Алжир

04.12.2012 15923
Алжир — Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия аш-Шаабия) – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 34 млн. (2007). Негізгі халқы – алжирліктер – 14,9 млн. адам. Халықтың 99%-ын мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы – Алжир қаласы. 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді. Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары, оңтүстік-шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, темір, қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Теңіз жағалауында субтропиктік климат қалыптасқан. Қаңтар айының орташа температурасы –5 –12ӘС, шілдеде – 25ӘС, орталығы мен оңтүстігінің шөлді өңірінде 35ӘС-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері оңтүстігінде 100 – 200 мм, солтүстігінде 500 – 1200 мм-ден аспайды. Басты өзені: Шелиф (ұзындығы 700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна, т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл, шөлейт өсімдіктері өседі. Алжир аймағында алғашқы адамдар бұдан 400 – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 12 ғасырда Алжир жерінде тұңғыш финикиялық қоныстар пайда болып, сауда, қала өмірі қалыптасқан. Олардың ең белгілі мемлекеті Карфаген біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Жерорта теңізі аймағында үстемдік орнату мақсатымен Риммен көп жылдарға созылған соғыстарда жеңіліске ұшырады. Сол кездерде Алжир жерінде тайпалық одақтар қалыптасқан (массилдер, мазазилдер, т.б.). Олардың негізінде біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың ақырында Нумидия мемлекеті құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 46 ж. Нумидия Римге бағынышты болды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Алжирді вандалдар басып алды. 6 ғасырда Византия үстемдігі орнады. 7 ғасырда бұл аймақ арабтардың қолына өтті. 14 ғасырдың ортасында Алжир Осман сұлтандарының қолына өтті. 1711 ж. жергілікті әскери-феодалдық топтар ел билігін өз қолдарына алу үшін күрес жүргізді. 18 ғасырда Алжир бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Соны пайдаланған Франция 1830 ж. Алжирді басып алды. Әмір Абду-л-Қадыр бастаған Алжир халқының отаршылдарға қарсы күресі 1881 жылға дейін созылды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалысы қайтадан өріс алды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары да елдің тәуелсіздігі үшін күрес тоқтамады. 1954 ж. наурызда Алжирде «Революциялық бірлік пен қимыл комитеті» құрылды. Ол сол жылдың ақырында «Алжир ұлт-азаттық майданы» (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада қарулы көтеріліс ұйымдастырды. Ұлт-азаттық майданды негізгі саяси, қоғамдық топтар, бұқара халық қолдады. Көтерілісті басу үшін Францияның 1 млн-ға жуық әскерлері елді мекендерді бақылауға алды. 8 жылға созылған соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн адам абақтыға қамалып, босқындар көбейді. 1962 ж. 5 шілдеде Алжир – Халықтық демократиялық республика болып жарияланды. Ауыл шаруашылғының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы – мұнай және табиғи газ өндіру. Металлургиялық комбинат, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүниежүзілік маңызы бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген.  

Алжир — Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия аш-Шаабия) – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 34 млн. (2007). Негізгі халқы – алжирліктер – 14,9 млн. адам. Халықтың 99%-ын мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы – Алжир қаласы. 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді.

Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары, оңтүстік-шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, темір, қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Теңіз жағалауында субтропиктік климат қалыптасқан. Қаңтар айының орташа температурасы –5 –12ӘС, шілдеде – 25ӘС, орталығы мен оңтүстігінің шөлді өңірінде 35ӘС-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері оңтүстігінде 100 – 200 мм, солтүстігінде 500 – 1200 мм-ден аспайды. Басты өзені: Шелиф (ұзындығы 700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна, т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл, шөлейт өсімдіктері өседі.

Алжир аймағында алғашқы адамдар бұдан 400 – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 12 ғасырда Алжир жерінде тұңғыш финикиялық қоныстар пайда болып, сауда, қала өмірі қалыптасқан. Олардың ең белгілі мемлекеті Карфаген біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Жерорта теңізі аймағында үстемдік орнату мақсатымен Риммен көп жылдарға созылған соғыстарда жеңіліске ұшырады. Сол кездерде Алжир жерінде тайпалық одақтар қалыптасқан (массилдер, мазазилдер, т.б.). Олардың негізінде біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың ақырында Нумидия мемлекеті құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 46 ж. Нумидия Римге бағынышты болды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Алжирді вандалдар басып алды. 6 ғасырда Византия үстемдігі орнады. 7 ғасырда бұл аймақ арабтардың қолына өтті. 14 ғасырдың ортасында Алжир Осман сұлтандарының қолына өтті. 1711 ж. жергілікті әскери-феодалдық топтар ел билігін өз қолдарына алу үшін күрес жүргізді. 18 ғасырда Алжир бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Соны пайдаланған Франция 1830 ж. Алжирді басып алды. Әмір Абду-л-Қадыр бастаған Алжир халқының отаршылдарға қарсы күресі 1881 жылға дейін созылды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалысы қайтадан өріс алды.

2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары да елдің тәуелсіздігі үшін күрес тоқтамады. 1954 ж. наурызда Алжирде «Революциялық бірлік пен қимыл комитеті» құрылды. Ол сол жылдың ақырында «Алжир ұлт-азаттық майданы» (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада қарулы көтеріліс ұйымдастырды. Ұлт-азаттық майданды негізгі саяси, қоғамдық топтар, бұқара халық қолдады. Көтерілісті басу үшін Францияның 1 млн-ға жуық әскерлері елді мекендерді бақылауға алды.

8 жылға созылған соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн адам абақтыға қамалып, босқындар көбейді. 1962 ж. 5 шілдеде Алжир – Халықтық демократиялық республика болып жарияланды.
Ауыл шаруашылғының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы – мұнай және табиғи газ өндіру. Металлургиялық комбинат, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүниежүзілік маңызы бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген.