Ми

04.12.2012 6520
Ми (cerebrum) – организмнің барлық тіршілік функцияларының, оның ішінде жоғары жүйке қызметінің, ал адамдарда – психикалық функцияның және ойлаудың реттелуін қамтамасыз етіп отыратын адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесінің орталық бөлімі. М. Бассүйек ішінде орналасқан, сыртынан қарағанда оның үш ірі бөліктері: үлкен ми сыңарлары, мишық және ми сабауы (бағанасы) бар. Жалпы М. Бес бөліктен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, артқы (мишық, көпір) және сопақша М-дан тұрады. Алдыңғы М. Мен мишықтан басқа жоғарыда аталған бөліктер М. Сабауын (бағанасын) түзеді. Жүйке жүйесі эвол. Даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда М. Пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. М. Филогенездік І кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эвол. Даму барысында (ІІ кезең) М. Екіге: сопақша М. Мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша М. Мен артқы М-да тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. Орталықтары пайда болады. ІІ кезеңде (тіпті балықтарда да) көру рецепторының әсерінен ортаңғы М. Күштірек дамиды. ІІІ кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы М. Дами бастайды. Одан әрі алдыңғы М-дың көлемі ұлғайып аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Орт. Жүйке жүйесінің жоғ. Бөлімі ретінде соңғы мида сезімталдықтың барлық түрлері үшін орталықтар пайда болады. Алайда төмен жатқан орталықтар жойылып кетпей, жоғ. Қабаттарға бағынышты күйі сақталды. Демек, М. Дамуының әрбір жаңа кезеңінде ескі орталықтарды өзіне бағындыратын жаңа орталықтар пайда болды. Соның нәтижесінде ең алғаш артқы мида пайда болған есту орталықтары – ортаңғы және алдыңғы мида да, ортаңғы мида пайда болған көру орталықтары – алдыңғы мида, иіс сезу орталықтары тек алдыңғы мида пайда болады. М. Қыртысы жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эвол. Дамуы барысында М. Қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, М. Қызметі біртіндеп М. Қыртысына ауысты. Жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыру үшін қажетті құрылым М. Сыңарларының бетінде орналасып, филогенез процесі барысында алты қабатты құрылымға ие болып, ол жаңа қыртыс деп аталады. Адамда мидың одан әрі қарай дамуы – оның әлеум. Табиғатымен байланысты заңдылықтарға бағынады. Сыртқы дүниенің түрлі тітіркендіргіштерін қабылдайтын және жануарларға тән нақтылы-көрнекті ойлаудың материалдық субстратын құрайтын анализаторлардан (И.П. Павлов бойынша 1-сигналдық жүйе) басқа адамға, алдымен естілетін (ауызша), одан кейін көрінетін (жазба) сөздің көмегімен ойлау қабілеті пайда болды. Бұл дамып келе жатқан жануарлар дүниесінде 2-сигналдық жүйені (И.Павлов бойынша “жүйке қызметі механизмінің тікелей қосымшасы”) құрады. 2-сигналдық жүйенің материалдық субстраты жаңа қыртыстың беткі қабаттары. Сондықтан алдыңғы мидың қыртысы адамда жақсы дамыған. Адам миының салм. 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көл. – 1456 см3, аум. 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мыс., дарындылығы деңгейлес екі жазушы – И.С. Тургеневтің миының салм. – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салм. 1017 г. Ал, қазірге дейінгі белгілі ең ауыр ми (2850 г) эпилепсиямен ауыратын 21 жасар науқастан анықталған. Б. Шәкенов  

Ми (cerebrum) – организмнің барлық тіршілік функцияларының, оның ішінде жоғары жүйке қызметінің, ал адамдарда – психикалық функцияның және ойлаудың реттелуін қамтамасыз етіп отыратын адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесінің орталық бөлімі. М. Бассүйек ішінде орналасқан, сыртынан қарағанда оның үш ірі бөліктері: үлкен ми сыңарлары, мишық және ми сабауы (бағанасы) бар. Жалпы М. Бес бөліктен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, артқы (мишық, көпір) және сопақша М-дан тұрады. Алдыңғы М. Мен мишықтан басқа жоғарыда аталған бөліктер М. Сабауын (бағанасын) түзеді. Жүйке жүйесі эвол. Даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда М. Пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. М. Филогенездік І кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эвол. Даму барысында (ІІ кезең) М. Екіге: сопақша М. Мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша М. Мен артқы М-да тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. Орталықтары пайда болады. ІІ кезеңде (тіпті балықтарда да) көру рецепторының әсерінен ортаңғы М. Күштірек дамиды. ІІІ кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы М. Дами бастайды. Одан әрі алдыңғы М-дың көлемі ұлғайып аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Орт. Жүйке жүйесінің жоғ. Бөлімі ретінде соңғы мида сезімталдықтың барлық түрлері үшін орталықтар пайда болады. Алайда төмен жатқан орталықтар жойылып кетпей, жоғ. Қабаттарға бағынышты күйі сақталды. Демек, М. Дамуының әрбір жаңа кезеңінде ескі орталықтарды өзіне бағындыратын жаңа орталықтар пайда болды. Соның нәтижесінде ең алғаш артқы мида пайда болған есту орталықтары – ортаңғы және алдыңғы мида да, ортаңғы мида пайда болған көру орталықтары – алдыңғы мида, иіс сезу орталықтары тек алдыңғы мида пайда болады. М. Қыртысы жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эвол. Дамуы барысында М. Қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, М. Қызметі біртіндеп М. Қыртысына ауысты. Жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыру үшін қажетті құрылым М. Сыңарларының бетінде орналасып, филогенез процесі барысында алты қабатты құрылымға ие болып, ол жаңа қыртыс деп аталады. Адамда мидың одан әрі қарай дамуы – оның әлеум. Табиғатымен байланысты заңдылықтарға бағынады. Сыртқы дүниенің түрлі тітіркендіргіштерін қабылдайтын және жануарларға тән нақтылы-көрнекті ойлаудың материалдық субстратын құрайтын анализаторлардан (И.П. Павлов бойынша 1-сигналдық жүйе) басқа адамға, алдымен естілетін (ауызша), одан кейін көрінетін (жазба) сөздің көмегімен ойлау қабілеті пайда болды. Бұл дамып келе жатқан жануарлар дүниесінде 2-сигналдық жүйені (И.Павлов бойынша “жүйке қызметі механизмінің тікелей қосымшасы”) құрады. 2-сигналдық жүйенің материалдық субстраты жаңа қыртыстың беткі қабаттары. Сондықтан алдыңғы мидың қыртысы адамда жақсы дамыған. Адам миының салм. 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көл. – 1456 см3, аум. 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мыс., дарындылығы деңгейлес екі жазушы – И.С. Тургеневтің миының салм. – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салм. 1017 г. Ал, қазірге дейінгі белгілі ең ауыр ми (2850 г) эпилепсиямен ауыратын 21 жасар науқастан анықталған.
Б. Шәкенов
 

Ұқсас материалдар