Метасоматоз

04.12.2012 2390
Метасоматоз (грек. Meta – кейін, somatos – дене) – термалдық ерітінділер әсерінен тау жыныстарының хим., минералдық құрамының өзгеру процесі. М-да тау жыныстарының көлемі елеулі өзгермейді және олар қатты күйінде қалады, себебі бір минерал екінші минералдың алмастыруы қатар жүреді. М. Процесі хим. Құраушылардың таралу ерекшелігіне қарай – инфильтрац., диффуз.; инфильтрац.-диффуз.; ерітіндінің хим. Құрамына қарай – калийлі, натрийлі, темірлі, фторлы, т.б.; қалыптасу уақыты бойынша – магмалық кезеңдік, постмагмалық кезеңдік; орны бойынша – автометасоматоздық, жапсарлық даму аумағы бойынша – аймақтық, шенеулік болып ажыратылады. М. Процесінде қалыптасқан тау жыныстары метасоматиттер деп аталады. Олардың құрамында басқа тау жыныстарына тән емес андрадит-гроссулярлы гранаттар, геденбергит-диопсидті пироксендер, топаз, турмалин, корунд, диаспор, алунит, пирофиллит, брейнерит, анкерит, т.б. Минералдар кездеседі. Метасоматиттердің бітімі, көбінесе теңбіл, жолақты, ал құрылымы әркелкі түйірлі болып келеді. М-да хим. Құраушылардың көпшілігі жылжымалы болғандықтан метасоматиттер, көбінесе, бір немесе аз минералды болады. М-да қалыптасқан тау жыныстарға тән зат – ол белдемді құрылысты болуы. Мұндай ерекшелік термалдық ерітінділердің қоршаған тау жыныстарға енгенде олардың біртіндеп темп-расының төмендеуі мен сілтілі-қышқылдығының өзгеруіне байланысты болып келеді. Осыған орай М. Мынандай сатыларға бөлінеді: алғашқы сілтілі, қышқылды және кейінгі сілтілі. Метасоматиттердегі белдемдік сонымен қатар хим. Құраушылардың жылжымалық-салғырттық қасиеттеріне де байланысты болады. Хим. Элементтердің мұндай қасиеттерін олардың иондық радиусы, электр заряды, иондық потенциалы анықтайды. Соған қарай хим. Элементтердің жылжымалылығы жоғары (K, Na), орташа (Ca, Mg, Fe) және төмен немесе салғырт (Al, Sі) болады. М-дың осындай ерекшеліктеріне және қоршаған тау жыныстарының құрамына байланысты метасоматиттердің минералдық құрамы бойынша көптеген түрлері бар. Олардың ішінде кен орындарының тығыз байланысына қарай кейбіреулері ғана өзінше атау алған. Оларға скарн, альбит, грейзен, кварцит, березит, лиственит, т.б. Жатады. Қазақстанда темірдің, алтынның, полиметалдың, вольфрамның, қалайының, басқа да сирек металдардың көптеген ірі М. Кендері белгілі. Әдеб.: Коржинский Д.С., Теория метасоматической зональности, М., 1969; Бекботаев А.Т., Петрография және петрология, А., 1992. А. Бекботаева

Метасоматоз (грек. Meta – кейін, somatos – дене) – термалдық ерітінділер әсерінен тау жыныстарының хим., минералдық құрамының өзгеру процесі. М-да тау жыныстарының көлемі елеулі өзгермейді және олар қатты күйінде қалады, себебі бір минерал екінші минералдың алмастыруы қатар жүреді. М. Процесі хим. Құраушылардың таралу ерекшелігіне қарай – инфильтрац., диффуз.; инфильтрац.-диффуз.; ерітіндінің хим. Құрамына қарай – калийлі, натрийлі, темірлі, фторлы, т.б.; қалыптасу уақыты бойынша – магмалық кезеңдік, постмагмалық кезеңдік; орны бойынша – автометасоматоздық, жапсарлық даму аумағы бойынша – аймақтық, шенеулік болып ажыратылады. М. Процесінде қалыптасқан тау жыныстары метасоматиттер деп аталады. Олардың құрамында басқа тау жыныстарына тән емес андрадит-гроссулярлы гранаттар, геденбергит-диопсидті пироксендер, топаз, турмалин, корунд, диаспор, алунит, пирофиллит, брейнерит, анкерит, т.б. Минералдар кездеседі. Метасоматиттердің бітімі, көбінесе теңбіл, жолақты, ал құрылымы әркелкі түйірлі болып келеді. М-да хим. Құраушылардың көпшілігі жылжымалы болғандықтан метасоматиттер, көбінесе, бір немесе аз минералды болады. М-да қалыптасқан тау жыныстарға тән зат – ол белдемді құрылысты болуы. Мұндай ерекшелік термалдық ерітінділердің қоршаған тау жыныстарға енгенде олардың біртіндеп темп-расының төмендеуі мен сілтілі-қышқылдығының өзгеруіне байланысты болып келеді. Осыған орай М. Мынандай сатыларға бөлінеді: алғашқы сілтілі, қышқылды және кейінгі сілтілі. Метасоматиттердегі белдемдік сонымен қатар хим. Құраушылардың жылжымалық-салғырттық қасиеттеріне де байланысты болады. Хим. Элементтердің мұндай қасиеттерін олардың иондық радиусы, электр заряды, иондық потенциалы анықтайды. Соған қарай хим. Элементтердің жылжымалылығы жоғары (K, Na), орташа (Ca, Mg, Fe) және төмен немесе салғырт (Al, Sі) болады. М-дың осындай ерекшеліктеріне және қоршаған тау жыныстарының құрамына байланысты метасоматиттердің минералдық құрамы бойынша көптеген түрлері бар. Олардың ішінде кен орындарының тығыз байланысына қарай кейбіреулері ғана өзінше атау алған. Оларға скарн, альбит, грейзен, кварцит, березит, лиственит, т.б. Жатады. Қазақстанда темірдің, алтынның, полиметалдың, вольфрамның, қалайының, басқа да сирек металдардың көптеген ірі М. Кендері белгілі.
Әдеб.: Коржинский Д.С., Теория метасоматической зональности, М., 1969; Бекботаев А.Т., Петрография және петрология, А., 1992.
А. Бекботаева