Жазушылардың моралі таза болсын

04.12.2012 2010
  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Жазушылардың моралі таза болсын Біздің елімізде адамның моральдық кескін-келбетін жалпы қоғамдық істерден бөліп алып, оқшаулауға болмайды. Демек, әрбір совет азаматының, әрбір совет жазушысының моральдық кескін-келбеті әсіресе қазіргі коммунизм құрылысы жағдайында аса маңызды мәселе болып отыр. Жазушы социалистік қоғамның алдыңғы қатарлы күрескері, қажырлы қайраткері. Сондықтан да жазушының мінез-құлқы, тұрмыстық сипаты кіршіксіз таза болмаққа керек. Әдебиеттің партиялық ұлы принциптері, Отанға, халыққа жан-тәнімен беріле, адал қызмет ету міндеті, шығарманың ең биік коммунистік идеяда болуы міндеті,— бәрі әр жазушының жаны, ар-ұжданы мінсіз болуын, таза болуын талап етеді, әр жазушыдан коммунистік саналылықты, өз ісіне мейлінше тиянақтылықты, ұқыптылықты талап етеді. Осы айтылған қасиеттерден айрылған жазушы өзіне жүктелген зор міндеттерді атқара алмайды, жаңаның ескілікпен күресінде жеңіліп қалады. Жаңағы айтылған асыл қасиеттерден жұрдай жазушының жақсылыққа сүйсінуге, жамандықтан жиренуге, досты шын сүюге, жауды барынша жек көруге қауқары жетпейді. Неғұрлым биікте тұрсаң, солғұрлым қиян-қиядағыны айқын көресің деген еді ұлы Горький. «...Адамның мұрат-мақсатқа жету жолындағы талабы неғұрлым биік болса,— дейді Горький,— оның қабілеті, таланты әлеуметтік тұрғыдан солғұрлым өнімді дамиды»... Өмірден оқшауланған, елімізде коммунизм игілігі үшін, халық игілігі үшін күнбе-күн туындап жатқан сан алуан ересен жаңалықтардан қол үзген жазушы — заманымыздың телегей-теңіз байлығы мен ғажайып сұлулығын сезінуден қалады, творчестволық қабілетінен айрылып, қуыс кеуде, құр сүлдеге айналады. Совет жазушысы кішіпейіл, парасатты болуы керек. Ол ешқашан да табысқа мастанбайды, атағым шықты екен деп асқақтамайды. Совет жазушысы өзінің бойындағы бар күш-қуатын, талантын халық ісіне коммунизм мақсатына сарп етеді. Амал қанша, біздің жазушылар арасында өнер шыңына еңбексіз, бейнетсіз оп-оңай ырғып шығам деп кеуде соғатын некен-саяқ алаңғасар, әңгүдіктер де кездеседі. Творчестволық жұмыс ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек. Аянбай, ерінбей оқып еңбек еткендерге ғана келеді шабыт. Горький, Маяковскийлердің жан аямай еңбектеніп, өмірдің өзінен тынымсыз үйренген өнегелері осындай. Мұның өзі совет жазушыларының қанымен араласып, сүйегіне сіңген керемет өнеге. Ал енді пайымдап қарасақ, алдын ала сақтанбасақ, жаман өнеге де жұғымпаз. Жаман, пасық өнеге жымысқылап, жымып кіретін жұқпалы дерт сияқты. Дер кезінде біліп, шұғыл емдемесең, арылмасаң құртып тынады. «Сақтықта қорлық жоқ» дейді халқымыз. Алдын ала сақтық жасап, сақтандыру, бірен-саран білінген дерті болса, оны дереу құрту ұйымның міндеті. Бұл мәселеге кейінірек, кеңірек тоқтаймыз. Бүкіл адамзат тарихында, әсіресе біздің социалистік қоғам тарихында жазушы еңбегінің маңызы өлшеусіз зор. Сондықтан да біздің Коммунистік партиямыз бен үкіметіміз совет әдебиетінің өсу-өркендеуін күнбе-күн қадағалап, дұрыс бағыт сілтейді, ұдайы көмектеседі. Совет әдебиеті дүние жүзіндегі ең биік идеялы, терең мазмұнды, озық әдебиет. Совет жазушылары барлық елдердің прогрессивтік, азаттық сүйген жазушыларына игілікті үлгі көрсетуде. Жазушы өзінің жақсы шығармасымен де, өзінің тұрмыстағы өресі биік озық өнегесімен де халыққа тәлім-тәрбие беруге тиіс. Жазушының адамгершілік асыл қасиеті, адамдарға ізгі көзқарасы, тұрмыс жосығы басқа жұртқа айқын үлгі. Данышпан Горький бізді осылай үйреткен. Маяковский, Фурманов, Гайдар, Макаренко сықылды өрен жазушылар бізге осындай өшпес өнеге қалдырған. Совет халқының мораліндей биік те таза мораль адамзат қоғамының тарихында болған емес. Өзімшілдік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, мансапқұмарлық совет қоғамына, совет халқына жат мінез, сорақы қылық. Мұндай