Әдіс

04.12.2012 23765
  Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Бақылау әдісі Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу. Бақылау құралдары: • оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау; • тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу; • оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары. Байқап көру мен қателер әдісі Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі. Жобалар әдісі Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған. Рейтинг әдісі Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады. Басқару әдісі Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы. Білім берудегі әдістеме Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау. Әдістемелік жұмыс Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді. Әдістемелік жұмыс мақсаты • оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру; • педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру; • педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау. Ғылым әдіснамасы Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын, білімді негіздеу және дамыту тәсілдерін зерттейтін ғылымтанудың бөлігі. Педагогика әдіснамасы Педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол: • педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың; • құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды; • әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды; • педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді. Тәрбие әдістері Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы. Ұлттық психиканы зерттеу әдістері Адамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары: • бақылау; • эксперимент; • әңгімелесу; • сұрақтар қою; • іс нәтижесін талдап-жинастыру; • "тән қасиеттерін сұрыптау" және "ерікті суреттеу" әдістері; • этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері; • модель жасау әдісі және т.б. Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы. Мәселе-латынша міндет,тапсырма.Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну.Мысалы,балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін.Алайда,мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес,себебі мәселе шешудің мол әдістері бар. Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым,алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі.Өзгеше айтқанда,рейтинг-қосалқы бақылау әдісі.Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адмның кейбір қасиеттерін бағалау үшін "сотқа" жүгіну. Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі.Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын(қабілеттілігі,ұжымдағы қатынасы,кәсіби ерекшеліктері,т.б.)анықтауда,оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады. Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі,өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы. Аннотация-мәтіндердің,кітаптардың,қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы;мәтіндерде берілген ойлардың,бағалардың,автордың қорытындыларының маңызын ашу. Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар,сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар,оқиғалар т.б.туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау. Этникалық стереотиптерді зерттеудің әдістері Этникалық қауымдастықтар туралы тұрақты құндылықтар бағыты, ұстанымдар, түсініктер (шынайы не бұрмаланған) және олар туралы түсініктер психологиясы. Педагогикалық зерттеу әдістері Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады: • байқау (бағалау шкалаларын қолданумен); • педагогикалық тәжірибені жалпылау; • эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық); • сауалнама жургізу; • интервью жүргізу; • педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу; • жобалық әдістер; • тестілеу; • ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар; • шкалалау т.б. Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар: • анализ; • синтез; • индукция; • дедукция; • модельдеу; • ой эксперименті; • формализация әдісі т.б. Бағыттандырылмаған байланыс әдісі Әлеуметтік педагогиканың бейімделмеген, психикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балалармен және жеткіншектермен жұмыста қолданылатын әдісі. Оны іске асырғанда баланың проблемасының мәнін түсіну мен оларды шешудің жолдарын анықтау үшін метафоралар, түрлі оқиғалар, сиқырлы ертегілер, мақал-мәтелдер т.б. қолданылады.  

 

Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Бақылау әдісі
Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.
Бақылау құралдары:
• оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
• тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;
• оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары.
Байқап көру мен қателер әдісі
Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.
Жобалар әдісі
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.
Рейтинг әдісі
Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.
Басқару әдісі
Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы.
Білім берудегі әдістеме
Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау.
Әдістемелік жұмыс
Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді.
Әдістемелік жұмыс мақсаты
• оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру;
• педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру;
• педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау.
Ғылым әдіснамасы
Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын, білімді негіздеу және дамыту тәсілдерін зерттейтін ғылымтанудың бөлігі.
Педагогика әдіснамасы
Педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:
• педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың;
• құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды;
• әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;
• педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді.
Тәрбие әдістері
Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.
Ұлттық психиканы зерттеу әдістері
Адамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары:
• бақылау;
• эксперимент;
• әңгімелесу;
• сұрақтар қою;
• іс нәтижесін талдап-жинастыру;
• "тән қасиеттерін сұрыптау" және "ерікті суреттеу" әдістері;
• этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері;
• модель жасау әдісі және т.б.
Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы.
Мәселе-латынша міндет,тапсырма.Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну.Мысалы,балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін.Алайда,мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес,себебі мәселе шешудің мол әдістері бар.
Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым,алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір.
Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі.Өзгеше айтқанда,рейтинг-қосалқы бақылау әдісі.Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адмның кейбір қасиеттерін бағалау үшін "сотқа" жүгіну.
Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі.Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын(қабілеттілігі,ұжымдағы қатынасы,кәсіби ерекшеліктері,т.б.)анықтауда,оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады.
Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі,өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.
Аннотация-мәтіндердің,кітаптардың,қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы;мәтіндерде берілген ойлардың,бағалардың,автордың қорытындыларының маңызын ашу.
Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар,сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар,оқиғалар т.б.туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
Этникалық стереотиптерді зерттеудің әдістері
Этникалық қауымдастықтар туралы тұрақты құндылықтар бағыты, ұстанымдар, түсініктер (шынайы не бұрмаланған) және олар туралы түсініктер психологиясы.
Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:
• байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
• педагогикалық тәжірибені жалпылау;
• эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
• сауалнама жургізу;
• интервью жүргізу;
• педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
• жобалық әдістер;
• тестілеу;
• ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
• шкалалау т.б.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:
• анализ;
• синтез;
• индукция;
• дедукция;
• модельдеу;
• ой эксперименті;
• формализация әдісі т.б.
Бағыттандырылмаған байланыс әдісі
Әлеуметтік педагогиканың бейімделмеген, психикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балалармен және жеткіншектермен жұмыста қолданылатын әдісі. Оны іске асырғанда баланың проблемасының мәнін түсіну мен оларды шешудің жолдарын анықтау үшін метафоралар, түрлі оқиғалар, сиқырлы ертегілер, мақал-мәтелдер т.б. қолданылады.

 

Ұқсас материалдар