Алла Тағала

04.12.2012 7278
Алла Тағала - ислам дінінде бүкіл әлемді, адамзатты, барлық тіршілік иелерін жаратушысы. Барлығы Алла Тағаланың әмірімен болады, бүкіл болмыстың түп-тірегі деп түсіндіреді.Мұсылмандардың түсінігі бойынша Алла әлемдегі баршажанды, жансызды, есті-ессізді жаратушы. Ол адамдардың өмірге келгеннен бастап, бүкіл өмір сүру мезгілін белгілейді. Оны қазақтар жазмыш, жаратқан ие деп атайды. Қасиетті Алланың өзі саналы жаратқан адамдарына дұрыс жол көрсетіп, өмір сүру қағидаларын үйрету үшін елші жіберіп, сол елшілер арқылы өзінің айтқандарын кітап етіп жерге түсірді. Елшілерінің ең соңғысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болып саналады. Алла ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) күллі әлемге рақым нұры етіп жіберген. Ол Хақ рақымын паш етіп, барша ғаламды нұрға бөлеуде. Оған түскен кітап - Құран Кәрім Алланың адамдарға сыйлаған сөзі. Алла Тағаланың нақты бейнесі ешкімге көрінбейді. Адамдар оған тек намаз арқылы жалбарынып, берілгендіктерін жүректері арқылы білдіреді. Соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы жеткен Құран Кәрім аяттарында Алланың жалғыз екендігі, оған тең келер ешкімнің, еш нәрсенің жоқ екендігі айтылады. Алла ерекше күш иесі. Алланың рахымына ие болу үшін барша жанды-жансыз әркез оған жалынып, жалбарынған, тілек тілеген. Нағыз мұсылман Алланы бірден-бір жаратушы күш ретінде мойындап, өз өмірінде оның талаптарын бұлжытпай орындап отыруға міндетті. Алла Тағала адамды сүйіспеншілікпен жаратқандықтан әркез кеңшілік танытады, кешіруге әзір дейді. Қазақ түсінігінде Алла атауы Құдай (парсы), Тәңірі (түркі) сөздерімен қатар қолданылады. Бұл қазақы ортадағы исламның ерекшелігін айғақтайды. Алла Тағала - ұлы Абай мен Шәкәрім қажының еңбектеріндегі қаузалған ең негізгі этикалық категориялар - ақиқат, адамгершілік, адалдық, мәрттік, жомарттық, мейірімділік сияқты ізгілік қасиеттердің абсолюттік субстанциясы. Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Барлық ізгі сөздер мен амалдар тек Құдіреті күшті Аллаға ғана тән. Алла – пәк және мейірімді. Оның серігі жоқ және ол тумайды да, туылмайды да. Алла тағаланың рақымдылығы жайлы бір хадисте «Алла жаратылысты жаратпастан бұрын рақымдылықты өзіне жазды және «Расында, менің рақымдылығым азабымнан жоғары» деген. Сондай-ақ, Алланың аса рақымдылығын айқын көрсететін көптеген хадис келтіруге болады: «Аллаһтың атымен ант етейін, Алланың құлына деген мейірім-шапағаты бір ананың баласына деген мейірімділігінен сан есе үлкен».  

Алла Тағала - ислам дінінде бүкіл әлемді, адамзатты, барлық тіршілік иелерін жаратушысы. Барлығы Алла Тағаланың әмірімен болады, бүкіл болмыстың түп-тірегі деп түсіндіреді.Мұсылмандардың түсінігі бойынша Алла әлемдегі баршажанды, жансызды, есті-ессізді жаратушы. Ол адамдардың өмірге келгеннен бастап, бүкіл өмір сүру мезгілін белгілейді. Оны қазақтар жазмыш, жаратқан ие деп атайды. Қасиетті Алланың өзі саналы жаратқан адамдарына дұрыс жол көрсетіп, өмір сүру қағидаларын үйрету үшін елші жіберіп, сол елшілер арқылы өзінің айтқандарын кітап етіп жерге түсірді. Елшілерінің ең соңғысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болып саналады. Алла ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) күллі әлемге рақым нұры етіп жіберген. Ол Хақ рақымын паш етіп, барша ғаламды нұрға бөлеуде. Оған түскен кітап - Құран Кәрім Алланың адамдарға сыйлаған сөзі.

Алла Тағаланың нақты бейнесі ешкімге көрінбейді. Адамдар оған тек намаз арқылы жалбарынып, берілгендіктерін жүректері арқылы білдіреді. Соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы жеткен Құран Кәрім аяттарында Алланың жалғыз екендігі, оған тең келер ешкімнің, еш нәрсенің жоқ екендігі айтылады. Алла ерекше күш иесі. Алланың рахымына ие болу үшін барша жанды-жансыз әркез оған жалынып, жалбарынған, тілек тілеген. Нағыз мұсылман Алланы бірден-бір жаратушы күш ретінде мойындап, өз өмірінде оның талаптарын бұлжытпай орындап отыруға міндетті. Алла Тағала адамды сүйіспеншілікпен жаратқандықтан әркез кеңшілік танытады, кешіруге әзір дейді. Қазақ түсінігінде Алла атауы Құдай (парсы), Тәңірі (түркі) сөздерімен қатар қолданылады. Бұл қазақы ортадағы исламның ерекшелігін айғақтайды. Алла Тағала - ұлы Абай мен Шәкәрім қажының еңбектеріндегі қаузалған ең негізгі этикалық категориялар - ақиқат, адамгершілік, адалдық, мәрттік, жомарттық, мейірімділік сияқты ізгілік қасиеттердің абсолюттік субстанциясы. Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Барлық ізгі сөздер мен амалдар тек Құдіреті күшті Аллаға ғана тән. Алла – пәк және мейірімді. Оның серігі жоқ және ол тумайды да, туылмайды да. Алла тағаланың рақымдылығы жайлы бір хадисте «Алла жаратылысты жаратпастан бұрын рақымдылықты өзіне жазды және «Расында, менің рақымдылығым азабымнан жоғары» деген. Сондай-ақ, Алланың аса рақымдылығын айқын көрсететін көптеген хадис келтіруге болады: «Аллаһтың атымен ант етейін, Алланың құлына деген мейірім-шапағаты бір ананың баласына деген мейірімділігінен сан есе үлкен».
 

Ұқсас материалдар