Бесшатыр обаларының архитектура және құрылыс техникасы

04.12.2012 14085
  Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның ез ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымнын солтүстік- шығыс жағындағы 5 шакырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай терт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағындағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау жатыр. Қорымның тңірегіндегі бұл құрылыстардың орналасуы, олардың сыртқы түрі, кұрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық салынған қоршаулар — Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі объектіні толықты- ратын сияқты. Бесшатыр кешені Іле өзенінің аңғарында мекендеген Жетісу сактарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр патшалық обалары орналасқан жерге сақтар ғасырлар бойы келіп табынып, сансыз көп кұрбандықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр түрлі діни жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындарға менгирлер мен қойтастардан үлкен қоршаулар тұрғызылған. Бесшатыр корымының барлық обаларына — үлкендері мен орташаларынада, кішілерінеде біркелкілік тән, олар тастар мен ірі қиыршық тастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді), етегіне тас тығыз қиюластырып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі — үйінділер етегіндегі ордың терең болуы, обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде, жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата қылу, құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырылып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек. Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен обасы құрылыстың екі түрінен: сырткы және ішкі түрлерінен тұрады. Сыртқы құрылыс — тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер төңірегіндегі менгирлер мен қойтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі қабатында орнатылған сияқты жалпақтебелі үшкіл үйінді. Үйінді архитекту- расында жер астына түсетін ор және ішкі кұрылыстары — ағаш қабір мен куыстар маңызды ескерткіштер болып табылады. Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар салынғанға дейін-ақ архитектуралық-құрылыс тәсілдері мен түрлері: төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш өндеу дағдылары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ орныққанын дәлел- дейді. Мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қора-қопсылар салу кезінде де жинакталған болса керек. Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерін мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды бүлінбейтіндей (тонамайтын) ету ғана емес, сонымен бірге «мәңгі» тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш өзінің көлемі жағынан көсемнің күдіреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды. Бесшатыр обалары өздерінің көрнектілігімен зор эсер қалдырады. Үлкен обаны түрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ, тас, қиыр- шықтас пайдаланылған, ал оның үстіне қорымнан 3 шақырым жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақтатастар мен қойтастар тасып әкелінген. Оба үйінділерін стратиграфиялық зерттеу бұл үлкен қорғандардың әрқайсысы тастар мен топырақты жөн-жосықсыз текшелеу ғана емес, қайта құрылымы алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенін көрсетеді. Топырақтың көп кабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш құрылыска қажетгі микроклимат қалыптастырып, ескерткіш-обаның өз сынын ұзақ уақыт сақ- тауына да әсер еткен. Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына кабір құрылыстарының әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына — боренелерден тұрғызылған қабір, киіз үй тәрізді бейіт, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұнқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. 14-ші обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс. Бесшатыр кұрылыстарын салуға кажетті боренелер оба орналаскан орыннан шамамен 200—250 шакырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Ала- тауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген, бұтактары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кертпелер арқылы оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған. Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өңдеу сан алуан шоттар, кашаулар, үскілер, қола шапашоттармен жүргізілген болса керек. Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақтайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көпжылдық тәжірибенін, жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары «таза» көшпелі болған жоқ, олар жылдың жьшы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, камыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған  

Ұқсас материалдар