зор борышын айтады.   Жауды жеңуге біздің сеніміміз кәміл. Фашист қамқорлары мәңгі жоқ болады, оған біздің геройлық халқымыздың алып қайраты кепіл. Оған біздің отанның барлық асыл дәстүрлері кепіл.   Мұхтар Әуезов      

 

Көркем әдебиеттегі отансүйгіштік

 

Ұлы отанымыз қаскөй жаумен қатты алысып тұрған күндерде, ер қайраты отан үшін деген күндерде, көркем әдебиет тарихының кіші бір кезеңдерін шолып өту, еске алу керек. Өйткені көркем әдебиеттен осындай сын күндерде халықтың алып қайратын танытқан ұлы бейнелерін көреміз.

 

Отан сүю тақырыбы, халқын геройлықпен қорғау ұраны, барлық замандардағы халық әдебиетінде оның халық ақындары мен жазушыларының ең ардақты тақырыбы болған. Әдебиеттің ең мол саласы да осы мазмұнға арналады. Осы тақырып тұсында ауызша әдебиет пен жазба әдебиетінің желісі үзілмей жалғасады. Мысалы, ұлы орыс халқының мол арналы мәдениетті тарихына қарасақ, арғы-бергі замандарда шыққан отан ерлерінің әлденеше кесек тұлғаларын көреміз.

 

Ертегідей ескі замандардың өзінде де шет жаулардан отанын қорғаған халық батырлары Илья Муромец, Добрыня Никитич аттарын көп заман бойында елі, жұрты ұмытпай сүйсініп жырлаған.

 

Тағы бір соңдай көне күндерден қалған өшпес әсем жыр, отанын қорғаған ерлер туралы "Игорь полкы жайындағы сөз" деген ескерткіштен көрінеді.

 

Герой халық баяғы заманда немістен келген жауларды Чуд көлінде ойран еткен Александар Невский атын да жадында жақсы сақтаған. Ресейдің амандық, тыныштығын қас етіп келген тағы бір кезек жауларға ер соққысын берген Минин мен Пожарский аттары да мәңгі ардақты, асыл ат боп сақталып келеді.

 

"Қорқыныштан үрікпеспін, өлімнен де тайсалмау керек болса, Ресей үшін қанымды да ірікпеспін" — деген Иван Сусанин сөзі де оның өзгеше ерлігін көрсетеді. Поляктың Ресейдің елдігін жоғалтамыз деп келгенде өз басын құрбан етіп, отанына өзгеше еңбек еткен осы Сусанин еді.

 

Атақты Карпат соғысында орыс әскерлерінің ер атағын шығаруға себепші болған әскербасы Суворов атын да жұрт, отан ұмытқан жоқ. Бірінші Отан соғысында отан үшін жанын аямай алысқан әскербасы Кутузов6 аты да әлі күнге ардақты. Осы жандардың бәрінің жайын бүгінге, ұрпаққа жеткізуші Ресей патшаларының, буржуазияның тарихы емес. Жеткізуші халықтың өзі, сол халықтың жыр дастаны, әңгіме аңызы.

 

XIX ғасырдағы орыс әдебиеті әлденеше поэмалар, әңгімелер, романдар ішінде талай герой ұлдардың бейнелерін суреттеді. Пушкиннің "Полтава" деген әсерлі, ескек жырында отанның намысы мен амандығы үшін алысқан Бірінші Петр бейнесі соншалық зор, өзгеше боп суреттеледі.

 

Гогольдің әңгімесінде отан, халық үшін жанын салған Тарас Бульба бейнесі соншалық қаһарман, алып етіліп көрсетіледі. Жаулары мұны тұтқын етіп, отқа өртеп жатқанда дар басында таңулы тұрып, оның жалғыз ойы серіктерін құтқаруда болады. Өртеніп бара жатып ең соңғы қайратын жиып, өз батырларына айқай салып, жол нұсқайды. Халқын сүйген ерліктің бұл көрінісі анықталып қаһармандық еді.

 

Бірінші отан соғысының суреттерін тарих ізімен жазған уақытта Толстой да халықтың талай ер ұлдарын сипаттап өтеді. Міне осы қысқа тізімнің өзіне қарасаң да халық есінде қалған, әдебиетте ардақталған жандардың көп екенін көреміз. Кеше азамат соғысында аты шығып, халқына, отанына, осы күнге шейін сүйікті болған Чапаев, Щорс, Пархоменко, Амангелді сияқты отан батырлары жаңағыдай ертеде болған ерлердің батыр нәсілдері есепті.

 

Халық геройлығы мен көркем әдебиеттегі ерлік жырлары біздің социалистік әдебиет көлемінде әсіресе молайды. Капитализмнің бар діңгектерін батым соққан совет жолында жан аямауды жол еткен ұлы Горький социалистік жаңа әдебиеттің жолын бастады. Бұл күнге шейін көркем әдебиетте фашизмді оңдырмай ұрған, тарих үкімін өңменінен өткізе айтқан кісінің алды сол — Горький еді. Азамат соғысының заманынан бастап ұлы отанды қалдықсыз сүю турасында өр, өктем жырлар жаза бастаған Маяковский болатын.

 

Ешбір дүниеде, ешбір өткен тарих дәуірлерінде геройлық қасиет, дәл біздің отанымыздағы қасиеттелген емес. Сол себепті, бұрын емес, әлденеше бұрынның ерлерін совет халқы мақтан ете алады. Ол ерлерді туғызып, өсіріп, Сталин сұңқарлары етіп отырған біздің халық. Ерлеріміз болса аспанның да, мұхиттың да, жердің де жойқын ерлері.

 

Біздің ұлы халқымыздың сүйсініп сермеп, қуанып жырлайтын жырлары да осы ерлер жайында. Олар туралы талай кітаптар, романдар, әңгімелер, поэмалар, пьесалар туып жатыр. Осы көркем шығармалардың бәрінде де жекеше бір кісі ғана көрсетіліп қоймайды, оның көпке ортақ қасиеті қаһармандығын көрсететін өзгешеліктері кейіптеледі. Сонда әр геройдың қимылы герой халықтың бір араға жиылған өзгеше күшінде боп суреттеледі. Жаулармен бекем айқасқан фронттарда елдің жүздеп, мыңдап шығатын ер ұлдары туралы көркем туындылар берумен қатар, совет әдебиеті мен совет искусствосы тарихтағы геройлардың да аттарын ерекше қадірлейді, зор үлгі, өнеге есебінде совет көркем әдебиеті құртқа танытқан Богдан Хмельницкий аты бар. Сол сияқты соғысындағы, Севастополь соғысындағы ерлердің қайраты да совет әдебиеті арқылы әлемге мәлім болып отыр.

 

Қазіргі біздің социалистік әдебиетіміз ұлы одақтағы барлық туысқан халықтардың мол түрлі қаһармандық дастандары, жырларымен өзгеше молайып, байып отыр. Москвада болып өткен декадалардың бәрін еске алып Калинин жолдас сол даталардың зор мәнін айтты. Біздің халықтар әрбір декадасымен менің де өткен тарихына қара, сондағы геройлық қайраттарды көр деп отыр дейді. Ерте күндерден бастап осы елдердің бәрінің де өз отанын қорғаған ерлерін өзгеше сүйіп жырлағаны анық. Давид Сасунский, Жәңгір, Манас аттары, қазақтағы Едіге, Қобыланды аттары, бурятта Гэсэр аты қазір біздің жалпы одақ оқушыларына мәлім. Осының бәрі де жұрт қаһармандығының жиын образдары боп саналады. Өз халықтары отанының қорғаны есебінде соншалық қадір тұтып, осылардың еңбектерін жыр етіп, ол жырларын өз тарихының талай ауыр кезеңдерінен аман алып өтіп, ғасырлар бойы алтындай сақтағанда сол халықтардың бәрі де кейінгі ұрпаққа ерлікті өсиет етеді. Отанын өзгеше сүюді өсиет етеді. Тіпті көп, түбі бір социалистік мәдениетті жасап отырған туысқан елдердің барлық совет жазушылары да халықтың осы үлгісін өздеріне жол етеді.

 

Барлық біздің отанның жазушы - ақындарының шығармаларындағы идеялық көркемдік мазмұн бір жайды баян етеді. Бір ғана ұраны совет халқының және барлық еңбекші адам баласының күш-қуатын коммунист партиясының ұлы туының айналасына жию, дүние пролетариатының сүйікті данышпан көсемі жолдас Сталиннің айналасына жию.

 

Біздің әдебиетіміздің осы сапасы оның ерекше қасиетін танытады. Еңбекшілер отанын нығайту оның ең жоғарғы міндеті. Олай болса халқымыздың жиренішті жауы болған герман фашистеріне қарсы аяусыз майдан ашылып тұрған шақта, сол халқымыздың ерлігі мен ашуын білдіретін ақын сөзі, жазушы сөзі біздің алып отанның өжет, өктем құралының бірі болмақ.

 

Барлық өткен тарих біздің жағымызда, кешегі азамат соғысының геройлары мен одан бергі фронттардан отан жауларына біздің ерлер берген соққылар біздің әдебиетте өшпес

орын алған. Тарихымызда, әдебиетімізде отан алдындағы ұлдарының азаматтық зор борышын айтады.

 

Жауды жеңуге біздің сеніміміз кәміл. Фашист қамқорлары мәңгі жоқ болады, оған біздің геройлық халқымыздың алып қайраты кепіл. Оған біздің отанның барлық асыл дәстүрлері кепіл.

 

Мұхтар Әуезов

 

 

 

Ұқсас материалдар