Көшпенділер саудасы

04.12.2012 3602
Көшпенділер саудасы Көшпенділер саудасы — сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шықкан. Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді және атап айтқанда, қолға түсірілген олжаны сатуга мүмкіндік берді. 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды. Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды. Соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын. Халықаралық сауда қатынастары Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Нева- кет, Дех-Нуджикет қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асырыл- ды. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталыгы Тараз болды, ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді. Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI - VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталады, олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды.  

Көшпенділер саудасы

Көшпенділер саудасы — сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шықкан.
Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді және атап айтқанда, қолға түсірілген олжаны сатуга мүмкіндік берді. 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды. Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды.
Соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын.
Халықаралық сауда қатынастары
Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Нева- кет, Дех-Нуджикет қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асырыл- ды. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталыгы Тараз болды, ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.

Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI - VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталады, олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды.