Алматының ақша сарайы

04.12.2012 2436
Алматының ақша сарайының «ашылу тарихы» 1979 жылдың күзінде, Қазақ КСР-ға Археология мұражайына келген экскурсант қыздың, араб жазуының қалдықтары көрінетін, сыртқы түрі XIII ғ. соңғы отыз шақты жылдарындағы шағатай дирхемдерін еске түсіретін, екі күміс теңгені көрсетуінен басталған бола- тын. Теңгелердің иесі олардың сол жылы Алматы Шекарашылар училищесі (қазіргі Әскери институт) аумағында жер жұмыстары барысында табылған шағын көмбеден шыңқанын хабарлады. Екі теңге де бір тұрпатты болатын. Олардың әрқайсысында екі таңбадан бейнеленген. Олардың біреуі - ортасынан қысқа сызықпен сызылған сопақша тәріздес белгі, 670/1269 ж. бастап судбектің ақша реформасы процестерінде жүзеге асырылатын, анонимді тұрақты соғылатын ортаазиялық және шығыс-түркістандық теңгелерді ресімдеуде анағұрлым кең таралған таңба болып табылады. Е.А. Давидович тіпті оның сол кездегі жалпы мемлекеттік сипатын атап көрсетеді. Екінші таңба - тістері әр түрлі үш ашалы, анағұрлым ұзындауы дөңгелектеу ілгекпен және сақинамен тұйықталады - тіпті таныс емес. Нақыштаудың сапасының және сақталуының нашарлығынан теңгелердегі жазулар оқылмауы себепті, оларды дәл анықтау мүмкін болмады; тек анық болғаны бұл расында көрсетілген кезеңде жергілікті ақша айналымына қатысқан шағатайлық нақысшының дирхемі. Табылған орнына байланысты, өзінен-өзі айқын болып тұрған соңғы факті барыншы маңызды, себебі Алматы шекарашылар училищесі аумағына орта ғасырлық қалашықтың бір бөлігі кіретіндіктен, қоршаған орнымен бірге жоғарғы қабаттары ХІ-ХІІІ ғғ. жататыны жеткілікті дәлелденген. Барлық осы мәліметтердің негізінде, бәрінен бұрын теңгелерде басқа деректерден беймәлім таңбалардың кездесуі Мұндай дирхемдердің соғылған орны Жетісу қалаларының бірі болуы тиіс деген, абайлап айтылған болжамды тудырды. Он жыл өткен соң Мәскеуде, осы тараудың авторы жұмыс істеген КСРО-ға Шығыстану институтында Алматылық нумизмат В.В. Дубинин оған, өзі коллекционерлердің бір жиналысында сатып алған, дәл осындай екі таңбалы күміс дирхемін сыйлады. Оның айтуынша, оған осы теңгені сатқан адамда осыған ұқсас нашарлау сақталған тағы екеуі болған; олардың бәрі де Алматы қаласының маңайынан табылған. Дирхем жұқа болатын және барынша дұрыс дөңгелек формалы, сұр-жасыл патина жалатылған. Алдыңғы екеуінен айырмашылығы, онда көрсетілген датасы сақталған, автордық анықтауымен жылы бесінші, дұрыс есептелмегендіктен жазулардың ұзындығы мөр ойылғанда бұлінген. Ақша сарайы көрсетілетін орын нақышталмаған және өшіп қалған. Жаңалық ашуға деген келесі қадам бірнеше жыл өткен соң Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) жасалды, жергілікті өлкетанушы Г.И.Величко Алматыдан батыс бағытта 150 км шамасында Қордай асуында күміс шағатай теңгелерінің көмбесі табылғанын, оны өзінің көргенін айтады. Таңбаның суретін көрген ол көмбеде кем дегенде нақ осындай таңбамен және №1 таңбамен үйлесімдіктегі, бір жаң бетінде бір- ге және әр бетінде, үш дирхем көргенін хабарлады. Өкінішке қарай, ол теңгелердің сорылған жылы мен ақша сарайының атын аныңтай алмаған. Сол уаңытңа қарай шағатай ұрпақтары кезіндегі ақша соғу туралы қол жетерлік әдебиет пен X ғ. - XIV ғасырдың басындағы күміс дирхемдердің өзі тольщ ңаралып болған еді, сондықтан таңба бейнеленген өте сирек теңге мен олар таралған Алматы облысының шектеулі аймағы олардың жергілікті жерден шыңңанына еш күдік туғызған жоқ. Аңырында, 1990 жылы Мәскеулік нумизмат A. А. Койфман авторға, өзі «оңтүстіктен» (Өзбекстаннан немесе Қазақстаннан) келген біреуден сатып алған, осы таңбалардың жиынтығы бар екі теңге көрсетеді. Екі теңге сырттай бір-бірінен және автордың бұрын көргендерінің барлығынан ерекшеленетін. Олардың біреуі әбден өшіріліп қалған және, маған таныс теңгелермен сыртқы ұқсастығынан басқа, оны дәл айқындауға көмектесетін еш мәлімет сақталмаған. Керісінше екінші данасы тамаша сақталған. 1271-1277 жылдар Алматы қаласының ақша сарайында соғылған дирхемдер Кейбір ақауларына қарамастан, теңгедегі барлық жазулар айқын көрінеді, бірақ кей элементтері нақтылаулар мен түсініктеме беруді қажет етеді. барысын орны қазіргі Алматы қаласымен сәйкес келетін, Алматы деп аталатын Кішігірім Алмты, және оның округінің базарларын күміс теңгемен жабдықтаған ақша сатып жұмыс істеуін атап айтуға болады. Күміс теңге-дирхемдердің соғылуы ұзақ болмаганмоіі, одоуір қарқынды болған: теңге әр түрлі ңос мөрмен және тіпті әрқалай түрде шығарылып, ең алдымен Мауареннахрдың негізгі экономикалық орталығынан барынша қашық орналасқам жергілікті нарың айналымын қаржымен қамтамасыз етуге арналған. Сипатталған теңгелердің өте сиректігі де, олардың, мемлекеттің ең алыс солтүстік-шығыс шетінде орналасқан Алматы маңынан басқа, кең байтақ Шағатай ұлысының басқа пункттерінен табылған сол кездің ірі көмбелері мен жекелеген олжлары арасында болмауы да осымен оңай дәлелденеді. Жаңа ақша сарайы өнімдерінің ашылуы дерегінен басқа, анағұрлым тарихи мәдени тұрғыдан алғанда, зерттеушілерге, шамасы, мемлекеттің осы бөлігіне қоныстанған ұлыс ханының жақын туыстарының - монғол нояндарының бірінің иелігінде болған, жекеменшіктің беймәлім, жаңа белгісін таныстыра отырып, Алматы дирхемдері күрделі монғол геральдикасын зерттеуге нақты үлес қосады. Е.А.Давидовичтің жіктеуі бойынша, формасы және тараздың таңбаларды еске салатын таңба, нақты иесін таппаса да, нақты қай жылға жататыны және қай жерде соғылғаны туралы мәлімет барынша айқын. Жаңа ашылған нақыштардың басқа маңызды тұрғысы - ортағасырлық Азия тарихы бойынша жазба дереккөздерін зерттеушінің әдістемелік қоймасын толтыратын, XIII ғ. араб тіліндегі теңге жазуларының табылуы, теңгелердің соғылған жылы өте сирек қолданылатын тарих-хронограммаларарқылы белгіленуі болып табылады. Алматының ақша сарайында соғылған Шағатай дирхемдерін ашу, деректің өзінің бірінші дәрежелі нумизматикалық маңыздылығынан тыс, кейбір жалпы тарихи қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, XIII ғ. соңында соғылған теңгедегі Алматы атауы бүгінгі таңд а ңал а туралы жазба деректегі ең ерте аталуы бо лып табыл ады. Бұған дейін осылай саналғаны - «Бабыр-намеде» атап өтілген, Ферғанадан солтүстікке қарайғы бірнеше қалалар