Достық

04.12.2012 1761
  Топырағы, ауа райы әр қилы, не ексең сол шығады, қазсаң керекті кеннің бәрі табылады. Европаның 16 мемлекеті сыйып кетерлік осы жерде Қазақстанның 16 облыс елі отыр. Жердің тек кеңдігі, байлығы мақтан емес. Дүниеде, бай, кең жерлер көп, оларда қысылып, тарығып отырғандар да көп. Менің айтайын дегенім елімнің ой, пейіл кендігі. Бұл екеуі тарылса дүниенің кеңдігінен пайда жоқ. Бір заманда сол ұлан-байтақ жерге сыймай қазақ пен қазақ қан төгісуге дейін баратын. Енді өзі түгілі, басқадан қызғанбайды, қайта қолғабысқа шақырады. Ғасырлар бойы менің елім көшкен, онымен қоса жел ескен, ақ бөкендер орғыған ен далада бүгін электр жарығы түспеген, мотор даусы естілмеген, завод трубалары көтерілмеген жер кемде-кем. Өмірі соқа тимеген ту далада сауырын трактор тілмеген жер, «Қазақстан миллиарды» демеген ел кемде-кем. Осының бәрі қазақтың өз күшімен ғана емес, бүкіл совет халқының, әсіресе ұлы орыс халқының көмегімен жасалды. Совет халықтарының арасындағы көмек саудасыз, алдау-арбаудан аулақ, бірін-бірі ұтуды ойламайтын нағыз достық көмек. Өйткені, бәрінің мақсаты бір: социализм, коммунизм. Бұл екі сөз біздің ұғымымызда әр ұлтты еңбектің, әділет, мәдениет, байлықтың, қысқасынан айтқанда адамды өмірдің ең жоғары сатыларына көтеру боп табылады. Өмір сатылары көп. Қазақ қазір қай сатыға жеткенін дәл айта алмаймын. Әйтеуір, өзімнің бала кезім қандай алыс көрінсе, Октябрьден бұрынғы қазақ өмірі де сондай алыстап қалғаны анық. Осыған мықты бір айғақ: бұрын жүздің ішінен бірер адам ғана хат таныса, қазір хат тану былай тұрсын, орта не жоғары дәрежелі білімі бар бір адам шықпайтын үй некен-саяқ. Машина араласпайтын еңбек азайды. Машинаны қазақ қазір ат орнына мінді. Достық көмектердің арқасында қазақ өз алдына мемлекет болып қана қойған жоқ, кешегісінен бүгінгі, бүгінінен ертеңгісі асып түсетін өнерлі, ірі мемлекетке айналып барады. Біз әм ән алға қарауда, алға басудамыз. Біздің елдің бұл қуанышты көңілін монғол ағайындарға мақтана жеткіземін. Қазақ, монғол ертеден іргелес, көшіп жүріп мал баққан, тұрмыс-тілектері, шама-шарықтары қаралас болған елдер. Бірін-бірі тез түсінеді. Бірінікі біріне тез жұғады. Тек достық қарым-қатынастарды күшейтіп, табыс-тәжірибелерін ортаға сала беруіміз керек. Осы мақсатпен биыл Қазақстанда өткізілген моңғол-қазақ, қазір осында өтіп жатқан қазақ-моңғол достық онкүндіктерінің маңызы зор. Бұл онкүндіктер екі елді бір-біріне жақындата, мән-жайына қандыра түседі, достықтарын шегендей, өмір жолындағы тәжірибелерін байыта түседі. Қазақ көші ұзап кетті. Жолсызбен, бұрын ешкім жүрмеген қиын-қиын жерлерден өтті. Қазір жазыққа шыққан кезі, коммунизм биіктері көз ұшында «мен мұндалап» тұр. Монғол көшінің беті де сол жайлау. Жол бойында көргендерін жалықпай айтуға, қолдан келген көмегін аямауға қазақтар әрқашан дайын. «Достық жолында жан пида» дейді бізде. Тек достық көңіл, бейбіт еңбек қана дүниені кеңейтеді, гүлдентеді. 1958

 

