ҚазПИ-дің жемістері

04.12.2012 2450
  ҚазПИ-дің жемістері   Қазақ даласы мәдениетке, білімге сусаған, бір шөлейт жер сияқты еді, сол шөлейт сахарада жайқалып өскен гүлдерді көресіз, ол мәдениет гүлдері. Сол гүлдердің ішінде қызғалдақтай бұлғақтаған ВУЗ-дар жемістері сансыз көп. Қазақстанның шар қиырында мұғалім болып жүрген, мектеп бастығы болып жүрген ҚазПИ жастары толып жатса, сонымен қатар институтта оқытушы, оқу бөлімдерін меңгеруші, партия ұйымдарына пропагандист болып кеткендері тағы бар. Мәдениеттің басқа тарауларына, мемлекеттік басқа жұмыстарға араласып кеткендер де, басшы қызметке жоғарылағандар да көп. Солардың ішінде, ҚазПИ-ді бітіріп шыққан: Абдыхаликов жолдас — Қазақ ССР-ның Оқу Халық Комиссары болды. Талалаев жолдас КД(б)П Шығыс Қазақстан обкомының секретары болып, Қойбағаров жолдас ҚЛКЖС Оңтүстік Қаз. обкомының секретары болып, Артыков жолдас ҚЛКЖС Алматы обкомының секретары болып қызмет істейді. Осы сияқты ауыл-аудандарда, басшы қызметте жүргендер де көп. Көрнекті білім қызметкері болып алғандары да көп. ҚазПИ әсіресе әдебиет-жазушылық істеріне көп кадр қосты. Жаңа жаза бастағандарын айтпағанда, жақсы еңбектермен аты шығып, көрнекті жазушы болып кеткен Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Есмағамбет Ысмайлов, Қажым Жұмалиев, Әли Есмәмбетов, Қадыр Қасанов және Еркімбеков сияқты жолдастар осы ҚазПИ түлектері еді. ҚазПИ-дің негізгі мұраты - педагог дайындау. Бұл жөнінен ҚазПИ-дің мақтанарлық істері тағы да көп. Республикамызға жыл сайын жоғарғы білімді педагогтар әзірлеп береді. Ол педагогтар ауыл, аудандарындағы мектептеріміздің тұтқасы болып отыр. Солардың ішінде бүкіл Қазақстанға аты шыққан үлгілі әйгілі мұғалімдер де бар. 1939 жылғы 6 майда СССР Ұлы Советі таңдаулы мұғалімдерге наград берді. Бұл совет мұғалімдерінің мәртебесін жоғары көтеретін аса игілікті іс еді. Сол қуанышқа Қазақстан мұғалімдері де ортақ болды. Қазақстан мұғалімдерінің таңдаулылары осы наградтан тиісті сыбағалар алды. Сол сый-құрмет, наград алғандардың ішінде бұрынғы қарт мұғалім, әрі жазушы Спандияр Көбеев те, Павлодардың жақсы мұғалімі Рахметов те бар еді. Олардың ішінде кәрі, жасы аралас еді. Бұлардың бәрі де қазақтың халық ағарту ісіне көрнекті еңбек сіңіргендер, қайраткерлер. Бұлардың қатарында ҚазПИ-ді бітіргендер де аз емес. "Еңбектегі батырлығы үшін" деген медальді Зағира Куленова, Хан Валиев деген жолдастар алды. Бұл екеуі кеше ғана ҚазПИ-дің студенті еді. ҚазПИ-ді бітіріп мұғалімдік қызметіне араласқанына екі-үш-ақ жыл болған-ды. Сол екі-үш жылдың ішінде еңбек батырлығы айқын болып көзге түсуге жеткен, партия мен үкіметтен алғыс алу мәртебесіне жеткен. Бұл ҚазПИ-ге де үлкен қуаныш емес пе? Зағира болса еңбек қасиеті арқасында Қазақстандағы таңдаулы адамдардың бірі болып отыр. Халық ағарту ісінің бұл сияқты тамаша адамдары толып жатыр. Олар республикамыздың алдыңғы қатарлы адамдары, қазақ мәдениетінің белсенді қайраткерлері.   Мұхтар Әуезов

 

ҚазПИ-дің жемістері

 

Қазақ даласы мәдениетке, білімге сусаған, бір шөлейт жер сияқты еді, сол шөлейт сахарада жайқалып өскен гүлдерді көресіз, ол мәдениет гүлдері. Сол гүлдердің ішінде қызғалдақтай бұлғақтаған ВУЗ-дар жемістері сансыз көп.

Қазақстанның шар қиырында мұғалім болып жүрген, мектеп бастығы болып жүрген ҚазПИ жастары толып жатса, сонымен қатар институтта оқытушы, оқу бөлімдерін меңгеруші, партия ұйымдарына пропагандист болып кеткендері тағы бар. Мәдениеттің басқа тарауларына, мемлекеттік басқа жұмыстарға араласып кеткендер де, басшы қызметке жоғарылағандар да көп. Солардың ішінде, ҚазПИ-ді бітіріп шыққан: Абдыхаликов жолдас — Қазақ ССР-ның Оқу Халық Комиссары болды. Талалаев жолдас КД(б)П Шығыс Қазақстан обкомының секретары болып, Қойбағаров жолдас ҚЛКЖС Оңтүстік Қаз. обкомының секретары болып, Артыков жолдас ҚЛКЖС Алматы обкомының секретары болып қызмет істейді. Осы сияқты ауыл-аудандарда, басшы қызметте жүргендер де көп. Көрнекті білім қызметкері болып алғандары да көп. ҚазПИ әсіресе әдебиет-жазушылық істеріне көп кадр қосты. Жаңа жаза бастағандарын айтпағанда, жақсы еңбектермен аты шығып, көрнекті жазушы болып кеткен Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Есмағамбет Ысмайлов, Қажым Жұмалиев, Әли Есмәмбетов, Қадыр Қасанов және Еркімбеков сияқты жолдастар осы ҚазПИ түлектері еді.

ҚазПИ-дің негізгі мұраты - педагог дайындау. Бұл жөнінен ҚазПИ-дің мақтанарлық істері тағы да көп. Республикамызға жыл сайын жоғарғы білімді педагогтар әзірлеп береді. Ол педагогтар ауыл, аудандарындағы мектептеріміздің тұтқасы болып отыр. Солардың ішінде бүкіл Қазақстанға аты шыққан үлгілі әйгілі мұғалімдер де бар. 1939 жылғы 6 майда СССР Ұлы Советі таңдаулы мұғалімдерге наград берді. Бұл совет мұғалімдерінің мәртебесін жоғары көтеретін аса игілікті іс еді. Сол қуанышқа Қазақстан мұғалімдері де ортақ болды. Қазақстан мұғалімдерінің таңдаулылары осы наградтан тиісті сыбағалар алды. Сол сый-құрмет, наград алғандардың ішінде бұрынғы қарт мұғалім, әрі жазушы Спандияр Көбеев те, Павлодардың жақсы мұғалімі Рахметов те бар еді. Олардың ішінде кәрі, жасы аралас еді. Бұлардың бәрі де қазақтың халық ағарту ісіне көрнекті еңбек сіңіргендер, қайраткерлер. Бұлардың қатарында ҚазПИ-ді бітіргендер де аз емес. "Еңбектегі батырлығы үшін" деген медальді Зағира Куленова, Хан Валиев деген жолдастар алды. Бұл екеуі кеше ғана ҚазПИ-дің студенті еді. ҚазПИ-ді бітіріп мұғалімдік қызметіне араласқанына екі-үш-ақ жыл болған-ды. Сол екі-үш жылдың ішінде еңбек батырлығы айқын болып көзге түсуге жеткен, партия мен үкіметтен алғыс алу мәртебесіне жеткен. Бұл ҚазПИ-ге де үлкен қуаныш емес пе?

Зағира болса еңбек қасиеті арқасында Қазақстандағы таңдаулы адамдардың бірі болып отыр. Халық ағарту ісінің бұл сияқты тамаша адамдары толып жатыр. Олар республикамыздың алдыңғы қатарлы адамдары, қазақ мәдениетінің белсенді қайраткерлері.

 

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар