Қан

04.12.2012 14406
Қан – организмде химиялық заттарды тасымалдау арқылы клетка және клеткааралық кеңістіктерде өтетін биохимиялық процестерді біртұтас жүйеге біріктіріп тұратын сұйық тін. Адам организмі мен жануарларда қан тамырлары бойымен айналатын қанның қалыпты көлемі дене массасының 6 – 8%-ын немесе 1/13 – 1/14 бөлігін құрайды. Орта есеппен ер адамда 5,2 л, әйелде – 3,9 л қан болады. Қанның негізгі қызметінің бірі – газ тасымалдау; трофикалық тасымалдау – глюкоза, аминқышқылдары, тұздар, су, т.б. қоректік заттарды ас қорыту органдарынан тіндерге; экскреторлы тасымалдау – организмдегі қажетсіз заттарды (несеп зәрін, несеп қышқылын, креатин, т.б.) зәр шығару органдарына тасымалдайды. Қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) бактерияларға қарсы арнайы иммунитет қалыптастырып, оларды арнаулы емес (бейспецификалық) жолдармен жойып, қорғаныш қызметін атқарады. Қанда болатын гормондардың, биологиялық белсенді заттардың, зат алмасу өнімдерінің қатысуымен организмде су мен тұздардың тепе-теңдігі, қышқылдар мен сілтілердің үйлесімділігі, организмнің дене температурасының тұрақтылығы, қан өндірілуі, т.б. физиологиялық көрсеткіштер қалыпты жағдайда реттеліп, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы сақталып тұрады. Қан – қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) және клеткааралық сұйық зат – плазмадан тұрады. Қанның түйіршіктері мен сұйық бөлшегінің өзара пайыздық арақатынасын – гематокриттік көрсеткіш деп атайды. Қалыпты жағдайда қан түйіршіктері 40 – 48%, плазмасы 52 – 60% болады. Қан плазмасының 90 – 93%-ы су, 7 – 10%-ы құрғақ зат. Құрғақ заттың 7 – 8%-ын белок (4 – 5%-ы альбуминдер, 3%-дайы глобулиндер, 0,2 – 0,4%-дайы фибриноген), 2 – 3%-ын органикалық заттар мен минералды қосылыстар құрайды. Қан плазмасы көмірсуының негізіне – глюкоза жатады. Ал қан липидтерінің құрамы –  нейтральды майлар, бос май қышқылдары мен олардың ыдырағаннан кейінгі өнімдері холестериннен, стероидты гормондардан тұрады. Бір клеткалы және төменгі сатыдағы омыртқасыздарда (губка, ішекқуыстылар) оттек денеге диффузия жолымен өтеді. Жануарлар эволюциясының белгілі бір сатысында тыныс алу пигменттерінің (гемоглобин, гемэритрин, гемоцианин) пайда болуына байланысты қандағы оттек мөлшері артып, оны тіндерге апаруы жақсарады. Ең көп тараған қызыл пигмент – гемоглобин. Омыртқалы жануарлардың қаны – біркелкі қою, қышқылтым, ерекше иісті, қызыл түсті сұйық. Омыртқасыз жануарлар қаны мөлшерінің дене салмағындағы үлесі (20 – 30%) омыртқалы жануарлармен (2 – 8%) салыстырғанда көп болады. Бұл – омыртқалылардың қан айналымының тұйық болуымен түсіндіріледі. Қан құрамының өзгеруі – организмнің онда болатын өзгерістерге (стресс, қансырау, инфекция, ашығу, т.б.) қайтарған жауабы, сондықтан қан құрамын талдау қорытындысының медициналық және ветеринариялық диагностика қоюдағы маңызы зор.  

Ұқсас материалдар