Амазона

04.12.2012 14001
  Амазона — Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі Висенте Пинсон ашқан. Өзен арнасымен 1541 ж. алғаш рет испан конкистадоры Франсиско де Орельяна (1541) саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м2, ұзындығы Укаяли  бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонаның (ағылшынша Amasonas) негізгі ағысы экватор мен 50 оңтүстік ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлшері 1500 – 3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң өзен Амазона ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өзенімен қосылып, Ұлы Амазона өзені басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км2). Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500 – 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өзендері қосылғаннан соң оның арнасының ені 2 км, орта ағысында 5 км, сағасында 80 – 150 км-ге жетеді; суының тереңдігі орта ағысында 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал сағасында 15 — 45 м-ге дейін барады. Амазонаның салалары бір-бірінен тек мөлшері мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық  режимі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады. Оңтүстік салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында Амазонаның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 м3/с ал орташа жылдық ағындысының көлемі  5520 км3 шамасында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-ы осы өзеннің үлесіне тиеді. Амазона өсімдік және жануарлар әлеміне өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы сағасынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) жүзетін болса, сағасынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қаласына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонаның энергетикалық  мүмкіндігі өте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды.