Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

04.12.2012 51894
  Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%. Өнеркәсібі Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары . Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі. Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі. Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін және былғары аяқ киім өнеркәсібі (Оралда киіз байпақ және тері фабрикасы) жатады. Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы көршілес жатқан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді. Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистралды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол. Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағы жалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауға арналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтан жыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілде сыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызмет жасай алады. Аймақ шаруашылығының қарқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты. Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетін өндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеу зауыты мен балық консерві комбинаты. Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы - мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутина кенті), балық зауыты мен тоқыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылыс материалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км2, қала халқы 87%. Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналасқан. Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе). Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабының құрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тарту - жарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанның экономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалық-әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ға көбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейін көтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді. Экологиялық проблемалары Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер етуде. Игеру нәтижесінде мұнай қалдықтары топырақ қабатын, теңіз суларын ластауда. Мұнаймен ластанған аймақтың жалпы ауданы 200 мың га, қуаттылығы 100 мкР/сағ өлшемде болатын радиоактивті заттармен ластанған жердің ауданы 600 гектардан артық. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жағалауындағы теңізі суының ластануы белгіленген концентрациядан 8-13 есе артық. Физикалық география курсынан сіздерге таныс Каспий теңізінің деңгейі соңғы кездері жоғары көтерілуде. Нәтижесінде мұнай-газ кешендерінің біраз нысандары су астында қалып, экологиялық жағдайын одан бетер ушықтырып жіберді. Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі - бекіре тұқымдас балықтарының мекенжайы. Қазіргі таңда Каспийдің, биологиялық байлығын сақтап қалу дүниежүзі қауымдастығының өзекті мәселесі болып отыр. Мұнайды өндіру кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар орын алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде жануда, қоршаған орта қалдық сулармен ластануда. Алдағы уақытта теңіздің қазақстандық бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің экологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Қалалары Батыс Қазақстан аймағында 15 қала, 6 кент бар. Қалалар пайдалы қазбаларды игеру барысында қалыптасқан. Облыс орталықтарынан Ақтау теңіз жағалауында, қалған үшеуі өзен жағалауында орналасқан. Қалалардың іргесі қаланған кезеңде маңызды көлік түрі - су жолы болған. Атырау Атырау (207 мың адам) - Каспий теңізінің іргесі солтүстігінде, Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. Іргесі XVII ғасырда балықшылар елді мекені ретінде қаланған (ол кезде Гурьев деп аталды). Алғашқы кезде Жайық өзенінің құяр жерінде пайда болған елді мекенді Үйшік деп атады. Үйшіктің мағынасы балықты торға түсіретін жер деген мағынаны білдірген. Елді мекеннің салынуы бекіре балықтарының көбеюі кезінде Жайықтан жоғары жібермей ұстау мақсатында қаланған болатын. Ол кездерде Атырау балық шаруашылығы дамыған кішкене ғана уезд орталығы болған. Теңіз жолының ашылуы Ембі алабындағы мұнай өнеркәсібінің орталығына айналдырды. Республикамыздағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да осында салынды. Сонымен бірге мұнай құралдарын шығаратын, механикалық және кеме жөндеу зауыты, балық консервісі, ет, сүт және нан комбинаттары бар. Ұлы Отан соғысы жылдары Атырау ерекше маңызды қалалардың бірі болды. Бір жағынан Қазақстанды фронт болып жатқан аудандармен байланыстырса, екіншіден, батыстан көшірілген өнеркәсіп орталықтары мен адамдарды тасымалдады. Атырау арқылы Баку мұнайы Орал және Сібір аудандарына тасымалданды. Су жолы арқылы соғысқа қару-жарақ, азық-түлік, әскерлер жіберілді. Атырау қаласы үш ауданнан тұрады: Ескі, Жаңа және Гипсті. Ескі бөлігі Жайықтың Еуропа бөлігінде орналасқан. Бұл аймағында ескі, бір қабатты ағаш кірпіш үйлер мен әкімшілік үйлері орналасқан. Сол жағалауында (Азия бөлігі) жаңа үй құрылысы жүргізілуде (Ембі мұнай қалашығы). Жағалаудың осы бөлігіндегі мұнай өңдеу зауыты маңында Гипс қалашығы бар. Бұлай аталу себебі үйлердің құрылыс материалдары гипс блоктарынан салынған. Ақтөбе Ақтөбе (300 мың адам) - Батыс Қазақстанның индустриалды және мәдени орталығы. 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің орнында салынған. Қазіргі таңда Ақтөбе - облыс орталығы. Ресейдің Орынбор және Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық экономикалық аудандарының облыстарымен шектеседі. Қаланың географиялық орны қала халқының ұлттық құрамына және экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Қаладағы негізгі ұлт өкілдері қазақтар, татарлар, башқұрттар, немістер, еврейлер, орыстар және т.