Метеор

04.12.2012 5529
Метеор (грек. Meteora – атмосферада және аспан әле-мінде болатын құбылыстар) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене. М. Екі түрге (темір және тас) бөлінеді. Ол атмосфераға еніп, онымен әсерлескен кезде бастапқы массалары өзгереді. Сол кезде метеорлық денеде иондалған із пайда болады. Ол қараңғы аспанда тез қозғалып, жұлдыз тәрізді болып көрінеді де, бір сәтте жоқ болып кетеді. Сондықтан да оны ертеде халық “ақпа жұлдыз” деп атаған. Олардың кейбір жарықтары жер бетіне метеорит болып түсуі мүмкін. М-лар Жер атмосферасымен әсерлескенде метеор ағыны байқалады, ол ағынның ішіндегі жылдамдығы күштілерін метеор жауыны деп атайды (суретті қ.). М. Жайлы ғылым М. Денелердің атмосферамен әсерлесуін және М. Ізіндегі процестерді, планетааралық кеңістіктегі М. Затының қалай пайда болғандығын, оның құрылысын, онда болып тұратын өзгерістерді қарастырады. М. Өте ерте заманнан белгілі, ол жайында аңыздар да көп. Б.з.б. 2000 ж. Ежелгі Египетте ең алғаш жазылып қалдырылған құжаттарда ғана дұрыс мағлұмат берілген. Ежелгі грек философтарының кейбіреулері М-ды Жерге ағып түсіп, сөніп қалатын, көрінбейтін жұлдыз десе, басқалары М-ды қатты қызып шытынаған Күннің сынығы деген ойлар айтқан. 19 ғ-дың аяғына дейін М-ды көзбен ғана бақылауға мүмкін болса, ал 20 ғ-дың орта шенінде оны телескоп арқылы бақылауға қол жетті. Осы кезден бастап фотоға түсіру және радиолокац. Тәсіл қолданыла бастады. М-ға фотоэлектрлік, электронды-оптик. Және теледидарлық бақылаулар жүргізілетін болды. Метеорлық денелер Күнді айнала эллипстік орбита бойымен қозғалып, атмосфера қойнауына 11-ден 73 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Атмосферамен әсерлесуі оның массасына байланысты. Массасы ~10–9 г-нан аз болатын өте ұсақ метеор. Денелер 110 – 130 км биіктікте тежеліп қалады, олар тез буланып үлгірмей Жер бетіне микрометеориттер түрінде түседі. Ал массасы 10–9 г-нан үлкен метеорлық денелер атмосфераға терең еніп, жоғары темп-раға (беткі қабаты –104К) дейін қызып, түгелдей жоғалып кетеді (шашырайды немесе буланады). Массасы ~10 г-нан артық аса жарық метеорлық денелер болидтер деп аталады. Тозаңдану нәтижесінде өзінің бастапқы массасынан айырылған ұсақ метеорлық денелер жер бетіне өте ұсақ метеориттер түрінде (жылына 104 – 105 т) келіп түседі. +1-ден –10-жұлдыздық шамаға дейінгі жарық М-дың спектрлерін зерттеу нәтижесінде М-дың молек. Жолақтары әлсіздеу келген ат. Спектрлердің ашық эмиссиялық сызықтарын шығаратындығы анықталды. М-дың спектріндегі мұндай сызықтар ұе, Nа, Мg, Мg+, Са, Са+, Сr Sі+, N, О атомдары мен иондарында болады. Н. Абдрахманов

Метеор (грек. Meteora – атмосферада және аспан әле-мінде болатын құбылыстар) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене. М. Екі түрге (темір және тас) бөлінеді. Ол атмосфераға еніп, онымен әсерлескен кезде бастапқы массалары өзгереді. Сол кезде метеорлық денеде иондалған із пайда болады. Ол қараңғы аспанда тез қозғалып, жұлдыз тәрізді болып көрінеді де, бір сәтте жоқ болып кетеді. Сондықтан да оны ертеде халық “ақпа жұлдыз” деп атаған. Олардың кейбір жарықтары жер бетіне метеорит болып түсуі мүмкін. М-лар Жер атмосферасымен әсерлескенде метеор ағыны байқалады, ол ағынның ішіндегі жылдамдығы күштілерін метеор жауыны деп атайды (суретті қ.). М. Жайлы ғылым М. Денелердің атмосферамен әсерлесуін және М. Ізіндегі процестерді, планетааралық кеңістіктегі М. Затының қалай пайда болғандығын, оның құрылысын, онда болып тұратын өзгерістерді қарастырады. М. Өте ерте заманнан белгілі, ол жайында аңыздар да көп. Б.з.б. 2000 ж. Ежелгі Египетте ең алғаш жазылып қалдырылған құжаттарда ғана дұрыс мағлұмат берілген. Ежелгі грек философтарының кейбіреулері М-ды Жерге ағып түсіп, сөніп қалатын, көрінбейтін жұлдыз десе, басқалары М-ды қатты қызып шытынаған Күннің сынығы деген ойлар айтқан. 19 ғ-дың аяғына дейін М-ды көзбен ғана бақылауға мүмкін болса, ал 20 ғ-дың орта шенінде оны телескоп арқылы бақылауға қол жетті. Осы кезден бастап фотоға түсіру және радиолокац. Тәсіл қолданыла бастады. М-ға фотоэлектрлік, электронды-оптик. Және теледидарлық бақылаулар жүргізілетін болды. Метеорлық денелер Күнді айнала эллипстік орбита бойымен қозғалып, атмосфера қойнауына 11-ден 73 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Атмосферамен әсерлесуі оның массасына байланысты. Массасы ~10–9 г-нан аз болатын өте ұсақ метеор. Денелер 110 – 130 км биіктікте тежеліп қалады, олар тез буланып үлгірмей Жер бетіне микрометеориттер түрінде түседі. Ал массасы 10–9 г-нан үлкен метеорлық денелер атмосфераға терең еніп, жоғары темп-раға (беткі қабаты –104К) дейін қызып, түгелдей жоғалып кетеді (шашырайды немесе буланады).
Массасы ~10 г-нан артық аса жарық метеорлық денелер болидтер деп аталады. Тозаңдану нәтижесінде өзінің бастапқы массасынан айырылған ұсақ метеорлық денелер жер бетіне өте ұсақ метеориттер түрінде (жылына 104 – 105 т) келіп түседі. +1-ден –10-жұлдыздық шамаға дейінгі жарық М-дың спектрлерін зерттеу нәтижесінде М-дың молек. Жолақтары әлсіздеу келген ат. Спектрлердің ашық эмиссиялық сызықтарын шығаратындығы анықталды. М-дың спектріндегі мұндай сызықтар ұе, Nа, Мg, Мg+, Са, Са+, Сr Sі+, N, О атомдары мен иондарында болады.
Н. Абдрахманов