Көне түрік дәуірі

04.12.2012 15378
Көне түрік дәуірі Көне түрік дәуірі — ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты болып келеді. Осы кезде осы жерлерде түркітілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті - ұлы Түрік қағанаты бой көтерді. Қағанат Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны. Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарқа да Батыс түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады. Жазу Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген. VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды. Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, кеш дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында, ертедегі түрік таңбаларына (рулық нышандарына) ұқсас бірнеше белгілермен толықтырылған соғды жазуы негізінде түріктердің арасында жаңа жазу пайда болды. Ол жазған кезде бір-бірімен қосылмайтын геометриялық пішіндегі таңбадан тұрған және соғды әріптерінен ерекшелігі — ағашқа немесе тасқа жазуға жақсы бейімделген еді. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында I Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И. Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинавияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н. М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлпытастарды тапты. Табылған мәтінді оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В. Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В. В. Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-ени- сей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері (тілі және жазылу сипаты) бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып келеді.  

Көне түрік дәуірі
Көне түрік дәуірі — ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты болып келеді.
Осы кезде осы жерлерде түркітілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті - ұлы Түрік қағанаты бой көтерді.
Қағанат
Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны. Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарқа да Батыс түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.
Жазу
Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.
VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды.
Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, кеш дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында, ертедегі түрік таңбаларына (рулық нышандарына) ұқсас бірнеше белгілермен толықтырылған соғды жазуы негізінде түріктердің арасында жаңа жазу пайда болды. Ол жазған кезде бір-бірімен қосылмайтын геометриялық пішіндегі таңбадан тұрған және соғды әріптерінен ерекшелігі — ағашқа немесе тасқа жазуға жақсы бейімделген еді. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында I Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И. Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинавияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н. М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлпытастарды тапты. Табылған мәтінді оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В. Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В. В. Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-ени- сей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері (тілі және жазылу сипаты) бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып келеді.
 

Ұқсас материалдар