Кей пьесалар туралы пікірлерім

04.12.2012 2575
  Кей пьесалар туралы пікірлерім 1. "Жорық" туралы "Жорық" қызық пьеса боламын дейді. Мақсұты мен мазмұны соны түйін қылыш ұстанған. Өзінше сайтаны мол демоническая натура шығатын бір жазушының сол идеясын ақтағандай болады. Кіндік тақырып осының басы мен ісі бар пьесадағы драмалық тартыс (драмат, борьба) түрін қалайтын өзгеріс (перипетейные перелом) әңгіменің өрістеп өскелеңдеуі (нарастание) барлығы да осы бір-ақ адамның басына байланған. Өзгенің бәрін, сол адамдардың халдарын алсақ — мынаған берілген жалпы фон есепті ғана боларлық, волевое устремление шын нәрсені өзгертпейді... Зауыр ортамен алысушы ғана, бірақ Зауыр қалай төңкерілсе, барлық оқиға, барлық драмалық хал (интрига), тартыс та солай тұтасымен жөңкіле берді. Зауырдың өзін алсақ, негізінде ол құр ғана злодей. Бұның төркіні Еуропаның бағы заманнан бергі ұрылар әңгімесі детективный романтика пьесалары. Біздің жазушы қызық әңгіме құрам деп, сондай саптан мінезді адамдарды іздегенде Қазихан образы жаңағы епті ер, сұрқия ұрыға кездескен. Ол адамды қазаққа таман жақындату үшін ұзын татар қылған, бірақ татар топырағына көшіргенмен, бұл кейіпкерді қазаққа түсінікті қылам деп, бірталай зорлықты керек қылатын сияқты. Екінші заманға біздік заманның актуальный шарттарына жақындатамын дегендіктен, оның қарсысына, айналасына кеңес қызметкерлерін, ортақшыларды қосып, істері партизан соғысын мезгілінде кеп меңгермеген. Бірақ негізгі тема Зауыр боп, соның сыртқы істеріне, қылықтарына көңіл көп бөлінгендіктен, мына кірістірген саяси қоғамдық тақырыптардың барлығы жетер өрісіне жетпей, аларлық орнын ала алмай қалған. Тілесе Зауыр Чека қолынан қашып құтылады, жаралы партизан Ақатты өлтіріп, документін алады, Қанашқа өзін танытпайды, зауытты тілегенінше бүлдіреді. Өзі бұзық жолдасын қасынан тастамай, өзімен бірге кетіреді, Мадинаны подвалға тастайды, тіпті бірде бір тосқауыл, бөгет жоқ, алдынан дүние жапырылады да жатады. Осының бәрімен не дәлелденбек, не көрсетілмек? Пьесаны қызық қылу не бағаға түссе де мақсұт сол. Сол үшін Зауырды шалқыта беру керек болған. Сол күйде және Зауырда злодейліктен басқа жоқ. Бай баласы деген сөз бар, бірақ, таптық, қоғамдық идеясы, ортасының идеологиясы, психологиясы бар. Толық психологическая емес, жамандыққа жеткен жалаңаш волясы ғана бар. Бұзық одиночка жауды жау қып көрсетпек болғанда бұдан кең, бұдан мазмұнды, қайғысы мол жау қып көрсету керек. Болмаса құр ғана бір Тоқташқа қадалған жалаңаш воляны ғана көрсету, қызық бұрылысты жау ізін ғана көрсету тақ Американың киносы, Еуропаның орта ғасыры. Әңгімелер декоратив, детектив боп шолтайып қалады. Қазіргі пролетариат драматургиясы құр ғана қызық пьеса емес, алдымен умная пьеса керек дейді. Мынау осының алдыңғысын ғана таңдаған сияқты. Көрмеге қосуға қызық пьеса болады, әсіресе, біздің шала піскен, сыны аз керушілер қызық көреді. Бірақ бұл үлгідегі пьесалар еуропа, орыс сахнасында жаңалық емес. Қайта ескіріп, заманы өткен ескі, соңғы замандарда олар қойылса... 2. "Қанжар" туралы Пьесаның әңгімелік жағы, салт-санасы, драмалық техникасы жаман емес, кейбір түзетулермен ойнауға болатын сияқты. Сахнадан жеңіл, көрушіге қызық көрінерлік қызыл-жасыл, жарқ-жұрқы бар пьеса. Бірақ оқиғадағы әсер жалпы аудармаға ұқсайды: тілі де, адам мінезі де кавказ тұрмысынан алынып жазылған. Бұрынғы үлгідегі орыс жазушыларының сарынын еске түсіреді. Кавказ реально кавказ емес, экзотика кавказ, жарқылдақ, бұрқ-сарқ өмірін көрсетудің ізімен кетеді; бәр-бәрінде өмір тым-ақ арзан, тым-ақ соншалық ойыншық, елеусіз сияқты. Сондықтан екі ауыз сөзге келіспей қанжар, бір айналыспай мылтық суырысады. Екі жіктің арасында атыс-шабыс өткен (бірінші сурет атысумен басталады), ол — елдің мінезі болған уақытта бір жіктің ішіндегі адамдардың арасында да сол негізгі мінездің ұшқыны өзінше ерекше күйде тексере бермейді. Бұлар өз арасында тым жұмсақ, тым сезгіш, нәзік. Пьесада атыс-шабыс сонша көп болса да, жазушы қанағаттанбай бір суретті екі жақты сызып қойып, тіпті перестрелка да жасайды. Қолда мылтық, белде қанжар, аста жүйрік — тау-тасты шапқылап, кезіп жүріп иек артпа қақпатастан тарсылдатып атып жататын жат мінезді Абректер, кинодағы Абректер еске кеп түседі. Бұл күнде кавказдағы құлақ, бек болса да қулықпен, еппен алысатын болған. Оларды бадырайтып жасантып кеп соғысын аштыру әлгі экзотика бетімен кету болады. Жауды айламен қаруландырып, шебер тартысқа кавказша салмай мылтық, қанжармен қаруландырып, тура физический тартыс — тасырлыққа салыну пьесаның ішкі мазмұнын сұйылтады. Дұрысы, адамдардың мінезі реально болмай, романтично болуына себепті болғандай көрінеді. Осы геройы жағын көп кестелеу арқылы бүгінгі қоғамдық, колхоздық тақырып, сол колхозды тудыру, өсіру, сол үшін алысу, тақырыбы күнделік саяси, шаруашылық тақырып болмай, бар жат, ұғымсыз ортаға түсіп кеткен сияқтанып тұрады. Бұл салт-саналық та, саяси да мін сияқты. Мұхтар Әуезов

 

Кей пьесалар туралы пікірлерім

1. "Жорық" туралы

"Жорық" қызық пьеса боламын дейді. Мақсұты мен мазмұны соны түйін қылыш ұстанған. Өзінше сайтаны мол демоническая натура шығатын бір жазушының сол идеясын ақтағандай болады. Кіндік тақырып осының басы мен ісі бар пьесадағы драмалық тартыс (драмат, борьба) түрін қалайтын өзгеріс (перипетейные перелом) әңгіменің өрістеп өскелеңдеуі (нарастание) барлығы да осы бір-ақ адамның басына байланған. Өзгенің бәрін, сол адамдардың халдарын алсақ — мынаған берілген жалпы фон есепті ғана боларлық, волевое устремление шын нәрсені өзгертпейді... Зауыр ортамен алысушы ғана, бірақ Зауыр қалай төңкерілсе, барлық оқиға, барлық драмалық хал (интрига), тартыс та солай тұтасымен жөңкіле берді. Зауырдың өзін алсақ, негізінде ол құр ғана злодей. Бұның төркіні Еуропаның бағы заманнан бергі ұрылар әңгімесі детективный романтика пьесалары. Біздің жазушы қызық әңгіме құрам деп, сондай саптан мінезді адамдарды іздегенде Қазихан образы жаңағы епті ер, сұрқия ұрыға кездескен. Ол адамды қазаққа таман жақындату үшін ұзын татар қылған, бірақ татар топырағына көшіргенмен, бұл кейіпкерді қазаққа түсінікті қылам деп, бірталай зорлықты керек қылатын сияқты. Екінші заманға біздік заманның актуальный шарттарына жақындатамын дегендіктен, оның қарсысына, айналасына кеңес қызметкерлерін, ортақшыларды қосып, істері партизан соғысын мезгілінде кеп меңгермеген. Бірақ негізгі тема Зауыр боп, соның сыртқы істеріне, қылықтарына көңіл көп бөлінгендіктен, мына кірістірген саяси қоғамдық тақырыптардың барлығы жетер өрісіне жетпей, аларлық орнын ала алмай қалған. Тілесе Зауыр Чека қолынан қашып құтылады, жаралы партизан Ақатты өлтіріп, документін алады, Қанашқа өзін танытпайды, зауытты тілегенінше бүлдіреді. Өзі бұзық жолдасын қасынан тастамай, өзімен бірге кетіреді, Мадинаны подвалға тастайды, тіпті бірде бір тосқауыл, бөгет жоқ, алдынан дүние жапырылады да жатады. Осының бәрімен не дәлелденбек, не көрсетілмек? Пьесаны қызық қылу не бағаға түссе де мақсұт сол. Сол үшін Зауырды шалқыта беру керек болған. Сол күйде және Зауырда злодейліктен басқа жоқ. Бай баласы деген сөз бар, бірақ, таптық, қоғамдық идеясы, ортасының идеологиясы, психологиясы бар. Толық психологическая емес, жамандыққа жеткен жалаңаш волясы ғана бар. Бұзық одиночка жауды жау қып көрсетпек болғанда бұдан кең, бұдан мазмұнды, қайғысы мол жау қып көрсету керек. Болмаса құр ғана бір Тоқташқа қадалған жалаңаш воляны ғана көрсету, қызық бұрылысты жау ізін ғана көрсету тақ Американың киносы, Еуропаның орта ғасыры. Әңгімелер декоратив, детектив боп шолтайып қалады.

