Зоотехния

04.12.2012 3375
ЗООТЕХНИЯ, з о о т е х н и к а (зоо... және грек. techne – өнер, шеберлік) – мал өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тері, т.б.) алу үшін малды өсіру, азықтандыру, бағып-күту және оны пайдаланудың тиімді жолдарын зерттейтін ауыл шаруашылық ғылымы. «З.» терминін ғылымға 1848 ж. француз ғалымы Ж.Бодеман енгізген. З. мал өсіру жөніндегі білімді жинақтайды және еңбек пен қаражатты аз жұмсай отырып, малдан сапасы жоғары өнімді мол алудың шараларын белгілейді. Адам баласы малды қолда ұстағаннан бастап, олардан алынатын түсім мал тұқымына байланысты екендігіне көңіл аударған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы төрт түлік мал өсірудің әрқайсысына тән тиімді тәсілдер іріктеліп, мал тұқымын асылдандырудың, оларды жыл мезгілдеріне сәйкес бағудың, өнімін арттырудың ұлттық жүйелері қалыптасқан. Қазақстанда З. саласындағы жүйелі зерттеулермен Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. технол. ин-ты, Қазақ қой ш. ғыл.-зерт. технол. ин-ты, Эксперименттік биология ин-ты, Батыс Қазақстан, Қостанай а. ш. ин-ттары, т.б. көптеген тәжірибе ст-лары шұғылданады. З. малдың биол. ерекшелігін зерттейтін ғылым болғандықтан ол биология, зоология, анатомия, гистология, физиология, биохимия, генетика, цитология, иммунология, т.б. ғылымдарға сүйенеді және ветеринария, агрономия, а. ш. өндірісін ұйымдастырумен, т.б. тығыз байланысты. Республикада зоотех. зерттеулерді алғаш 1926–28 ж. КСРО ҒА Қазақстанға бірнеше дүркін экспедиция ұйымдастырып, байтақ өлкенің әр аймағындағы мал түліктерінің (сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе) сапасы, өсіп-өну жағдайлары тексерілді (Ю.А.Филипченко, Ф.Г.Добржанский, Я.Я.Лус, т.б.). 20 ғ-дың 30–40-жылдары В.А.Бальмонттың басқаруымен қазақы қой прекос және рамбулье қошқарларымен жаппай будандастырылды (М.Ермеков, В.А.Малицкий, А.П.Пшеничный, т.б.), ұяң жүнді, биязылау жүнді қой ш. (Т.Бөкенбаев, Ә.Жандеркин, М.Әлетов, т.б.), жүндес ешкі ш. (П.Ф.Кияткин, Жандеркин) құрыла бастады. Дүние жүзіне әйгілі герефорд (Н.З.Галиакберов, Б.Мусин, С.Тасболатов), швиц (Д.Н. Пак), симментал (А.Г.Панасенко), қара ала голланд (Т.Ф.Тавилдарова) сиырларын пайдалану нәтижесінде қазақы сиыр тұқымы жақсартылды. Қазіргі заманғы З. жалпы З., жеке З. болып бөлінеді. Жалпы З. малдың барлық негізгі түрлері мен тұқымдарының биол., шаруашылықтық ерекшеліктерін айыра білу нәтижесінде оларды өсіру, азықтандыру, бағып-күту мәселелерін зерттейді. Жеке З. мал ш-ның жеке салаларын (сиыр, қой, шошқа, құс өсіру, т.б.) өркендетудің теор., практикалық мәселелерімен айналысады. Қазақстан ғалымдары сиырдың екі (қазақтың қасқа сиыры, Алатау сиыры) тұқымын, қойдың үш тұқымын (қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-меринос қойы, қазақтың оңтүстік мериносы), Қостанай жылқысын шығарды.  