мінез, мұндай қылық адамды ескі идеологияға қарай кейін тартады, ілгері басқан қарышты қадамымызға кедергі болады. Мұндай мінез, мұндай қылық жазушының қабілетін күйретеді, оның творчествосына шірік, жалған әуен араластырады. Сондықтан да біз жазушылар арасында бағзы бір кездесіп қалатын жат идеология мен моральға ешқашан да жол бермейміз, ондайлармен аяусыз күресеміз. Жақын арада «Литературная газета» бетінде Федор Гладковтың этика жөніндегі мақаласы жарияланды. Совет әдебиетінің ақсақалы, құрметті жазушы өзінің ызалы да айбынды сөзін совет адамдарының этикалық қалпынан шығып, әдепсіздікке салынған, жүгенсіз кеткен кейбір әдебиетшілерге арнады. Бұл орайда Федор Гладков бүкіл совет жазушыларының ой-пікірін білдірді. Сондықтан да бұл мақалаға жұртшылық жаппай назар аударып, риясыз құптады. Біздің халқымыз жазушыны, оның еңбегін аса құрмет тұтады. Сөйте тұра, қоғамдық тәртіпті бұзған, тұрмыста азған жазушыны бетің, жүзің демей қатал айыптайды. Мұндайлар біздің Қазақстан жазушыларының арасында да бар. Кәрі демей, жас демей, өткендегі еңбегіне қарамай, ондай моральдық азғындарға аяусыз соққы беруіміз керек. Мұндай адамдар біздің биік дәрежелі коммунистік мақсат-мұратымызға нұқсан келтіреді, жазушылар ұйымының бойына мін, бетіне шіркеу болады. Жазушының этикасы, моральдық кескін-келбеті маңызды мәселе. Менің білуімше, бұл мәселені өзіміздің партия жиналысында сөз етпегенімізге талай уақыт өтті. Бұл сияқты аса маңызды мәселеге мән бермей, салақсып жүргеніміз ұйым жұмысына кереғар әсерін тигізді. Анықтаңқырап айтқанда біздің арамыздағы кейбір шыңдалмаған солқылдақ жазушылар біздің әлгіндей салақтығымызды аңғалдығымызды пайдаланып, моральдық жағынан құлдырап кетті. Ескі дүниенің сарқыншақтары әлі құрып біткен жоқ. Тұрлаусыздарға, тұрақсыздарға, тіпті кейде әжептәуір салмақты салауатты адамдардың өздеріне де қырсығын тигізетіні бар. Ф. Гладков өзінің жоғарыда аталған мақаласында осы ескіліктің кеселді қырсықтарын жан-жақты талдай келіп, солардың ішінде әсіресе маскүнемдікке салыну дертінің кесір-кесапатын атап айтқан. Біздің Жазушылар одағындағы аз да болса ұшырасып жүрген мұндай сорақылыққа жөнді мән бермей келдік, тиісінше ескермедік, тамырына балта шаппадық. Көбінесе, қайтер дейсің, жөнделер, қояр деп, емексіп, жауырды жаба тоқынып келдік. Біз материалисттерміз ғой. Мәселеге нақты қараймыз. Себепсіз салдар жоқ. Ендеше біздің арамызға аракідік еніп кеткен зиянды дерттің себебін табуымыз керек. Бізде ең алдымен тәрбие жұмысы нашар. Тәрбие дейтін ұғымның мағынасы, мазмұны терең. Біз осының мәнін жеңіл ұғып жүрміз. Кейбір жолдастар тәрбиені тек лекция, баяндамалармен, кітаппен шектейді. Менің ойымша тәрбиеде шет-шек жоқ, ол шалқып жатқан теңіз секілді. Тәрбие шығармаларды талқылау, әр адаммен жеке-жеке сөйлесу, үйде де, ұйымда да ақыл-кеңес айту арқылы жүзеге асырылуы керек. Жазушылар арасындағы қарым-қатынас әр жазушының жүріс-тұрысы, мінезі, сырт пішіні,— бәрі де басқаларға өнеге. Тәрбие ісіне тек ұйым басшылары ғана емес, бүкіл жазушылар болып, партия ұйымы болып жаппай қолға алса, бұзақылыққа, маскүнемдікке ешқандай кешірім жасалмаса,— сонда ғана мақсат орындалады. Бізде көңілшектік істейтін жомарттар бар. Олай болмағанда құнсыз-құнарсыз өлеңдерге «Әдебиет және искусство» журналына орын берілуін немен түсіндіруге болады? Партия ұйымы, оның бюросы әдебиетшілерді саяси жағынан тәрбиелеуде. Жазушылар одағының президиумына жеткілікті дәрежеде көмектеспей келгенін ашық айтамыз. Ендігі жерде бұл кемшіліктен тез арылып, әдебиетшілерді тәрбиелеу, ұйымды маскүнемдерден, шалағайлардан тазарту жөнінде тынбай жұмыс істейік. Алдағы міндет ауыр, атқарылатын істеріміз ұшан-теңіз. Біз бұл міндеттерді партия басшылығымен ойдағыдай орындаймыз, ұйымның ынтымақ-бірлігін көзіміздің қарашығындай сақтаймыз, жазушы деген ардақты атақты кіршіксіз ұстаймыз. 1956    

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Жазушылардың моралі таза болсын

Біздің елімізде адамның моральдық кескін-келбетін жалпы қоғамдық істерден бөліп алып, оқшаулауға болмайды. Демек, әрбір совет азаматының, әрбір совет жазушысының моральдық кескін-келбеті әсіресе қазіргі коммунизм құрылысы жағдайында аса маңызды мәселе болып отыр.

Жазушы социалистік қоғамның алдыңғы қатарлы күрескері, қажырлы қайраткері. Сондықтан да жазушының мінез-құлқы, тұрмыстық сипаты кіршіксіз таза болмаққа керек. Әдебиеттің партиялық ұлы принциптері, Отанға, халыққа жан-тәнімен беріле, адал қызмет ету міндеті, шығарманың ең биік коммунистік идеяда болуы міндеті,— бәрі әр жазушының жаны, ар-ұжданы мінсіз болуын, таза болуын талап етеді, әр жазушыдан коммунистік саналылықты, өз ісіне мейлінше тиянақтылықты, ұқыптылықты талап етеді. Осы айтылған қасиеттерден айрылған жазушы өзіне жүктелген зор міндеттерді атқара алмайды, жаңаның ескілікпен күресінде жеңіліп қалады. Жаңағы айтылған асыл қасиеттерден жұрдай жазушының жақсылыққа сүйсінуге, жамандықтан жиренуге, досты шын сүюге, жауды барынша жек көруге қауқары жетпейді. Неғұрлым биікте тұрсаң, солғұрлым қиян-қиядағыны айқын көресің деген еді ұлы Горький. «...Адамның мұрат-мақсатқа жету жолындағы талабы неғұрлым биік болса,— дейді Горький,— оның қабілеті, таланты әлеуметтік тұрғыдан солғұрлым өнімді дамиды»...

Өмірден оқшауланған, елімізде коммунизм игілігі үшін, халық игілігі үшін күнбе-күн туындап жатқан сан алуан ересен жаңалықтардан қол үзген жазушы — заманымыздың телегей-теңіз байлығы мен ғажайып сұлулығын сезінуден қалады, творчестволық қабілетінен айрылып, қуыс кеуде, құр сүлдеге айналады.

Совет жазушысы кішіпейіл, парасатты болуы керек. Ол ешқашан да табысқа мастанбайды, атағым шықты екен деп асқақтамайды. Совет жазушысы өзінің бойындағы бар күш-қуатын, талантын халық ісіне коммунизм мақсатына сарп етеді.

Амал қанша, біздің жазушылар арасында өнер шыңына еңбексіз, бейнетсіз оп-оңай ырғып шығам деп кеуде соғатын некен-саяқ алаңғасар, әңгүдіктер де кездеседі. Творчестволық жұмыс ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек. Аянбай, ерінбей оқып еңбек еткендерге ғана келеді шабыт. Горький, Маяковскийлердің жан аямай еңбектеніп, өмірдің өзінен тынымсыз үйренген өнегелері осындай. Мұның өзі совет жазушыларының қанымен араласып, сүйегіне сіңген керемет өнеге. Ал енді пайымдап қарасақ, алдын ала сақтанбасақ, жаман өнеге де жұғымпаз. Жаман, пасық өнеге жымысқылап, жымып кіретін жұқпалы дерт сияқты. Дер кезінде біліп, шұғыл емдемесең, арылмасаң құртып тынады. «Сақтықта қорлық жоқ» дейді халқымыз. Алдын ала сақтық жасап, сақтандыру, бірен-саран білінген дерті болса, оны дереу құрту ұйымның міндеті. Бұл мәселеге кейінірек, кеңірек тоқтаймыз.

Бүкіл адамзат тарихында, әсіресе біздің социалистік қоғам тарихында жазушы еңбегінің маңызы өлшеусіз зор. Сондықтан да біздің Коммунистік партиямыз бен үкіметіміз совет әдебиетінің өсу-өркендеуін күнбе-күн қадағалап, дұрыс бағыт сілтейді, ұдайы көмектеседі. Совет әдебиеті дүние жүзіндегі ең биік идеялы, терең мазмұнды, озық әдебиет. Совет жазушылары барлық елдердің прогрессивтік, азаттық сүйген жазушыларына игілікті үлгі көрсетуде.

Жазушы өзінің жақсы шығармасымен де, өзінің тұрмыстағы өресі биік озық өнегесімен де халыққа тәлім-тәрбие беруге тиіс. Жазушының адамгершілік асыл қасиеті, адамдарға ізгі көзқарасы, тұрмыс жосығы басқа жұртқа айқын үлгі. Данышпан Горький бізді осылай үйреткен. Маяковский, Фурманов, Гайдар, Макаренко сықылды өрен жазушылар бізге осындай өшпес өнеге қалдырған.

Совет халқының мораліндей биік те таза мораль адамзат қоғамының тарихында болған емес. Өзімшілдік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, мансапқұмарлық совет қоғамына, совет халқына жат мінез, сорақы қылық. Мұндай мінез, мұндай қылық адамды ескі идеологияға қарай кейін тартады, ілгері басқан қарышты қадамымызға кедергі болады. Мұндай мінез, мұндай қылық жазушының қабілетін күйретеді, оның творчествосына шірік, жалған әуен араластырады. Сондықтан да біз жазушылар арасында бағзы бір кездесіп қалатын жат идеология мен моральға ешқашан да жол бермейміз, ондайлармен аяусыз күресеміз.

Жақын арада «Литературная газета» бетінде Федор Гладковтың этика жөніндегі мақаласы жарияланды. Совет әдебиетінің ақсақалы, құрметті жазушы өзінің ызалы да айбынды сөзін совет адамдарының этикалық қалпынан шығып, әдепсіздікке салынған, жүгенсіз кеткен кейбір әдебиетшілерге арнады. Бұл орайда Федор Гладков бүкіл совет жазушыларының ой-пікірін білдірді. Сондықтан да бұл мақалаға жұртшылық жаппай назар аударып, риясыз құптады. Біздің халқымыз жазушыны, оның еңбегін аса құрмет тұтады. Сөйте тұра, қоғамдық тәртіпті бұзған, тұрмыста азған жазушыны бетің, жүзің демей қатал айыптайды. Мұндайлар біздің Қазақстан жазушыларының арасында да бар. Кәрі демей, жас демей, өткендегі еңбегіне қарамай, ондай моральдық азғындарға аяусыз соққы беруіміз керек. Мұндай адамдар біздің биік дәрежелі коммунистік мақсат-мұратымызға нұқсан келтіреді, жазушылар ұйымының бойына мін, бетіне шіркеу болады.

Жазушының этикасы, моральдық кескін-келбеті маңызды мәселе. Менің білуімше, бұл мәселені өзіміздің партия жиналысында сөз етпегенімізге талай уақыт өтті. Бұл сияқты аса маңызды мәселеге мән бермей, салақсып жүргеніміз ұйым жұмысына кереғар әсерін тигізді. Анықтаңқырап айтқанда біздің арамыздағы кейбір шыңдалмаған солқылдақ жазушылар біздің әлгіндей салақтығымызды аңғалдығымызды пайдаланып, моральдық жағынан құлдырап кетті. Ескі дүниенің сарқыншақтары әлі құрып біткен жоқ. Тұрлаусыздарға, тұрақсыздарға, тіпті кейде әжептәуір салмақты салауатты адамдардың өздеріне де қырсығын тигізетіні бар. Ф. Гладков өзінің жоғарыда аталған мақаласында осы ескіліктің кеселді қырсықтарын жан-жақты талдай келіп, солардың ішінде әсіресе маскүнемдікке салыну дертінің кесір-кесапатын атап айтқан. Біздің Жазушылар одағындағы аз да болса ұшырасып жүрген мұндай сорақылыққа жөнді мән бермей келдік, тиісінше ескермедік, тамырына балта шаппадық. Көбінесе, қайтер дейсің, жөнделер, қояр деп, емексіп, жауырды жаба тоқынып келдік.

Біз материалисттерміз ғой. Мәселеге нақты қараймыз. Себепсіз салдар жоқ. Ендеше біздің арамызға аракідік еніп кеткен зиянды дерттің себебін табуымыз керек.

Бізде ең алдымен тәрбие жұмысы нашар. Тәрбие дейтін ұғымның мағынасы, мазмұны терең. Біз осының мәнін жеңіл ұғып жүрміз. Кейбір жолдастар тәрбиені тек лекция, баяндамалармен, кітаппен шектейді. Менің ойымша тәрбиеде шет-шек жоқ, ол шалқып жатқан теңіз секілді. Тәрбие шығармаларды талқылау, әр адаммен жеке-жеке сөйлесу, үйде де, ұйымда да ақыл-кеңес айту арқылы жүзеге асырылуы керек. Жазушылар арасындағы қарым-қатынас әр жазушының жүріс-тұрысы, мінезі, сырт пішіні,— бәрі де басқаларға өнеге.

Тәрбие ісіне тек ұйым басшылары ғана емес, бүкіл жазушылар болып, партия ұйымы болып жаппай қолға алса, бұзақылыққа, маскүнемдікке ешқандай кешірім жасалмаса,— сонда ғана мақсат орындалады.

Бізде көңілшектік істейтін жомарттар бар. Олай болмағанда құнсыз-құнарсыз өлеңдерге «Әдебиет және искусство» журналына орын берілуін немен түсіндіруге болады?

Партия ұйымы, оның бюросы әдебиетшілерді саяси жағынан тәрбиелеуде. Жазушылар одағының президиумына жеткілікті дәрежеде көмектеспей келгенін ашық айтамыз. Ендігі жерде бұл кемшіліктен тез арылып, әдебиетшілерді тәрбиелеу, ұйымды маскүнемдерден, шалағайлардан тазарту жөнінде тынбай жұмыс істейік.

Алдағы міндет ауыр, атқарылатын істеріміз ұшан-теңіз. Біз бұл міндеттерді партия басшылығымен ойдағыдай орындаймыз, ұйымның ынтымақ-бірлігін көзіміздің қарашығындай сақтаймыз, жазушы деген ардақты атақты кіршіксіз ұстаймыз.

1956

 

 

Ұқсас материалдар