Табиғи жамағат

04.12.2012 3729
ТАБИҒИ ЖАМАҒАТ – 1927 ж. Үндістанда құрылған мұсылмандық миссионерлік қоғам. 1947 жылдан дүние жүзіне тарай бастады. Негізгі бағыты – діни дағуат, яғни дінге шақыру. Қозғалыс басты бес қағидаға негізделген. Ол бойынша ислам дініне шақыру – әрбір мұсылманның міндеті, олар табысы мен уақытын осыған арнауы қажет. Адамдарды күтіп отырмай, олардың арасына өздері барып, белсенді болуы керек. Басты мақсат – мұсылмандардың діни сенімін тереңдету, прозелитизм (басқа діндегілерді өз дініне шақыру) мұсылман еместерге өте сирек қолданылады. Мұсылмандық бірлікке шақыру іргелі мақсаттарының бірі; теол. тартыстарға тыйым салынған, сонымен қатар мүшелерінің саяси көзқарастары есепке алынбайды, өйткені бұл саяси емес діни ұйым болып табылады. Қоғамның негізін қалаушы Маулана Мухаммад Илиас Кандихлави (1885 – 1944) үндістандық сопылық Деобанд мектебінің идеологы болды. Ол діни сауаты шамалы мұсылман шаруаларды индуизм дініне тартуына қарсы Т. Ж. қозғалысын құрады. Қозғалыс алғашында медреселерді көбейтіп, оның әсері кем болған соң діни дәрежесі жоқ кезбе миссионерлер (таблигтар) арқылы исламдық сананы жандандыру әдісіне көшті. Олар бірнеше кісіден тұратын жамағаттарға бірігіп, аздаған білім алып, “есіктен есікке” қағидасы негізінде бірнеше күннен, бірнеше айға дейін болатын іссапарларға жіберілді. Осындай терең білімі жоқ, бірақ өте ынталы мұсылмандарды ұйымдастырып, Мухаммад Илияс қозғалыстың Үндістанның солт. және оңт. өңірлеріне (Панджаб, Карачи, Бхопал) орнығуына басшылық етті. Саяси шиеленістерді болдырмау үшін, мұсылман еместерге арналған прозелитизмге тыйым салынды. Оның ұлы және мұрагері Мухаммад Йусуф (1917 – 1965) тұсында бұл ағым 1946 – 51 ж. араб елдері және Түркияға, 1950 – 61 ж. Батыс елдеріне (АҚШ, Еуропаға) және Жапонияға, 1956 жылдарға дейін Африка және Оңт.-Шығыс Азия елдеріне тарады. Қозғалыс қазіргі таңда Батыс Қытай және Орт. Азия елдерінде белсенділік танытуда. Мухаммад Иусуф өлгеннен кейін белгісіз болып қалған Т. Ж. 1970 – 80 ж. қайта жанданды. Қазір жыл сайынғы Үндістан, Пәкстан, Бангладеште өткізілетін жиынға миллиондаған кісі жиналады. Батыс елдеріндегі әсіресе Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Канадада мұсылман иммигранттары үшін ең негізгі діни құрылым Т. Ж. болып табылады. Т. Ж. құрылымы – орталықтанған және құпия ұйым, Билік басы Кандихлави әулетінен. Низамуддинде (Дихли) үлкен ғимаратта орт. және баспасы бар, осы жерден діни әдебиет бүкіл әлемге таратылады. Басқа елдерде жұмыс жасайтын топтар осы орт-та арнайы дайындықтан өтеді. Әрбір елде Т. Ж. басшысы бар, ол өз тарапынан басқа да өлкелерге миссионерлер жібереді, осылайша әрбір қала, ауыл, топтарға дейін қамтылады. Бұл топтардың өз ішінде рухани иерархиясы бар. Олар өз ісінде жоғары өсуі үшін уақыты мен табысының бір бөлігін осы миссионерлік іске жұмсауы қажет. Сонда ғана оларға қозғалыстың ішкі құрылымына кіруге рұқсат етіледі.   Т. Ж-тың кең таралу кезеңі уаххабшылық қозғалыспен өзара байланыстар орнатуымен сәйкес келеді. Бұл ұйымның миссионерлері сапар қаражатын өз қалтасынан жабу қажеттігіне қарамастан, алыс-елдердің жол қаражатын уаххабшылар тарапынан қамтамасыз етіледі. Олар барған жерлерінде уаххабшылар қаржыландырып отырған мешіттерге тоқтап, қызметтерін жүргізіп отырады. Ұйым мүшелері жылына 40-күн, айына 3-күн, жетінің екі күнінің жартысын және екі сағат ұйым жұмысына қатысуға міндетті. Сонымен қатар олар күнделікті бес мезгіл намазды жібермеуі тиіс. Жаңадан енген уағызшылардың қабілеттерін Т. Ж-тың Райвиндтегі (Пәкстан) орт-нда дайындықтан өткізеді. Діни әдебиет Мухаммад Закарина Кандхалави (1898 – 1982) жазған тоғыз кітаптан тұрады. Бұл кітаптар урду және ағылшын тілінде басылып кейін араб және француз тілдеріне аударылған. Бұл қозғалыс ханафи суннашылдыққа негізделген. Қазіргі Т. Ж-тың саяси талпыныстары маңызды мәселе ретінде көтеріліп тұр. Бұл ұйым басында сопылық түрде болғанымен кейіннен сектаға жақындаған. Ол қомақты әлемдік күш болып саналады, өйткені өз ілімдеріне миллиондаған адамдарды тартып отыр.   Ә. Муминов

