Қазақстан шаруасының қалпы мен байлаулы қазақ жастарының міндеттері

04.12.2012 2049
  Қазақстан шаруасының қалпы мен байлаулы қазақ жастарының міндеттері ЕЛ МЕН ЖЕР Қазақ жастарының ел шаруашылығына қатысу жолдарын дұрыс шешу, ел шаруашылығының осы кездегі қалыптарын айқын танумен байлаулы. Сондықтан ел шаруашылығының осы күнгі қалыптарын тексере келе, мұнымен байланысты кезектегі шараларды анықтап кетуге тура келеді. Қазақ елі шаруашылығының түріне қарап негізгі екі жікке бөлінеді: бірі — егінші жатақтар, екіншісі — малшы көшпелілер (астын сызған — редакция). Бұлардың қайсысының болса да шаруашылықтары күн көргіш өзіндік ретінде ғана. Екінші түрде айтқанда тамақтық. Екінші жатақтардың бұл күйде болу мәнісі кедейлік. Кедейлік, қазақтың бір жағынан егін кәсібіне кенеттен жаттыға алмағандығынан, екінші жағынан егінге болмағандығынан, егін кәсібінің өнімсіздігінен туып отыр. Малшы көшпелілердің шаруашылықтарының күн көргіш өзіндік болу мәнісі: малшының сырттан керек қылып қаларлық заттарының кем болып, үй шаруа жабдықтарына керек заттары өз шаруашылығынан табылып отырғандықтан. Қанша малы көп бай болса да малын сырттан алатын заттарға лайықтап қана сататындығы. Бұл секілді сырттан келетін заттарға мұқтаждығы, малының өсуімен байлаулы болмағандығы. Сондықтан көшпелі шаруалардың байлығының көбі өлі байлық. Ел байлығына жатпайды. Бұл күйде тұрғанда қазақ шаруашылықтары жалпы ел шаруашылығына пәлендей әсер бере алмайды. Олай болса, қазақтың егін шаруашылығын нашар күйден көтеруге, мал шаруашылығын өлі күйде қатынасқа айналдыруға қам қылу керек. (—ред.). Қазақтың егін шаруашылығының елдік болуына бұл шаруашылықтың дамуы ғана қажет. Мал шаруашылығының дамуы үстіне шаруалардың сырттан керек қылатын заттарының түрлері көбеюі керек. Өйткені, алатыны көбейсе, ұстайтыны да көбеймек. Егінші шаруалардың шаруашылығын дамыту, егін саймандарын жеткілікті қылу арқылы егін кәсібін өнімділікке айналдырумен табылады. Мұның жолдары кілең нашар шаруаларды ұйымдастырып, қазынаның ауыл шаруасына арнаған түрлі қарыздарына несібеге (несиеге) беретін машина құралдарына ортақтас қылу. Малшы шаруалардың шаруашылықтары пәлендей төтен дағдарысқа душар болмағандықтан, өркендету жұмысына пәлендей шұғылданбай-ақ, тек малының өлі жағын қатынасқа айналдырып жіберуді мақсат қылу керек. Бір жағынан шаруалардың сырттан алатын заттарын уақытында түгелімен әзірлеп тұратын сауда ұйымдарын өркендету өте қажет. Ұйымдардың қай түрлерінің де болса өркендеуі бір жағынан ұйымдасқан елдің ынталылығына, екінші жағынан ұйымның ішкі жұмысының дұрыс апаруымен байлаулы. Сондықтан жаратылысында жігерлі, жаңашыл жастардың бұл секілді ұйымдардың тууына, туғаннан кейін жұмысының жемісті болуына жолбасшылық етіп, ішкі мәдени жұмыстарын басқарып отырулары азаматтық борыштарына жатады. Сонда ғана жалпы мәдениетті ел шаруашылығымен қатынасы жоқ болса да өте кем қазақ шаруаларын мәдениетті ел шаруашылығының толық мүшелігіне айналдырып, сол шаруалармен мұңдас қылуға болады. Өйтпеген күнде үкіметтің шаруашылықты көтеру туралы істеп жатқан шаралары жеміссіз болмақ. Мұхтар Әуезов.  