Топырағы, ауа райы әр қилы, не ексең сол шығады, қазсаң керекті кеннің бәрі табылады. Европаның 16 мемлекеті сыйып кетерлік осы жерде Қазақстанның 16 облыс елі отыр. Жердің тек кеңдігі, байлығы мақтан емес. Дүниеде, бай, кең жерлер көп, оларда қысылып, тарығып отырғандар да көп. Менің айтайын дегенім елімнің ой, пейіл кендігі. Бұл екеуі тарылса дүниенің кеңдігінен пайда жоқ. Бір заманда сол ұлан-байтақ жерге сыймай қазақ пен қазақ қан төгісуге дейін баратын. Енді өзі түгілі, басқадан қызғанбайды, қайта қолғабысқа шақырады.

Ғасырлар бойы менің елім көшкен, онымен қоса жел ескен, ақ бөкендер орғыған ен далада бүгін электр жарығы түспеген, мотор даусы естілмеген, завод трубалары көтерілмеген жер кемде-кем. Өмірі соқа тимеген ту далада сауырын трактор тілмеген жер, «Қазақстан миллиарды» демеген ел кемде-кем. Осының бәрі қазақтың өз күшімен ғана емес, бүкіл совет халқының, әсіресе ұлы орыс халқының көмегімен жасалды.

Совет халықтарының арасындағы көмек саудасыз, алдау-арбаудан аулақ, бірін-бірі ұтуды ойламайтын нағыз достық көмек. Өйткені, бәрінің мақсаты бір: социализм, коммунизм. Бұл екі сөз біздің ұғымымызда әр ұлтты еңбектің, әділет, мәдениет, байлықтың, қысқасынан айтқанда адамды өмірдің ең жоғары сатыларына көтеру боп табылады.

Өмір сатылары көп. Қазақ қазір қай сатыға жеткенін дәл айта алмаймын. Әйтеуір, өзімнің бала кезім қандай алыс көрінсе, Октябрьден бұрынғы қазақ өмірі де сондай алыстап қалғаны анық. Осыған мықты бір айғақ: бұрын жүздің ішінен бірер адам ғана хат таныса, қазір хат тану былай тұрсын, орта не жоғары дәрежелі білімі бар бір адам шықпайтын үй некен-саяқ. Машина араласпайтын еңбек азайды. Машинаны қазақ қазір ат орнына мінді.

Достық көмектердің арқасында қазақ өз алдына мемлекет болып қана қойған жоқ, кешегісінен бүгінгі, бүгінінен ертеңгісі асып түсетін өнерлі, ірі мемлекетке айналып барады. Біз әм ән алға қарауда, алға басудамыз. Біздің елдің бұл қуанышты көңілін монғол ағайындарға мақтана жеткіземін.

Қазақ, монғол ертеден іргелес, көшіп жүріп мал баққан, тұрмыс-тілектері, шама-шарықтары қаралас болған елдер. Бірін-бірі тез түсінеді. Бірінікі біріне тез жұғады. Тек достық қарым-қатынастарды күшейтіп, табыс-тәжірибелерін ортаға сала беруіміз керек. Осы мақсатпен биыл Қазақстанда өткізілген моңғол-қазақ, қазір осында өтіп жатқан қазақ-моңғол достық онкүндіктерінің маңызы зор. Бұл онкүндіктер екі елді бір-біріне жақындата, мән-жайына қандыра түседі, достықтарын шегендей, өмір жолындағы тәжірибелерін байыта түседі.

Қазақ көші ұзап кетті. Жолсызбен, бұрын ешкім жүрмеген қиын-қиын жерлерден өтті. Қазір жазыққа шыққан кезі, коммунизм биіктері көз ұшында «мен мұндалап» тұр. Монғол көшінің беті де сол жайлау. Жол бойында көргендерін жалықпай айтуға, қолдан келген көмегін аямауға қазақтар әрқашан дайын. «Достық жолында жан пида» дейді бізде. Тек достық көңіл, бейбіт еңбек қана дүниені кеңейтеді, гүлдентеді.

1958

Ұқсас материалдар