ТАБИҒИ ЖАМАҒАТ – 1927 ж. Үндістанда құрылған мұсылмандық миссионерлік қоғам. 1947 жылдан дүние жүзіне тарай бастады. Негізгі бағыты – діни дағуат, яғни дінге шақыру. Қозғалыс басты бес қағидаға негізделген. Ол бойынша ислам дініне шақыру – әрбір мұсылманның міндеті, олар табысы мен уақытын осыған арнауы қажет. Адамдарды күтіп отырмай, олардың арасына өздері барып, белсенді болуы керек. Басты мақсат – мұсылмандардың діни сенімін тереңдету, прозелитизм (басқа діндегілерді өз дініне шақыру) мұсылман еместерге өте сирек қолданылады. Мұсылмандық бірлікке шақыру іргелі мақсаттарының бірі; теол. тартыстарға тыйым салынған, сонымен қатар мүшелерінің саяси көзқарастары есепке алынбайды, өйткені бұл саяси емес діни ұйым болып табылады. Қоғамның негізін қалаушы Маулана Мухаммад Илиас Кандихлави (1885 – 1944) үндістандық сопылық Деобанд мектебінің идеологы болды. Ол діни сауаты шамалы мұсылман шаруаларды индуизм дініне тартуына қарсы Т. Ж. қозғалысын құрады. Қозғалыс алғашында медреселерді көбейтіп, оның әсері кем болған соң діни дәрежесі жоқ кезбе миссионерлер (таблигтар) арқылы исламдық сананы жандандыру әдісіне көшті. Олар бірнеше кісіден тұратын жамағаттарға бірігіп, аздаған білім алып, “есіктен есікке” қағидасы негізінде бірнеше күннен, бірнеше айға дейін болатын іссапарларға жіберілді. Осындай терең білімі жоқ, бірақ өте ынталы мұсылмандарды ұйымдастырып, Мухаммад Илияс қозғалыстың Үндістанның солт. және оңт. өңірлеріне (Панджаб, Карачи, Бхопал) орнығуына басшылық етті. Саяси шиеленістерді болдырмау үшін, мұсылман еместерге арналған прозелитизмге тыйым салынды. Оның ұлы және мұрагері Мухаммад Йусуф (1917 – 1965) тұсында бұл ағым 1946 – 51 ж. араб елдері және Түркияға, 1950 – 61 ж. Батыс елдеріне (АҚШ, Еуропаға) және Жапонияға, 1956 жылдарға дейін Африка және Оңт.-Шығыс Азия елдеріне тарады. Қозғалыс қазіргі таңда Батыс Қытай және Орт. Азия елдерінде белсенділік танытуда. Мухаммад Иусуф өлгеннен кейін белгісіз болып қалған Т. Ж. 1970 – 80 ж. қайта жанданды. Қазір жыл сайынғы Үндістан, Пәкстан, Бангладеште өткізілетін жиынға миллиондаған кісі жиналады. Батыс елдеріндегі әсіресе Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Канадада мұсылман иммигранттары үшін ең негізгі діни құрылым Т. Ж. болып табылады.

Т. Ж. құрылымы – орталықтанған және құпия ұйым, Билік басы Кандихлави әулетінен. Низамуддинде (Дихли) үлкен ғимаратта орт. және баспасы бар, осы жерден діни әдебиет бүкіл әлемге таратылады. Басқа елдерде жұмыс жасайтын топтар осы орт-та арнайы дайындықтан өтеді. Әрбір елде Т. Ж. басшысы бар, ол өз тарапынан басқа да өлкелерге миссионерлер жібереді, осылайша әрбір қала, ауыл, топтарға дейін қамтылады. Бұл топтардың өз ішінде рухани иерархиясы бар. Олар өз ісінде жоғары өсуі үшін уақыты мен табысының бір бөлігін осы миссионерлік іске жұмсауы қажет. Сонда ғана оларға қозғалыстың ішкі құрылымына кіруге рұқсат етіледі.  

Т. Ж-тың кең таралу кезеңі уаххабшылық қозғалыспен өзара байланыстар орнатуымен сәйкес келеді. Бұл ұйымның миссионерлері сапар қаражатын өз қалтасынан жабу қажеттігіне қарамастан, алыс-елдердің жол қаражатын уаххабшылар тарапынан қамтамасыз етіледі. Олар барған жерлерінде уаххабшылар қаржыландырып отырған мешіттерге тоқтап, қызметтерін жүргізіп отырады. Ұйым мүшелері жылына 40-күн, айына 3-күн, жетінің екі күнінің жартысын және екі сағат ұйым жұмысына қатысуға міндетті. Сонымен қатар олар күнделікті бес мезгіл намазды жібермеуі тиіс. Жаңадан енген уағызшылардың қабілеттерін Т. Ж-тың Райвиндтегі (Пәкстан) орт-нда дайындықтан өткізеді. Діни әдебиет Мухаммад Закарина Кандхалави (1898 – 1982) жазған тоғыз кітаптан тұрады. Бұл кітаптар урду және ағылшын тілінде басылып кейін араб және француз тілдеріне аударылған. Бұл қозғалыс ханафи суннашылдыққа негізделген. Қазіргі Т. Ж-тың саяси талпыныстары маңызды мәселе ретінде көтеріліп тұр. Бұл ұйым басында сопылық түрде болғанымен кейіннен сектаға жақындаған. Ол қомақты әлемдік күш болып саналады, өйткені өз ілімдеріне миллиондаған адамдарды тартып отыр.
 
Ә. Муминов

Ұқсас материалдар