аттары Тараз кент кітаптарында жазылған Алматы және Йанғы»53, XVI ғ. басына қарай «моғолдар мен өзбектер» қиратқан, және 914/1508 ж. «Моғолстанның атақты жері - Алматудағы» шайқас туралы Бабыр жазып, оның немере ағайыны Мырза Мухаммед Хайдар «Та'рих-и Рашидиде» қайталаған (бәлкім алдыңғымен байланыссыз болар) хабарлама еді. Алматы ауданы немесе қаласы туралы (аңпараттық маңызды) хабарлар анағұрлым кейінірек уақыттағы жазба деректерде өткен жұзжылжықтық ортасына дейін - ежелгі тарихи атауын сақтап қалған мекенде бекініс салынып (1854 ж.), жанында, кейінірек Іле аймағы мен Жетісу облысының әкімшілік орталығы болған, жаңа отаршыл Верный қаласы бой көтере бастаған уақытқа дейін аз болатын. Алматы елді мекенінің байырғы атауы, еркінше бұрмаланған түрде болса да, 1921 ж. географиялық карталарда қайтадан пайда бола бастады. Әйткенмен, жаңа ашылған теңгелердің арңасында айқын болғанындай, соңғы жағдайда тарихи атаудың қайта жаңаруы туралы емес, оның тіршілігінің жалғасуы туралы айту керек: ешқашан жойылмаған нәрсенің қайта жаңаруына мұқтаждық жоқ. Басқаша айтқанда, жаңа ашылған дереккөздері VIII ғасырда (одан кеш емес) пайда болған Алматы атауының осы жерде одан кейінгі ғасырлар бойына, мүмкін, халқы көп болмаса да, тұрақты елді мекен ретінде сақталып келгенін растайды.

Алматының ақша сарайының «ашылу тарихы» 1979 жылдың күзінде, Қазақ КСР-ға Археология мұражайына келген экскурсант қыздың, араб жазуының қалдықтары көрінетін, сыртқы түрі XIII ғ. соңғы отыз шақты жылдарындағы шағатай дирхемдерін еске түсіретін, екі күміс теңгені көрсетуінен басталған бола- тын. Теңгелердің иесі олардың сол жылы Алматы Шекарашылар училищесі (қазіргі Әскери институт) аумағында жер жұмыстары барысында табылған шағын көмбеден шыңқанын хабарлады.

Екі теңге де бір тұрпатты болатын. Олардың әрқайсысында екі таңбадан бейнеленген. Олардың біреуі - ортасынан қысқа сызықпен сызылған сопақша тәріздес белгі, 670/1269 ж. бастап судбектің ақша реформасы процестерінде жүзеге асырылатын, анонимді тұрақты соғылатын ортаазиялық және шығыс-түркістандық теңгелерді ресімдеуде анағұрлым кең таралған таңба болып табылады. Е.А. Давидович тіпті оның сол кездегі жалпы мемлекеттік сипатын атап көрсетеді. Екінші таңба - тістері әр түрлі үш ашалы, анағұрлым ұзындауы дөңгелектеу ілгекпен және сақинамен тұйықталады - тіпті таныс емес. Нақыштаудың сапасының және сақталуының нашарлығынан теңгелердегі жазулар оқылмауы себепті, оларды дәл анықтау мүмкін болмады; тек анық болғаны бұл расында көрсетілген кезеңде жергілікті ақша айналымына қатысқан шағатайлық нақысшының дирхемі. Табылған орнына байланысты, өзінен-өзі айқын болып тұрған соңғы факті барыншы маңызды, себебі Алматы шекарашылар училищесі аумағына орта ғасырлық қалашықтың бір бөлігі кіретіндіктен, қоршаған орнымен бірге жоғарғы қабаттары ХІ-ХІІІ ғғ. жататыны жеткілікті дәлелденген. Барлық осы мәліметтердің негізінде, бәрінен бұрын теңгелерде басқа деректерден беймәлім таңбалардың кездесуі Мұндай дирхемдердің соғылған орны Жетісу қалаларының бірі болуы тиіс деген, абайлап айтылған болжамды тудырды.

Он жыл өткен соң Мәскеуде, осы тараудың авторы жұмыс істеген КСРО-ға Шығыстану институтында Алматылық нумизмат В.В. Дубинин оған, өзі коллекционерлердің бір жиналысында сатып алған, дәл осындай екі таңбалы күміс дирхемін сыйлады. Оның айтуынша, оған осы теңгені сатқан адамда осыған ұқсас нашарлау сақталған тағы екеуі болған; олардың бәрі де Алматы қаласының маңайынан табылған. Дирхем жұқа болатын және барынша дұрыс дөңгелек формалы, сұр-жасыл патина жалатылған. Алдыңғы екеуінен айырмашылығы, онда көрсетілген датасы сақталған, автордық анықтауымен жылы бесінші, дұрыс есептелмегендіктен жазулардың ұзындығы мөр ойылғанда бұлінген. Ақша сарайы көрсетілетін орын нақышталмаған және өшіп қалған.

Жаңалық ашуға деген келесі қадам бірнеше жыл өткен соң Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) жасалды, жергілікті өлкетанушы Г.И.Величко Алматыдан батыс бағытта 150 км шамасында Қордай асуында күміс шағатай теңгелерінің көмбесі табылғанын, оны өзінің көргенін айтады. Таңбаның суретін көрген ол көмбеде кем дегенде нақ осындай таңбамен және №1 таңбамен үйлесімдіктегі, бір жаң бетінде бір- ге және әр бетінде, үш дирхем көргенін хабарлады. Өкінішке қарай, ол теңгелердің сорылған жылы мен ақша сарайының атын аныңтай алмаған. Сол уаңытңа қарай шағатай ұрпақтары кезіндегі ақша соғу туралы қол жетерлік әдебиет пен X ғ. - XIV ғасырдың басындағы күміс дирхемдердің өзі тольщ ңаралып болған еді, сондықтан таңба бейнеленген өте сирек теңге мен олар таралған Алматы облысының шектеулі аймағы олардың жергілікті жерден шыңңанына еш күдік туғызған жоқ. Аңырында, 1990 жылы Мәскеулік нумизмат A. А. Койфман авторға, өзі «оңтүстіктен» (Өзбекстаннан немесе Қазақстаннан) келген біреуден сатып алған, осы таңбалардың жиынтығы бар екі теңге көрсетеді. Екі теңге сырттай бір-бірінен және автордың бұрын көргендерінің барлығынан ерекшеленетін. Олардың біреуі әбден өшіріліп қалған және, маған таныс теңгелермен сыртқы ұқсастығынан басқа, оны дәл айқындауға көмектесетін еш мәлімет сақталмаған. Керісінше екінші данасы тамаша сақталған.

1271-1277 жылдар Алматы қаласының ақша сарайында соғылған дирхемдер
Кейбір ақауларына қарамастан, теңгедегі барлық жазулар айқын көрінеді, бірақ кей элементтері нақтылаулар мен түсініктеме беруді қажет етеді. барысын орны қазіргі Алматы қаласымен сәйкес келетін, Алматы деп аталатын Кішігірім Алмты, және оның округінің базарларын күміс теңгемен жабдықтаған ақша сатып жұмыс істеуін атап айтуға болады. Күміс теңге-дирхемдердің соғылуы ұзақ болмаганмоіі, одоуір қарқынды болған: теңге әр түрлі ңос мөрмен және тіпті әрқалай түрде шығарылып, ең алдымен Мауареннахрдың негізгі экономикалық орталығынан барынша қашық орналасқам жергілікті нарың айналымын қаржымен қамтамасыз етуге арналған. Сипатталған теңгелердің өте сиректігі де, олардың, мемлекеттің ең алыс солтүстік-шығыс шетінде орналасқан Алматы маңынан басқа, кең байтақ Шағатай ұлысының басқа пункттерінен табылған сол кездің ірі көмбелері мен жекелеген олжлары арасында болмауы да осымен оңай дәлелденеді. Жаңа ақша сарайы өнімдерінің ашылуы дерегінен басқа, анағұрлым тарихи мәдени тұрғыдан алғанда, зерттеушілерге, шамасы, мемлекеттің осы бөлігіне қоныстанған ұлыс ханының жақын туыстарының - монғол нояндарының бірінің иелігінде болған, жекеменшіктің беймәлім, жаңа белгісін таныстыра отырып, Алматы дирхемдері күрделі монғол геральдикасын зерттеуге нақты үлес қосады. Е.А.Давидовичтің жіктеуі бойынша, формасы және тараздың таңбаларды еске салатын таңба, нақты иесін таппаса да, нақты қай жылға жататыны және қай жерде соғылғаны туралы мәлімет барынша айқын. Жаңа ашылған нақыштардың басқа маңызды тұрғысы - ортағасырлық Азия тарихы бойынша жазба дереккөздерін зерттеушінің әдістемелік қоймасын толтыратын, XIII ғ. араб тіліндегі теңге жазуларының табылуы, теңгелердің соғылған жылы өте сирек қолданылатын тарих-хронограммаларарқылы белгіленуі болып табылады.

Алматының ақша сарайында соғылған Шағатай дирхемдерін ашу, деректің өзінің бірінші дәрежелі нумизматикалық маңыздылығынан тыс, кейбір жалпы тарихи қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, XIII ғ. соңында соғылған теңгедегі Алматы атауы бүгінгі таңд а ңал а туралы жазба деректегі ең ерте аталуы бо лып табыл ады. Бұған дейін осылай саналғаны - «Бабыр-намеде» атап өтілген, Ферғанадан солтүстікке қарайғы бірнеше қалалар аттары Тараз кент кітаптарында жазылған Алматы және Йанғы»53, XVI ғ. басына қарай «моғолдар мен өзбектер» қиратқан, және 914/1508 ж. «Моғолстанның атақты жері - Алматудағы» шайқас туралы Бабыр жазып, оның немере ағайыны Мырза Мухаммед Хайдар «Та'рих-и Рашидиде» қайталаған (бәлкім алдыңғымен байланыссыз болар) хабарлама еді. Алматы ауданы немесе қаласы туралы (аңпараттық маңызды) хабарлар анағұрлым кейінірек уақыттағы жазба деректерде өткен жұзжылжықтық ортасына дейін - ежелгі тарихи атауын сақтап қалған мекенде бекініс салынып (1854 ж.), жанында, кейінірек Іле аймағы мен Жетісу облысының әкімшілік орталығы болған, жаңа отаршыл Верный қаласы бой көтере бастаған уақытқа дейін аз болатын. Алматы елді мекенінің байырғы атауы, еркінше бұрмаланған түрде болса да, 1921 ж. географиялық карталарда қайтадан пайда бола бастады. Әйткенмен, жаңа ашылған теңгелердің арңасында айқын болғанындай, соңғы жағдайда тарихи атаудың қайта жаңаруы туралы емес, оның тіршілігінің жалғасуы туралы айту керек: ешқашан жойылмаған нәрсенің қайта жаңаруына мұқтаждық жоқ. Басқаша айтқанда, жаңа ашылған дереккөздері VIII ғасырда (одан кеш емес) пайда болған Алматы атауының осы жерде одан кейінгі ғасырлар бойына, мүмкін, халқы көп болмаса да, тұрақты елді мекен ретінде сақталып келгенін растайды.

Ұқсас материалдар