Совет тұсында

04.12.2012 1696
  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Совет тұсында Жұмысшы мен шаруалар мемлекет тізгінін өз қолына алған Совет заманында салған жерден бәрін социализм фабригінен шығара алған жоқ. Әсіресе, ғасырлар бойы адам көкейіне шегендеп орнаған ескі салт-сананың қара көлеңкесін ықтырып, көңілге социализм шырағын жағуға — орасан үлкен еңбек, бірсыпыра уақыт керек. Сол салт-сана майданындағы ең қиынның бірі — драматургия еді. Сауатсыздар былай тұрсын, оқығандардың көбі пьеса жаза алмайды. Қазақтың еңбекші бұқарасы өкімет тізгінін өз қолына алғанда, үстем таптан шыққан аз ғана оқығандар түгіл, халық ішінде жалпы сауаттылардың саны да болмашы ғана еді. Тілесін-тілемесін, өзінде бар оқығандарсыз жаңа драматургияны жасауға жұмысшы мен шаруалардың халі жоқ-ты. Жұмысшыларға сананы, ғылымды ылғи біреу жасап беріп отырады деген сөз емес бұл. Жұмысшылардың өзі де жасайды. Бірақ, жұмысшы қалпында емес, саналы, оқымысты болып алып жасайтындығын Ленин ескертіп кеткен. Ленин ескерткен осы саналылық, оқымыстылыққа қазақ жұмысшылары мен шаруалары бірден жетпеді, бірте - бірте жетті. Оған дейін, революциядан бұрын оқып қалған азды-көпті, жақсылы-жаманды тәжірбиесі бар оқымыстылармен бірге істеуге тура келді. Қазақ совет драматургиясының бұл алғашқы дәуірі қомақтап алғанда 1930 жылға дейін созылды деуге болады. Енді осы екі араны бір шолып өтейік. Драматургияны тек оқығандар жасайды дедік. Қазақ оқығандарының ол кезде бұл күнгідей алды айқын емес-ті, социалистік санасы жетілмеген көз. Жаңа заманның ой - өрісін, тынысын әрқайсысы өзінше топшылап, келісе алмай үш топқа бөлінді. Бірінші топтың қарамы кіші, білім құралы шағын, бірақ талабы жоғары, рухы көтеріңкі, жаңа заманның атынан шабуыл жасаушы топ болды. Екінші топтың қарамы да, құралы да молырақ, бірақ, саясат майданында жеңіліп шығып, салт-сана майданында қарсы шабуыл жасаушы топ болды. Үшінші топ — аралықта. Таразының қай жағы басса, соған ауғалы тұр. Осы үш жағдайда, кескілескен салт-сана майданында, қазақ совет драматургиясының іргесі қалана бастады. 1926 жылы тұңғыш бет қазақтың мемлекеттік драма театры ашылды. Театрда 1930 жылға дейін қойылған пьесалардың бәрін бұл жерде жіпке тізіп тұрудың қажеті шамалы. Ал бір сөзбен сапасын айтсақ, екі қилы еді: бірінің сырты күптей, іші бос, Бірінің іші бар да сырты жоқ. Одан бері халықтың рухани тілегі, көркемөнерге көзқарасы, сұлулық ләззаты әлде қайда өсіп кетті, әлі де өсе бермек, өсе бермек деген сөз. Адам, астың әрі дәмді, әрі нәрлі болуын, киімнің әрі әдемі, әрі берік болуын көздейді, Әдебиет пен көркемөнер адамының рухани қорегі. Олай болса, ол кезде бірінің сырты, бірінің іші келмей жатқан себебі не? Бұл сұраққа кейбір білімпаздар, соның ішінде бірсыпыра «марксистер» барлық тағдыр экономикаға байланысты, ол қалай өзгерсе, бәрі солай өзгереді деп, оп-оңай жауап беріп жүрді. Бірақ әдебиет пен көркемөнер экономиканың әрдайым қосшысы емес, кейде басшысы да боп кетеді. Әсіресе, бұғаудан босанған арыстандай уытты, Совет заманында қиялай шауып, шыңға өрлеген социалист сана экономиканың алдын шолып, жолын көрсетпей қоя алған жоқ. Азамат соғысының сұрапылы басылып, халық бейбітшілік шуағында масайрап жүрсе де, салт-санадағы жұлқыс тыным алмады. Әсіресе, көркем әдебиет мәселесі күннен тура келеді. Мен, ендігі сөзімді драматургияда тақырып, образ, сөз бен пікір — деген үш салаға бөліп айтам.

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Совет тұсында

Жұмысшы мен шаруалар мемлекет тізгінін өз қолына алған Совет заманында салған жерден бәрін социализм фабригінен шығара алған жоқ. Әсіресе, ғасырлар бойы адам көкейіне шегендеп орнаған ескі салт-сананың қара көлеңкесін ықтырып, көңілге социализм шырағын жағуға — орасан үлкен еңбек, бірсыпыра уақыт керек. Сол салт-сана майданындағы ең қиынның бірі — драматургия еді.

Сауатсыздар былай тұрсын, оқығандардың көбі пьеса жаза алмайды. Қазақтың еңбекші бұқарасы өкімет тізгінін өз қолына алғанда, үстем таптан шыққан аз ғана оқығандар түгіл, халық ішінде жалпы сауаттылардың саны да болмашы ғана еді. Тілесін-тілемесін, өзінде бар оқығандарсыз жаңа драматургияны жасауға жұмысшы мен шаруалардың халі жоқ-ты.

Жұмысшыларға сананы, ғылымды ылғи біреу жасап беріп отырады деген сөз емес бұл. Жұмысшылардың өзі де жасайды. Бірақ, жұмысшы қалпында емес, саналы, оқымысты болып алып жасайтындығын Ленин ескертіп кеткен.

Ленин ескерткен осы саналылық, оқымыстылыққа қазақ жұмысшылары мен шаруалары бірден жетпеді, бірте - бірте жетті. Оған дейін, революциядан бұрын оқып қалған азды-көпті, жақсылы-жаманды тәжірбиесі бар оқымыстылармен бірге істеуге тура келді. Қазақ совет драматургиясының бұл алғашқы дәуірі қомақтап алғанда 1930 жылға дейін созылды деуге болады. Енді осы екі араны бір шолып өтейік.

Драматургияны тек оқығандар жасайды дедік. Қазақ оқығандарының ол кезде бұл күнгідей алды айқын емес-ті, социалистік санасы жетілмеген көз. Жаңа заманның ой - өрісін, тынысын әрқайсысы өзінше топшылап, келісе алмай үш топқа бөлінді.

Бірінші топтың қарамы кіші, білім құралы шағын, бірақ талабы жоғары, рухы көтеріңкі, жаңа заманның атынан шабуыл жасаушы топ болды.

Екінші топтың қарамы да, құралы да молырақ, бірақ, саясат майданында жеңіліп шығып, салт-сана майданында қарсы шабуыл жасаушы топ болды.

Үшінші топ — аралықта. Таразының қай жағы басса, соған ауғалы тұр.

Осы үш жағдайда, кескілескен салт-сана майданында, қазақ совет драматургиясының іргесі қалана бастады. 1926 жылы тұңғыш бет қазақтың мемлекеттік драма театры ашылды.

Театрда 1930 жылға дейін қойылған пьесалардың бәрін бұл жерде жіпке тізіп тұрудың қажеті шамалы. Ал бір сөзбен сапасын айтсақ, екі қилы еді: бірінің сырты күптей, іші бос, Бірінің іші бар да сырты жоқ. Одан бері халықтың рухани тілегі, көркемөнерге көзқарасы, сұлулық ләззаты әлде қайда өсіп кетті, әлі де өсе бермек, өсе бермек деген сөз. Адам, астың әрі дәмді, әрі нәрлі болуын, киімнің әрі әдемі, әрі берік болуын көздейді, Әдебиет пен көркемөнер адамының рухани қорегі. Олай болса, ол кезде бірінің сырты, бірінің іші келмей жатқан себебі не?

Бұл сұраққа кейбір білімпаздар, соның ішінде бірсыпыра «марксистер» барлық тағдыр экономикаға байланысты, ол қалай өзгерсе, бәрі солай өзгереді деп, оп-оңай жауап беріп жүрді.

Бірақ әдебиет пен көркемөнер экономиканың әрдайым қосшысы емес, кейде басшысы да боп кетеді. Әсіресе, бұғаудан босанған арыстандай уытты, Совет заманында қиялай шауып, шыңға өрлеген социалист сана экономиканың алдын шолып, жолын көрсетпей қоя алған жоқ.

Азамат соғысының сұрапылы басылып, халық бейбітшілік шуағында масайрап жүрсе де, салт-санадағы жұлқыс тыным алмады. Әсіресе, көркем әдебиет мәселесі күннен тура келеді. Мен, ендігі сөзімді драматургияда тақырып, образ, сөз бен пікір — деген үш салаға бөліп айтам.

Ұқсас материалдар