Қазба жануарлар мен өсімдіктер

04.12.2012 7650
Қазба жануарлар мен өсімдіктер – жер қабаттарында сақталған ежелгі заман жануарлары мен өсімдіктерінің қалдықтары. Қазақстанда қазба жануарлар мен қазба өсімдіктерінің қалдықтары 300-ден астам орыннан табылған. Қазбадан табылған омыртқалы жануарлардың 600-ден астам түріне ғылыми сипаттама берілген. Қазақстанның оңтүстігінен (Кіші Қаратаудан) табылған гастроподтар, брахиоподалар, т.б. кембрий кезеңінің басында, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда трилобиттер, брахиоподтар, гастроподтар, конодонттар, археоциаттар (алғашқы маржан түзушілер) тіршілік еткен. Силур және девон кезеңдерінде брахиоподтар, маржандар мен граптолиттер дамыған. Тас көмір, пермь кезеңдерінің шөгінділерінде қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың сүйектері, Қаратау жотасы төңірегінен юра жәндіктерінің сирек кездесетін жиынтығы табылған. Қазақстан жеріндегі су айдындарында кәдімгі балықтардың арғы тегі, юра кезеңінде Қаратауда шеміршекті балықтар тіршілік еткен, ал сүйекті балықтар, негізінен, триаста пайда болған. Алматы қаласы маңынан жабайы жабықбасты бақа кесірткенің қалдығы соңғы палеозой шөгінділерінен табылған. Мезозой эрасын динозаврлар заманы деп атайды, себебі олардың суда тіршілік ететін (ихтиозавр, плезиозавр), ұшатын түрлері (птерозавр) күшті дамыған. Бор кезеңінің соңында тіршілік еткен алғашқы сүтқоректілер Орталық Қазақстаннан табылған. Бірақ құстар мен сүтқоректілердің кеңінен дамыған уақыты – кайнозой эрасы. Палеогенде ергежейлі бұғы (трагулид), ұсақ тапиртәрізділер, алып мүйізтұмсықтар, т.б. тіршілік еткен. Неоген кезеңінің басында дельфин, кит, т.б. қалдықтары, ал неогеннің 2-жартысында гиппарион фаунасы күшті дамыған. Қазба қалдықтар жердің геологиялық жасын анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір қазба жануарлар шөгінділері (Маңғыстау ұлутастары, т.б.) құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Ал, өсімдіктердің қазба қалдықтары ішінде осы күні кездесетін және жойылып кеткен түрлері де бар. Қазба өсімдіктердің діңдері минерал тұздарды сіңіру арқылы тасқа айналған, жапырақ ізі, дән, жеміс, бүр қалпында, кейде сүрек күйінде кездеседі. Тек бактериялар мен балдырлар ғана бөлшектенбей бүтін күйінде сақталған. Ертедегі қазба өсімдіктер – балдырлар кембрийге дейінгі дәуірлерден қалған, силур кезеңінде алғашқы жоғары сатылы өсімдіктер – ринофиттер пайда болған. Девон кезеңінен бастап буынтық бұтақтылар, плаундар, қырыққұлақтар пайда болған. Палеозой эрасында балдырлардың жасыл, қызыл, бурыл түрлері, ал мезозой мен кайнозойда диатомды және пирофитті түрлері басым болған. Негізінен, девон кезеңіндегі плаундар, қырыққұлақтар сияқты өсімдіктердің тасқа айналған жуан діңдері жақсы сақталған, тас көмір кезеңіндегі тропиктік орман ағаштарының батпақ, су астында шіруінен (кезеңнің карбон не таскөмір деп аталуы осыдан) тас көмір қабаттары (мысалы, Қарағанды көмір алабы) қалыптасқан. Олардың орнында алғашқы қылқан жапырақтылар – кордоиттар пайда болған. Бұлардың жапырақтары Қазақстанда пермь шөгінділерінен табылған. Бор кезеңінде, әсіресе жабық тұқымдылар қаулап өскен. Пальма, талшын, емен, лавр – эоцен дәуіріне тән, бұл кезде субтропиктер қазіргі Павлодар қаласы тұсындағы ендікке жететін. Батпақ кипарисі, магнолия, талшын, емен қазіргі Зайсан ойпатынан табылған. Қатты жапырақты емен сияқты көне Жерорта теңізінің флорасы неоген дәуіріне тән. Тораңғы, терек, түрлі бұршақ тұқымдастары, т.б. кайнозойдың палеоген, неоген кезеңдерінде пайда болған. Қазба өсімдіктер – көне геологиялық заманда болған климат пен ландшафт өзгерістерінің куәсі, жер бетіндегі өсімдіктер эволюциясының айқын сипаты. Олар жер қойнауында қашан, қандай шөгінділер пайда болғанын, олардың қалай, қандай жағдайда қалыптасқанын білуге мүмкіндік береді.  

Ұқсас материалдар