Қазіргі пролетариат драматургиясы құр ғана қызық пьеса емес, алдымен умная пьеса керек дейді. Мынау осының алдыңғысын ғана таңдаған сияқты. Көрмеге қосуға қызық пьеса болады, әсіресе, біздің шала піскен, сыны аз керушілер қызық көреді. Бірақ бұл үлгідегі пьесалар еуропа, орыс сахнасында жаңалық емес. Қайта ескіріп, заманы өткен ескі, соңғы замандарда олар қойылса...

2. "Қанжар" туралы

Пьесаның әңгімелік жағы, салт-санасы, драмалық техникасы жаман емес, кейбір түзетулермен ойнауға болатын сияқты. Сахнадан жеңіл, көрушіге қызық көрінерлік қызыл-жасыл, жарқ-жұрқы бар пьеса. Бірақ оқиғадағы әсер жалпы аудармаға ұқсайды: тілі де, адам мінезі де кавказ тұрмысынан алынып жазылған.

Бұрынғы үлгідегі орыс жазушыларының сарынын еске түсіреді. Кавказ реально кавказ емес, экзотика кавказ, жарқылдақ, бұрқ-сарқ өмірін көрсетудің ізімен кетеді; бәр-бәрінде өмір тым-ақ арзан, тым-ақ соншалық ойыншық, елеусіз сияқты. Сондықтан екі ауыз сөзге келіспей қанжар, бір айналыспай мылтық суырысады. Екі жіктің арасында атыс-шабыс өткен (бірінші сурет атысумен басталады), ол — елдің мінезі болған уақытта бір жіктің ішіндегі адамдардың арасында да сол негізгі мінездің ұшқыны өзінше ерекше күйде тексере бермейді. Бұлар өз арасында тым жұмсақ, тым сезгіш, нәзік. Пьесада атыс-шабыс сонша көп болса да, жазушы қанағаттанбай бір суретті екі жақты сызып қойып, тіпті перестрелка да жасайды. Қолда мылтық, белде қанжар, аста жүйрік — тау-тасты шапқылап, кезіп жүріп иек артпа қақпатастан тарсылдатып атып жататын жат мінезді Абректер, кинодағы Абректер еске кеп түседі.

Бұл күнде кавказдағы құлақ, бек болса да қулықпен, еппен алысатын болған. Оларды бадырайтып жасантып кеп соғысын аштыру әлгі экзотика бетімен кету болады. Жауды айламен қаруландырып, шебер тартысқа кавказша салмай мылтық, қанжармен қаруландырып, тура физический тартыс — тасырлыққа салыну пьесаның ішкі мазмұнын сұйылтады. Дұрысы, адамдардың мінезі реально болмай, романтично болуына себепті болғандай көрінеді. Осы геройы жағын көп кестелеу арқылы бүгінгі қоғамдық, колхоздық тақырып, сол колхозды тудыру, өсіру, сол үшін алысу, тақырыбы күнделік саяси, шаруашылық тақырып болмай, бар жат, ұғымсыз ортаға түсіп кеткен сияқтанып тұрады. Бұл салт-саналық та, саяси да мін сияқты.

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар