Смайылов Камал Сейітжанұлы

04.12.2012 7760
Смайылов Камал Сейітжанұлы (24.4.1932, Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Сарлық а. – 25.6.2003, Алматы) – жазушы-публицист, мемлекет қайраткері, кинотанушы, өнертану ғыл. канд. (1975), проф. (2000). 1954 ж. қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін бітірген. Еңбек жолын 1954 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің редакциясында бастаған. “Білім және еңбек” журналының тұңғыш редакторы (1960 – 62), Қазақстан комсомолы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы (1971 – 73), ІКСР мемл. кино к-тінің төрағасы (1973 – 77), Республика Министрлер кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1977 – 80), ІКСР мемл. телерадио к-ті төрағасының орынбасары, төрағасы (1980 – 86), Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1986 – 88), “Парасат”, “Қазақстан коммунисі” (“Ақиқат”) журналдарының бас редакторы (1988 – 93), Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы (1993 – 96) сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Ол Т.Жүргенов атынд. Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, проф. Кино теориясы мен тарих кафедрасының меңгерушісі болды (1996 – 2003). С. қандай қызметте болса да өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, жастарды жақсы іске, жаңалыққа үндеді. Жас дарын иелеріне берілетін республика комсомол ұйымының сыйлығы С-тың ұсынысымен өмірге келді. Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры” кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды. С. басқарған тұста Қазақфильм киностудиясы “Әкелер жері”, “Ән қанатында”, “Артымызда Москва”, “Тақиялы періште”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Мәншүк туралы ән”, “Шоқ пен шер”, “Көксерек”, “Транссібір экспресі”, т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты. С. қазақ теледидарында көп сериялы “Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында” фильмін өмірге әкелді. “Алатау” жаңа каналы ашылып, “Айтыс”, “Терме”, “Шабыт”, “Халық таланттары”, “Асыл мұра” топтама хабарлары, көпшілікке арналған “Тамаша” бағдарламасы тұрғындардың сүйіспеншілігіне бөленді. Халықар. көлемдегі “Алматы достарды қарсы алады”, “Медеу жұлдыздары”, “Азия дауысы” муз.-сахналық бағдарламалары авторларының бірі болды. С-тың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді, 3 томдық шығармалар жинағы баспадан шықты (2003). С. 9 – 11-шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің, 12-шақырылған ҚР-ның халық депутаты болып сайланды. Ол С.Сейфуллин атынд. әдебиет сыйл-ның (1984), экон. ынтымақтастық ұйымының білім саласындағы халықар. сыйл-ның (алтын медаль қоса тапсырылды, 2002), Т.Ахтанов атынд. қазақ пен клубының (2002), “Алтын Адам – жыл адамы” фестивалі байқауының “Қазақстанның 2003 жылғы патриоты” сыйл-ның иегері. Екі рет “Құрмет белгісі” орденімен (1971, 1976), бірнеше медаль, грамоталармен марапатталған. Әдеб.: Сердәлі Б. , “Ұлы журналистиканың ұлықпаны”, А., 2002; “Сан қырлы тұлға – Многранный мир Камала Смаилова”, қазақ, орыс тілдерінде, А., 2005. Н. Шманова, Т. Рсаев

Смайылов Камал Сейітжанұлы (24.4.1932, Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Сарлық а. – 25.6.2003, Алматы) – жазушы-публицист, мемлекет қайраткері, кинотанушы, өнертану ғыл. канд. (1975), проф. (2000). 1954 ж. қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін бітірген. Еңбек жолын 1954 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің редакциясында бастаған. “Білім және еңбек” журналының тұңғыш редакторы (1960 – 62), Қазақстан комсомолы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы (1971 – 73), ІКСР мемл. кино к-тінің төрағасы (1973 – 77), Республика Министрлер кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1977 – 80), ІКСР мемл. телерадио к-ті төрағасының орынбасары, төрағасы (1980 – 86), Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1986 – 88), “Парасат”, “Қазақстан коммунисі” (“Ақиқат”) журналдарының бас редакторы (1988 – 93), Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы (1993 – 96) сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Ол Т.Жүргенов атынд. Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, проф. Кино теориясы мен тарих кафедрасының меңгерушісі болды (1996 – 2003). С. қандай қызметте болса да өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, жастарды жақсы іске, жаңалыққа үндеді. Жас дарын иелеріне берілетін республика комсомол ұйымының сыйлығы С-тың ұсынысымен өмірге келді. Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры” кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды. С. басқарған тұста Қазақфильм киностудиясы “Әкелер жері”, “Ән қанатында”, “Артымызда Москва”, “Тақиялы періште”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Мәншүк туралы ән”, “Шоқ пен шер”, “Көксерек”, “Транссібір экспресі”, т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты. С. қазақ теледидарында көп сериялы “Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында” фильмін өмірге әкелді. “Алатау” жаңа каналы ашылып, “Айтыс”, “Терме”, “Шабыт”, “Халық таланттары”, “Асыл мұра” топтама хабарлары, көпшілікке арналған “Тамаша” бағдарламасы тұрғындардың сүйіспеншілігіне бөленді. Халықар. көлемдегі “Алматы достарды қарсы алады”, “Медеу жұлдыздары”, “Азия дауысы” муз.-сахналық бағдарламалары авторларының бірі болды. С-тың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді, 3 томдық шығармалар жинағы баспадан шықты (2003). С. 9 – 11-шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің, 12-шақырылған ҚР-ның халық депутаты болып сайланды. Ол С.Сейфуллин атынд. әдебиет сыйл-ның (1984), экон. ынтымақтастық ұйымының білім саласындағы халықар. сыйл-ның (алтын медаль қоса тапсырылды, 2002), Т.Ахтанов атынд. қазақ пен клубының (2002), “Алтын Адам – жыл адамы” фестивалі байқауының “Қазақстанның 2003 жылғы патриоты” сыйл-ның иегері. Екі рет “Құрмет белгісі” орденімен (1971, 1976), бірнеше медаль, грамоталармен марапатталған.

Әдеб.: Сердәлі Б. , “Ұлы журналистиканың ұлықпаны”, А., 2002; “Сан қырлы тұлға – Многранный мир Камала Смаилова”, қазақ, орыс тілдерінде, А., 2005.
Н. Шманова, Т. Рсаев