Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова

04.12.2012 2034
Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова (31.8.1931 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкөзек ауылы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1966). 1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап “Казақфильм” студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының труппасына қабылданды. Мұнда алғаш ойнаған рөлдерінің бірі — Ә.Әбішевтің “Кім менің әкем?” атты драмасындағы Лағыл (1957). Бұдан кейін Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері — Ақтоқты”), Айман (М.Әуезов, “Айман — Шолпан”), Айжан (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”), Дездемона ([[Шекспир|У.Шекспир, “Отелло”) сияқты арулар бейнесін жасап, лирикалық сезім-бояуы мол актриса екенін танытты. Әсіресе, Шәріпованың шығармалық өнер ғұмырнамасында Қарагөз (Әуезов, [[[“Қарагөз”]]) рөлі үлкен орын алады. Бұл рөлі арқылы актриса жас ару Қарагөздің борыш пен сезім арасындағы аласұрған жан қайғысы мен трагедиялық тағдырын психологиялық-эмоциялық тұрғыдан зор шеберлікпен ашып, ұмытылмас толыққанды сахналық бейне жасады. Шәріпова драмалық, өткір мінезді, комедиялық рөлдерде де ойнап, өзінің сан қырлы сахна суреткері екенін байқатты: Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”), Дәмеш (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”; Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Нұрсұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, “Беу қыздар-ай” мен “Ой, жігіттер-ой”), Пүліш (Б.Майлин, “Майдан”), Ажар, Валентина Николаевна (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” және “Кемеңгерлер мен көлеңкелер”), Айша (Т.Ахтанов, “Сәуле”), Назгүл, Гүлзар, Фариза (Әбішев, “Күншілдік”, “Белгісіз батыр” мен “Кәусар”), Бикеш (Қ.Мұқашев, “Парторг”), Айнаш (Ш.Құмарова, “Кімнің тойы?”), т.б. Ш. әрбір рөлімен өзіне тән әдемі де әрлі, баурап алар тартымды, ашық та айқын дикциясы, әсерлі де әуезді әншілік пен эмоц. тебіреніске толы дауыс үні мен пластик. қимыл-әрекеті арқылы көркем сахналық бейнелерді шынайы кескіндеді. ТМД және шет ел драматургиясының туындылары бойынша қойылған спектакльдерде де ерекше көзге түсті: Саттыхан, Бахри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”), Үкібала (Ш.Айтматов, “Ғасырдан да ұзақ күн”), Эллен (И.П. Куприянов, “Вьетнам жұлдызы”), Каплан (А.Я. Каплер, “Ленин 1918 жылы”), Ганна (А.А. Дударев, “Кеш”), Елена (А.М. Горький, “Күннен туғандар”), Анита (В. Дельмар, “Өкінішті өмір”), Әкім әйел (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), т.б. Кезінде ол көптеген дубляжға және радиоқойылымдарға қатысып, көркем сөз оқумен де (Әуезов, Мүсірепов, С.Сейфуллин, т.б. жазушылардың шығармалары) шұғылданды. 1955 жылдан киноға түскен: Нұржамал (“Өжет қыз”, 1955), Дина (“Біз осында тұрамыз”, 1957), Хадиша (“Өмір жолы”, 1961), Прокурор (“Шыңдағы шынар”, 1965), Қарлығаш (“Абай” телефильмі, 1976), Бәлзия (“Заман-ай”, 1997), т.б. 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.  

Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова (31.8.1931 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкөзек ауылы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1966). 1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап “Казақфильм” студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының труппасына қабылданды. Мұнда алғаш ойнаған рөлдерінің бірі — Ә.Әбішевтің “Кім менің әкем?” атты драмасындағы Лағыл (1957). Бұдан кейін Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері — Ақтоқты”), Айман (М.Әуезов, “Айман — Шолпан”), Айжан (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”), Дездемона ([[Шекспир|У.Шекспир, “Отелло”) сияқты арулар бейнесін жасап, лирикалық сезім-бояуы мол актриса екенін танытты. Әсіресе, Шәріпованың шығармалық өнер ғұмырнамасында Қарагөз (Әуезов, [[[“Қарагөз”]]) рөлі үлкен орын алады. Бұл рөлі арқылы актриса жас ару Қарагөздің борыш пен сезім арасындағы аласұрған жан қайғысы мен трагедиялық тағдырын психологиялық-эмоциялық тұрғыдан зор шеберлікпен ашып, ұмытылмас толыққанды сахналық бейне жасады. Шәріпова драмалық, өткір мінезді, комедиялық рөлдерде де ойнап, өзінің сан қырлы сахна суреткері екенін байқатты: Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”), Дәмеш (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”; Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Нұрсұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, “Беу қыздар-ай” мен “Ой, жігіттер-ой”), Пүліш (Б.Майлин, “Майдан”), Ажар, Валентина Николаевна (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” және “Кемеңгерлер мен көлеңкелер”), Айша (Т.Ахтанов, “Сәуле”), Назгүл, Гүлзар, Фариза (Әбішев, “Күншілдік”, “Белгісіз батыр” мен “Кәусар”), Бикеш (Қ.Мұқашев, “Парторг”), Айнаш (Ш.Құмарова, “Кімнің тойы?”), т.б. Ш. әрбір рөлімен өзіне тән әдемі де әрлі, баурап алар тартымды, ашық та айқын дикциясы, әсерлі де әуезді әншілік пен эмоц. тебіреніске толы дауыс үні мен пластик. қимыл-әрекеті арқылы көркем сахналық бейнелерді шынайы кескіндеді. ТМД және шет ел драматургиясының туындылары бойынша қойылған спектакльдерде де ерекше көзге түсті: Саттыхан, Бахри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”), Үкібала (Ш.Айтматов, “Ғасырдан да ұзақ күн”), Эллен (И.П. Куприянов, “Вьетнам жұлдызы”), Каплан (А.Я. Каплер, “Ленин 1918 жылы”), Ганна (А.А. Дударев, “Кеш”), Елена (А.М. Горький, “Күннен туғандар”), Анита (В. Дельмар, “Өкінішті өмір”), Әкім әйел (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), т.б. Кезінде ол көптеген дубляжға және радиоқойылымдарға қатысып, көркем сөз оқумен де (Әуезов, Мүсірепов, С.Сейфуллин, т.б. жазушылардың шығармалары) шұғылданды.
1955 жылдан киноға түскен: Нұржамал (“Өжет қыз”, 1955), Дина (“Біз осында тұрамыз”, 1957), Хадиша (“Өмір жолы”, 1961), Прокурор (“Шыңдағы шынар”, 1965), Қарлығаш (“Абай” телефильмі, 1976), Бәлзия (“Заман-ай”, 1997), т.б. 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.