 

Қазақстан шаруасының қалпы мен байлаулы қазақ жастарының міндеттері

ЕЛ МЕН ЖЕР

Қазақ жастарының ел шаруашылығына қатысу жолдарын дұрыс шешу, ел шаруашылығының осы кездегі қалыптарын айқын танумен байлаулы. Сондықтан ел шаруашылығының осы күнгі қалыптарын тексере келе, мұнымен байланысты кезектегі шараларды анықтап кетуге тура келеді.

Қазақ елі шаруашылығының түріне қарап негізгі екі жікке бөлінеді: бірі — егінші жатақтар, екіншісі — малшы көшпелілер (астын сызған — редакция).

Бұлардың қайсысының болса да шаруашылықтары күн көргіш өзіндік ретінде ғана. Екінші түрде айтқанда тамақтық.

Екінші жатақтардың бұл күйде болу мәнісі кедейлік. Кедейлік, қазақтың бір жағынан егін кәсібіне кенеттен жаттыға алмағандығынан, екінші жағынан егінге болмағандығынан, егін кәсібінің өнімсіздігінен туып отыр.

Малшы көшпелілердің шаруашылықтарының күн көргіш өзіндік болу мәнісі: малшының сырттан керек қылып қаларлық заттарының кем болып, үй шаруа жабдықтарына керек заттары өз шаруашылығынан табылып отырғандықтан. Қанша малы көп бай болса да малын сырттан алатын заттарға лайықтап қана сататындығы. Бұл секілді сырттан келетін заттарға мұқтаждығы, малының өсуімен байлаулы болмағандығы.

Сондықтан көшпелі шаруалардың байлығының көбі өлі байлық. Ел байлығына жатпайды. Бұл күйде тұрғанда қазақ шаруашылықтары жалпы ел шаруашылығына пәлендей әсер бере алмайды. Олай болса, қазақтың егін шаруашылығын нашар күйден көтеруге, мал шаруашылығын өлі күйде қатынасқа айналдыруға қам қылу керек. (—ред.).

Қазақтың егін шаруашылығының елдік болуына бұл шаруашылықтың дамуы ғана қажет. Мал шаруашылығының дамуы үстіне шаруалардың сырттан керек қылатын заттарының түрлері көбеюі керек. Өйткені, алатыны көбейсе, ұстайтыны да көбеймек.

Егінші шаруалардың шаруашылығын дамыту, егін саймандарын жеткілікті қылу арқылы егін кәсібін өнімділікке айналдырумен табылады. Мұның жолдары кілең нашар шаруаларды ұйымдастырып, қазынаның ауыл шаруасына арнаған түрлі қарыздарына несібеге (несиеге) беретін машина құралдарына ортақтас қылу.

Малшы шаруалардың шаруашылықтары пәлендей төтен дағдарысқа душар болмағандықтан, өркендету жұмысына пәлендей шұғылданбай-ақ, тек малының өлі жағын қатынасқа айналдырып жіберуді мақсат қылу керек. Бір жағынан шаруалардың сырттан алатын заттарын уақытында түгелімен әзірлеп тұратын сауда ұйымдарын өркендету өте қажет.

Ұйымдардың қай түрлерінің де болса өркендеуі бір жағынан ұйымдасқан елдің ынталылығына, екінші жағынан ұйымның ішкі жұмысының дұрыс апаруымен байлаулы.

Сондықтан жаратылысында жігерлі, жаңашыл жастардың бұл секілді ұйымдардың тууына, туғаннан кейін жұмысының жемісті болуына жолбасшылық етіп, ішкі мәдени жұмыстарын басқарып отырулары азаматтық борыштарына жатады. Сонда ғана жалпы мәдениетті ел шаруашылығымен қатынасы жоқ болса да өте кем қазақ шаруаларын мәдениетті ел шаруашылығының толық мүшелігіне айналдырып, сол шаруалармен мұңдас қылуға болады.

Өйтпеген күнде үкіметтің шаруашылықты көтеру туралы істеп жатқан шаралары жеміссіз болмақ.

Мұхтар Әуезов.

 

Ұқсас материалдар