Батыс Қазақстан облысы

04.12.2012 27222
  Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген. Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев. Батыс Қазақстан облысының аудандары Ақжайық ауданы Бөкейорда ауданы Бөрлі ауданы Жаңақала ауданы Жәнібек ауданы Зеленов ауданы Казталов ауданы Қаратөбе ауданы Сырым ауданы Тасқала ауданы Теректі ауданы Шыңғырлау ауданы Табиғаты Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 — 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 — 260 м, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м). Геологиясы және кен байлықтары Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник. құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар. Климаты Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік. Гидрографиясы Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңт-ке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан. Топырағы мен өсімдік дүниесі Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі. Жануарлар дүниесі Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңт-ндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі. Шаруашылығы Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн. га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн. га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн. га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомоб. жолдарының Ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Олармен 4,8 млн. т жүк тасымалданған (1997). Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.  

 

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.
Батыс Қазақстан облысының аудандары
Ақжайық ауданы
Бөкейорда ауданы
Бөрлі ауданы
Жаңақала ауданы
Жәнібек ауданы
Зеленов ауданы
Казталов ауданы
Қаратөбе ауданы
Сырым ауданы
Тасқала ауданы
Теректі ауданы
Шыңғырлау ауданы
Табиғаты
Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 — 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 — 260 м, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).
Геологиясы және кен байлықтары
Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник. құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Климаты
Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.
Гидрографиясы
Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңт-ке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.
Топырағы мен өсімдік дүниесі
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.
Жануарлар дүниесі
Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңт-ндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн. га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн. га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн. га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомоб. жолдарының Ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Олармен 4,8 млн. т жүк тасымалданған (1997). Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.
 

Ұқсас материалдар