б. Ферроқорытпа зауыты, мұнай құрал-жабдықтарын және ауыл шаруашылық машиналарына қажетті бөлшектер шығаратын зауыттар мен хром қосылыстары зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда қаладағы 11 жоғары оқу орны мен 16 колледж экономика саласының көптеген мамандарын даярлауда. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Медицина академиясы, Т. Бигелдинов атындағы республикамыздағы жалғыз Әскери Жоғары авиация училищесі және т.б. бар. Жайық өзенінің оң жағалауындағы жазық далада Орал (236 мың адам) қаласы орналасқан. Орал Орал - көрікті қалалардың бірі. Қаланың іргесі XVII ғасырда Жайық қалашығы деген атпен қаланған болатын. 1773-75 жылдар аралығында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болатын. Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері аталады. Ресей патшайымы Екатерина көтерілістің атауын халық санасынан шығару мақсатында Жайық қалашығын Орал деп өзгертті. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған. Қала Ресей, Қазақстан, Орта Азия аралығындағы сауда жолында орналасқандықтан тез дами бастады. Өзенде кеме қатынасының басталуы мен темір жолдың салынуы өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал Сталинград шайқасының жақын тылына айналды. Сол кезде қалаға әскери қорғаныс саласының 14 өнеркәсібі және 20 әскери госпиталь көшіріліп әкелінді. Бүгінгі күнде ет консерві комбинаты (Қазақстанда 4-орын) ұн-жарма және мия зауыты жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеуде. Мия зауыты фармацевтика, кондитер және химия кәсіпорындарына мия экстрактын дайындайды. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі - Орал былғары және байпақ, киіз зауыты. Батыс аймақтың болашағы бар жас қаласы - Ақтау (168 мың адам). Іргесі 1960 жылдары қаланған. Мұнай және газ өнеркәсібінің мұнай химиясының орталығы және Каспий теңізіндегі портты қала. Ақтаудан Маңғыстаудың барлық мұнай өндіру аудандарына автомобиль жолы, ал Жетібай мен Жаңаөзенге темір жол тартылған.  

 

Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.
Өнеркәсібі
Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары . Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі.
Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы
Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі.
Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін және былғары аяқ киім өнеркәсібі (Оралда киіз байпақ және тері фабрикасы) жатады.
Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы көршілес жатқан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді.
Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистралды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол.
Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағы жалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауға арналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтан жыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілде сыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызмет жасай алады.
Аймақ шаруашылығының қарқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты.
Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетін өндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеу зауыты мен балық консерві комбинаты.
Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы - мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутина кенті), балық зауыты мен тоқыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылыс материалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км2, қала халқы 87%.
Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналасқан.
Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе).
Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабының құрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тарту - жарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанның экономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалық-әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ға көбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейін көтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді.
Экологиялық проблемалары
Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер етуде. Игеру нәтижесінде мұнай қалдықтары топырақ қабатын, теңіз суларын ластауда. Мұнаймен ластанған аймақтың жалпы ауданы 200 мың га, қуаттылығы 100 мкР/сағ өлшемде болатын радиоактивті заттармен ластанған жердің ауданы 600 гектардан артық. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жағалауындағы теңізі суының ластануы белгіленген концентрациядан 8-13 есе артық. Физикалық география курсынан сіздерге таныс Каспий теңізінің деңгейі соңғы кездері жоғары көтерілуде. Нәтижесінде мұнай-газ кешендерінің біраз нысандары су астында қалып, экологиялық жағдайын одан бетер ушықтырып жіберді. Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі - бекіре тұқымдас балықтарының мекенжайы. Қазіргі таңда Каспийдің, биологиялық байлығын сақтап қалу дүниежүзі қауымдастығының өзекті мәселесі болып отыр. Мұнайды өндіру кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар орын алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде жануда, қоршаған орта қалдық сулармен ластануда. Алдағы уақытта теңіздің қазақстандық бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің экологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.
Қалалары
Батыс Қазақстан аймағында 15 қала, 6 кент бар. Қалалар пайдалы қазбаларды игеру барысында қалыптасқан. Облыс орталықтарынан Ақтау теңіз жағалауында, қалған үшеуі өзен жағалауында орналасқан. Қалалардың іргесі қаланған кезеңде маңызды көлік түрі - су жолы болған.
