"Зафарнама"

04.12.2012 2302
"Зафарнама" (парсы тілінде - "Жеңіс кітабы") - Низам әд-Дин Шамидін шығармасы. Әмір Темірдің өмір тарихы туралы қолжазбаның ресми сақталып қалған, екі тұрде редакцияланған нұсқасының алғашқысы. 1402 - 04 жылдары парсы тілінде жазылған. Низам әд-Дин Шами Бағдаттан 1393 жылы қоныс аударып, Әмір Темірдің сарайына қызметке ауысады. Сол себепті ол осының алдындағы жылдарда болған оқиғаларды тек ауызша және жазба деректемелерге сүйеніп жазуы ықтимал. "Зафарнама" Әмір Темірдің тапсыруымен жазылып, шығарманың атын да өзі қойған. Автор деректеме ретінде Әмір Темірдің көзі тірісінде онын қолбасшылық өмір тарихын (бізге жетпеген) және жекелеген жорықтарының күнделіктерін (бұлардың ішінде бізге жеткені Гийас әд- Дин Әли Йездидің "Темірдің Үндістанға жасаған жорығының күнделігі" ғана) пайдаланған. Белгілі дәрежеде "Зафарнама" авторы парсы және ұйғыр хатшылары құрастырған жазбаларына да (оны Әмір Темірдің өзі қарап жөндеген) сүйенген. "Зафарнамада" Әмір Темір өмірі мен қызметінің негізгі оқиғалары: 14 ғасырдың 2-жартысындағы оның Мауераннаһрда билікті қолға алу үшін күресі, Моғолстанға, Хорезмге, Хорасанға, Иранға, Грузияға, Дешті Қыпшаққа, Үндістанға, тағы басқа елдерге жасаған көптеген жорықтары қысқа әрі шежірелік сипатта берілген. "Зафарнамада" Темір серіктестерінің есімдері, олардың қай тайпа, руға жататындығы келтіріледі оның дұшпандарының іс-әрекеті, аты-жөндері, туыстық байланыстары, тағы басқа көптеген мәліметтер бар. Оқиғаны баяндау желісі 1403 жылға дейін жеткізілген. Қазақстанның орта ғасырлық тарихын зерттеуде шығармада Әмір Темірдің 14 ғасырдың 80-жылдарында Дешті Қыпшақ пен Моғолстанға жасаған тараулар айрықша бағалы. Ондағы материалдар Темірдің осы аймақтарды мекендеген көшпелі халыққа жүргізген жаулаушылық, тонаушылык саясатын, оның Ақ Орда, Көк Орда мен Моғолстанның дербес экономикалық және саяси дамуына бағыт жасауға ұмтылғанын сипаттайды. Қазақстан жеріндегі осы мемлекеттердің ішкі саяси жағдайы, шаруашылығы, тағы басқа туралы бір сыпыра мәліметтер бар. Дешті Қыпшақ пен Жетісудың тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. Әмір Темір тарихын жазумен айналысқан кейінгі дәуірдің көптеген авторлары "Зафарнаманы" деректеме ретінде пайдаланды. Хафизи Абру оны өзінің "Маджуһа" (1417), "Зубдат ат-тауарих" атты еңбектерінде кеңінен пайдаланды. Мұхаммед ибн Фазлаллах Мусави Әмір Темір тарихына арналған "Тарих-и Хайрат" (1412 - 14) еңбегін "3-ға" сүйеніп жазды. Шараф әд-Дин Әли Йезди де Әмір Темірдің ресми тарихын жазғанда осы еңбекті пайдаланған. "Зафарнаманың" екі қолжазбасының бірі Лондонда, екіншісі Стамбүлда сақталған. Әдебиет: Бартольд В.В., Туркестан в эпоху монгольского нашествия, 1963; сонікі, Народное движение в Самарканде в 1365, 1964; Двенадңать лекций по истории турецких народов Средней Азии, 1968; Тизенгаузен В. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, 1941.