Атырау
Атырау (207 мың адам) - Каспий теңізінің іргесі солтүстігінде, Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. Іргесі XVII ғасырда балықшылар елді мекені ретінде қаланған (ол кезде Гурьев деп аталды). Алғашқы кезде Жайық өзенінің құяр жерінде пайда болған елді мекенді Үйшік деп атады. Үйшіктің мағынасы балықты торға түсіретін жер деген мағынаны білдірген. Елді мекеннің салынуы бекіре балықтарының көбеюі кезінде Жайықтан жоғары жібермей ұстау мақсатында қаланған болатын. Ол кездерде Атырау балық шаруашылығы дамыған кішкене ғана уезд орталығы болған. Теңіз жолының ашылуы Ембі алабындағы мұнай өнеркәсібінің орталығына айналдырды. Республикамыздағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да осында салынды. Сонымен бірге мұнай құралдарын шығаратын, механикалық және кеме жөндеу зауыты, балық консервісі, ет, сүт және нан комбинаттары бар.
Ұлы Отан соғысы жылдары Атырау ерекше маңызды қалалардың бірі болды. Бір жағынан Қазақстанды фронт болып жатқан аудандармен байланыстырса, екіншіден, батыстан көшірілген өнеркәсіп орталықтары мен адамдарды тасымалдады. Атырау арқылы Баку мұнайы Орал және Сібір аудандарына тасымалданды. Су жолы арқылы соғысқа қару-жарақ, азық-түлік, әскерлер жіберілді.
Атырау қаласы үш ауданнан тұрады: Ескі, Жаңа және Гипсті. Ескі бөлігі Жайықтың Еуропа бөлігінде орналасқан. Бұл аймағында ескі, бір қабатты ағаш кірпіш үйлер мен әкімшілік үйлері орналасқан. Сол жағалауында (Азия бөлігі) жаңа үй құрылысы жүргізілуде (Ембі мұнай қалашығы). Жағалаудың осы бөлігіндегі мұнай өңдеу зауыты маңында Гипс қалашығы бар. Бұлай аталу себебі үйлердің құрылыс материалдары гипс блоктарынан салынған.
Ақтөбе
Ақтөбе (300 мың адам) - Батыс Қазақстанның индустриалды және мәдени орталығы. 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің орнында салынған. Қазіргі таңда Ақтөбе - облыс орталығы. Ресейдің Орынбор және Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық экономикалық аудандарының облыстарымен шектеседі. Қаланың географиялық орны қала халқының ұлттық құрамына және экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Қаладағы негізгі ұлт өкілдері қазақтар, татарлар, башқұрттар, немістер, еврейлер, орыстар және т.б. Ферроқорытпа зауыты, мұнай құрал-жабдықтарын және ауыл шаруашылық машиналарына қажетті бөлшектер шығаратын зауыттар мен хром қосылыстары зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда қаладағы 11 жоғары оқу орны мен 16 колледж экономика саласының көптеген мамандарын даярлауда. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Медицина академиясы, Т. Бигелдинов атындағы республикамыздағы жалғыз Әскери Жоғары авиация училищесі және т.б. бар. Жайық өзенінің оң жағалауындағы жазық далада Орал (236 мың адам) қаласы орналасқан.
Орал
Орал - көрікті қалалардың бірі. Қаланың іргесі XVII ғасырда Жайық қалашығы деген атпен қаланған болатын. 1773-75 жылдар аралығында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болатын. Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері аталады. Ресей патшайымы Екатерина көтерілістің атауын халық санасынан шығару мақсатында Жайық қалашығын Орал деп өзгертті. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған. Қала Ресей, Қазақстан, Орта Азия аралығындағы сауда жолында орналасқандықтан тез дами бастады. Өзенде кеме қатынасының басталуы мен темір жолдың салынуы өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал Сталинград шайқасының жақын тылына айналды. Сол кезде қалаға әскери қорғаныс саласының 14 өнеркәсібі және 20 әскери госпиталь көшіріліп әкелінді.
Бүгінгі күнде ет консерві комбинаты (Қазақстанда 4-орын) ұн-жарма және мия зауыты жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеуде. Мия зауыты фармацевтика, кондитер және химия кәсіпорындарына мия экстрактын дайындайды. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі - Орал былғары және байпақ, киіз зауыты.
Батыс аймақтың болашағы бар жас қаласы - Ақтау (168 мың адам). Іргесі 1960 жылдары қаланған. Мұнай және газ өнеркәсібінің мұнай химиясының орталығы және Каспий теңізіндегі портты қала. Ақтаудан Маңғыстаудың барлық мұнай өндіру аудандарына автомобиль жолы, ал Жетібай мен Жаңаөзенге темір жол тартылған.
 

Ұқсас материалдар