Заң ғылымы

04.12.2012 8180
ЗАҢ ҒЫЛЫМЫ, қ ұ қ ы қ т а н у,  з а ң  і л і м і,  з а ң т а н у – құқықты әлеум. нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Әр елдің Конституциясы З. ғ-ның негізі және қайнар көзі болып табылады. Қазіргі З. ғ. бірқатар білім салаларына сараланған. Олар: мемлекет пен құқық теориясы, құқық және құқықтық ілімдер тарихы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, жер құқығы, су құқығы, көлік құқығы, теңіз құқығы, мемл. құқық, халықар. құқық, т.б. Сот медицинасы, сот психиатриясы, криминалистика, криминология, заң психологиясы, т.б-лар қолданбалы З. ғ-на жатады. Ал әр сала өз кезегінде мемл.-құқықтық ин-ттарға бөлінеді. Бұл ин-ттар қоғамдық қатынастардың белгілі бір тұтас жүйесін реттейтін құқықтық нормаларды біріктіреді. З. ғ-ның нышандары заңнама (заңдар) мен құқықтық ғылымның дамуына қарай пайда болды. Құқық туралы мәліметтер ежелгі дәуірде жалпы білім жүйесіне енгізілген. Мыс., Ежелгі Грекияда стоиктер мектептерінде шәкірттер сот шешендігіне баулынды. Бірте-бірте заң ілімі дербес ғыл. пән ретінде оқшауланып, шамамен Ежелгі Рим заманында белгілі бір жүйедегі З. ғ. ретінде қалыптасты деуге болады. Бастапқыда құқық білімі абыздардың артықшылығы болып саналды. Бірақ б.з.б. 254 ж. Тиберий Корунканий (плебейлерден шыққан тұңғыш мәртебелі абыз) тілек білдіруші кез келген адамға құқықты түсіндіремін деді. Б.з-дың 1 ғ-нда Рим заңгері Сабин шәкірттерге мұғалімдер дәріс оқып, сұрақтарға жауап қайтаратын, айтыстар, пікірталастар өткізетін тұңғыш заң мектебін ұйымдастырды. 4–5 ғ-ларда 4 жыл оқытатын осындай бірнеше мектеп болды (Римде, Константинопольде, Афинада, Александрияда, Цезареяда, Бейрутте). Шәкірттер танымал Рим заңгерлерінің, ең алдымен, Гайдың (2 ғ.), сондай-ақ Папиниан (150–212 ж.ш.) мен Павелдің (3 ғ.) шығармаларын оқыды. 533 ж. император Юстиниан 5 жылдық білім беру курсын енгізу туралы арнаулы кодификация шығарды, ол бойынша курста Рим заңгерлерінің институцийлері, дигесталары және Юстинианның кодекстері міндетті түрде оқытылатын болды. Орта ғасырлық кезеңде арнаулы З. ғ. мен заң білімі болған жоқ. 10 ғ-да Павияда (Италия) құқық оқытылатын мектеп ашылды. 11 ғ-дың аяғында Болоньяда құқық мектебі құрылып, ол кейін ун-тке айналды, мұнда 12 ғ. ортасында Еуропаның әр түрлі елдерінен бірнеше мыңдаған студенттер білім алды. 12–15 ғ-ларда Батыс Еуропаның бірқатар елдерінің ун-ттерінде заң ф-ттері жетекші орын алды, оларда, көбінесе Рим құқығы оқытылды. Тек 18 ғ-дың аяғынан бастап заң ф-ттерінің бағдарламаларына ұлттық құқық енгізілді. Ресейде 16 ғ-дан бастап заң ілімі дербес пән ретінде оқытыла бастады. 1687 ж. құрылған Славян-грек-латын академиясында «рухани және дүниәуи құқық төрелігінен» дәріс беру көзделді. 1715 ж. Петр І-ге «Ресейде мемлекеттік кеңселердің пайдасы үшін саясат академиясын құру туралы жоба» табыс етілді. 1703–15 ж. Мәскеуде Нарышкин уч-щесі жұмыс істеді, онда басқа пәндермен қатар заң ілімі мен саясаттың нышандары қамтылған этика пәні оқытылды. «Бас регламентке» сәйкес 1720 ж. юнкерлер алқасы құрылды (1763 ж. таратылды), олар іс жүзінде алқалардың жанында заң ілімін оқуға тиіс болды. 1825 ж. Ресей Ғылым академиясы құрылған кезде құқықтану кафедрасын ашу көзделді, 1726–65 ж. академиялық ун-тте заң ілімі оқытылды. 1732 ж. Шляхта корпусы ашылып, оның бағдарламасына теор. заң ілімін оқыту енгізілді. Мәскеу ун-тінде құқықтан дәрістер алғаш рет 1755 ж. берілді, алайда заң ф-ттерінде жүйелі дәрістер мен сабақтар 1764 жылдан беріле бастады. КСРО-да заңгерлер, негізінен, 5 жыл оқытатын ун-ттердің және 4 жыл оқытатын ин-ттардың заң ф-ттерінде даярланды. Оқу процесі кең профильді заңгерлер даярлайтындай етіп ұйымдастырылды, мұндай заңгерлерді заң білімін талап ететін, сонымен қатар заң қызметінің белгілі бір саласы бойынша терең білімі бар заң мамандарын қажет ететін кез келген лауазымдық қызметке пайдалануға болатын еді. Сондықтан студенттерге мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы, мемлекет пен құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдердің тарихы, әкімш. құқық, азаматтық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, ұжымшар құқығы, қаржы құқығы, қылмыстық құқық, криминология, сот құрылымы, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, халықар. құқық, т.б пәндермен қатар әлеум.-экон. (саяси экономия, философия, СОКП тарихы, ғыл. коммунизм) пәндері де оқытылды. Студенттер мемл. басқару және кеңестік құрылыс, халық ш-ндағы заң қызметі, сот-прокуратура-тергеу жұмысы профильдері бойынша маманданды. ІІМ үшін маман заңгерлерді Ішкі істер академиясы, Қарулы Күштер үшін – Кеңес Армиясы Әскери ин-тының әскери-заң ф-ті даярлады. Дамыған Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та, Канадада және басқа бірқатар елдерде заң білімі барынша кең ауқымда таралып, дәстүрлі сипатқа айналған. Заң ф-ттері мемл. аппараттың түрлі буындарына мамандар, жұртшылық мүдделерін қорғайтын адвокаттар даярлайды. Заң ф-ттерінде социология, психология, экономика пәндері оқытылады, саясатты зерделеуге баса назар аударылады. Заң білімі бірнеше циклді қамтиды. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Мексикада, т.б. 1-цикл – 3 жыл (оқуды бітіргендерге құқық бакалавры дәрежесі беріледі), 2-цикл 1 жыл (түлектер құқық магистрі дәрежесін алады). Кейбір ун-ттерде 3-ші цикл де бар, онда жоғары ғыл. даярлықтан өткізу көзделеді (құқық докторы дәрежесі беріледі). Францияда заң білімі 2 жылдық циклді қамтиды, олар: жалпы даярлық (бітірген бойда диплом беріледі) және мамандану (құқық лиценциаты атағы беріледі). Құқық докторы атағы қосымша көтеріңкі білім циклін бітіріп, диссертация жазған адамдарға беріледі. Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан жеткен тек өзіне ғана тән З. ғ. тарихы бар. Көне замандардан бері қазақ халқы мемлекеттігін әділ шешімдерге толы қағида-заңдарымен ұстап келген. Бұл қағида-ережелерді шығарып, шыңдаушы әрі жүзеге асырушы болған, табиғи болмыс-бітімі халықпен біте қайнасқан билер – ел қамқоршысы, халық жанашыры әрі ақылшысы қызметін атқарған. Олар халықтың бойына сіңген әдет-ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісін жасады. Ұзақ дәуірлер бойы мал ш-мен айналысып, Еуразия аумағында көшіп-қонып жүрген, ата-бабаларымыз рулық-тайпалық жүйені қатаң сақтады. Әрбір ру өз қандастарынан құралып, оны ру ақсақалдары басқарды. Ақсақалдың билігі шексіз еді. Ерте дәуірлерде туысқандық жақындық бірінші орынға қойылып, ондай адамдардың мақсат-мүддесі ортақ, рулық намысы күшті болған. Егер бір рудың адамын басқа бір рудың адамы өлтірсе, «қанға – қан, жанға – жан» дәстүрі қолданылған. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағида қасиетті парыз саналған. Кімнің әдет-ғұрыптық қағида-ережелері әлсіреп, тәртіптілігі нашарласа, ондай рулар тарих аренасынан өшкен, болмаса басқа руларға сіңісіп, болмыстарын жоғалтқан. Ру мүшелерінің құқықтық еркіндіктері мол болған. Олар өздерін еркін санап, өз бостандықтарын қару-жарағымен қорғаған, бес қаруын үнемі асынып жүрген. «У ішсең, руыңмен» деген жосықты ұстанып, тәні мен жаны руымен, жерімен етене болған. Осы тұста әдет-ғұрып заңының кодекстері қалыптаса бастады. Бұл кодекстің басты талабы: әрбір көшпелі бір-біріне мейірімді, досына – адал, дұшпанына – қатал, ержүрек, туысқандық сезімі терең, қонақжай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, әлсізге қол ұшын беруге даяр, кім болса да лауазым-билігіне қарамай шындықты айтатын, күштілер алдында қалтырамайтын, намысы мен арын аяққа таптатпайтын, руының намысын қорғаушы, сол жолда жанын пида етуші жан болуға борыштылығы. Сөйтіп, руластардың мақсат-мүддесі, көші-қоны ғана ортақ емес, сонымен бірге намыстары да ортақ, еліне, жұртына келетін жақсылық пен ұят та ортақ болды. Кейін құралған тайпалық одақтастық, мемлекеттілік кезінде де бұл қасиеттер сақталды. Ертедегі заңдарды «ата-баба жолы», «жөн-жосық» деп атаған. Ең күрделі даулар бетпе-бет жағдайда, өз жөн-жосығымен, өз рет-жолымен шешілген. Ата-баба заңдарын ақылды да білімді, өнерлі де өнегелі билер, ғұламалар, жыраулар, ел көсемдері шығарып отырған. Бұл заң-ережелер түркі халқының мәдениетін, тәртіптілігін дамытып, өркендетуге зор үлес қосқан. Олардан қалған шешендік сөз «үлгілі сөз», «аталы сөз», «нұсқалы сөз» аталып, кейінгі ұрпақтарына жол көрсеткіш үлгі рөлін атқарды. Заманаға қарай құқықтық салт-дәстүрлер бірде дамып, бірде кенже қалып отырды. Көне замандардағы өрлеу мен құлдырау бізге беймәлім. Тек Елжау би, Нән би, Тоныкөк, Оңқай би, Аяз би, Төбе би, Майқы би айтқан тағылымды билік сөздері ғана бізге еміс-еміс жеткен. Кейінгі Әбу Наср әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Қорқыт ата, Жиренше шешен, Асан Қайғылар, бертінгі төбе би атанған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би де ежелгі гректің әйгілі Цицерон, Динарх, Гегесид, Исай, Сократ, Исократ, Эсхил секілді заңгер шешендерінен кем түспейді. Бұлар «әділ билік болмаса, халқыңды дерт алады» деп, ел ынтымағын, бірлікті, халық тыныштығын, қоғамдық тұрақтылықты ту етіп ұстаған. Ел ішіндегі дау-дамайды әділеттікпен шешіп, хан деп, қара деп алаламай, бай деп асқақтатпай, кедей деп кемсітпей, ар-ождан, адамгершілік пен имандылықты бәрінен де жоғары қойған. Байлық пен билікті өткінші деп санаған. Сол үшін олар шығарған заңдар, қағида-ережелер халыққа жақын да түсінікті әрі мемл. биліктің кең тараған тармағы болды. Әрине, бұған халықтың мақсат-мүддесінің, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының тұтас, біте қайнасқан бірегейлігі де күшті әсер етті. Сот ісін жүргізу сөз өнерінсіз өтпеген. Өйткені сөз жамандықтан жирендіреді, ақымаққа ақыл кіргізеді, ұятсыздың ұятын оятады, жылағанды жұбатады, асып-тасқанды басады, көзсізге көз береді. Билеріміз: «Соттасу, бет жыртысу әшейін нәрсе, адам тек ар сотына түспесін», – деген. Оның үстіне сот ісі ашық, жариялы түрде, жиылған халық алдында ауызекі түрде өткізілген. Сондықтан уәжге, сөзге тоқтау басты қағидат болған. Өйткені халқымызда ар тазалығы, имандылық, адалдық, ұят, намыс, ата-баба аруағы, мәрттік, сөзге тоқтау нағыз адамдық қадір-қасиет ретінде бағаланған. Ал заңгерлер (билер) арнайы оқу орындарында даярланбаған, бірақ олар қара қылды қақ жарған әділ билер ретінде танылып, халық сүйіспеншілігіне бөленді. Әз Жәнібек, Қасым хан, Есім хан, Әз Тәуке хан өз биліктері тұсында мемлекетті нығайтатын ірі-ірі заңдар қабылдаған. Бұл заңдар мұсылмандық шариғат заңдары ауқымын кеңейтті. Сөйтіп, түркілік дәуірге дейінгі кезеңде көшпелілердің өмір сүру кепіліне айналған, адамгершілік пен әділдік, адалдық пен мәрттік болмысының тұғыры болған тәңірілік сенімі мен өмір салты ислам діні таралған дәуірлерде шариғат заңдарына кереғар келмей, бір-бірімен кірігіп, біте қайнасып, сомдана, салмақтана, райлана түсті. Рас, қазақ халқы ежелден келе жатқан өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалды. Қайта бұл ерекшеліктер (жеті атаға дейін қыз алыспау, әруаққа сену, әмеңгерлік, т.б.) исламның және оның шариғат заңдарының, мәнін тереңдете түсті. Бұл заң-қағидалар әдет-ғұрып заңдары деп аталып, 20 ғ-ға дейін қолданыста болды. Патшалық Ресей өз боданы – Қазақстанда, З. ғ-н зерттейтін ғыл.-зерт. мекемелерін айтпағанның өзінде, бірде-бір оқу орындарын ашпады. Тек 19 ғ-дың 90-жылдары қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу және Қазан ун-ттерінің заң ф-ттерін бітірді. Олардың қатарында Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев, М.Шоқай, т.б. бар. Жоғары заң білімін алған бұл қазақ зиялылары өздерін Ресейдің саяси өмірінде қазақ халқының мүдделерін қорғаған белсенді қайраткерлер ретінде таныта білді. Сондай-ақ осындай заң білімін алған зиялы қазақтардың бірқатары ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен құқықтық салт-дәстүрлерін сипаттады. Бірақ ол кезде қазақтың әдет-ғұрып заңдары мен тұрмыстық салт-дәстүрлеріне мүлде мән берілмеді. Кеңес дәуірінде де З. ғ-ның негізгі салалары – азаматтық, қылмыстық, сот құқықтары орыстық жүйемен қалыптастырылды. Әдет-ғұрып заңдарына күйе жағылып, олардың сан ғасырлар бойы қазақ қоғамына қызмет етіп келгені ескерілмей, қайта ескіліктің сарқыншақтары деген желеумен тәрік етілді. Сөйтіп, Қазақстандағы З. ғ. тамырынан ажыратылып, батыстық жүйеге көшті. Батыстық жүйе қазақ халқы үшін пайдалы ма, жоқ па, ол жағын зерделеген ешкім болмады. Дегенмен, батыстық үрдісте даму сипатына қарамастан заң ілімін, заң құрылысын жете танып, зерделейтін отандық ғылым қалыптаса бастады. Отандық З. ғ., негізінен, кеңестік сипатта жүйеленді. Қазақстанда кеңестік дәуірде З. ғ-ның негізгі салалары – азаматтық, қылмыстық және сот құқықтары қалыптасып дамыды. Оның үстіне мүлде жаңа құқықтық салалар пайда болды. Олар: жер, су, орман, кен, табиғат қорғау, еңбек, еңбекпен түзеу, тұрғын үй, шаруашылық, мемлекеттілік, әкімш., ұжымшар, кеңшар, көлік құқықтары. 1926 ж. Қызылорда қ-нда (республиканың сол кездегі астанасы) заң мамандарын даярлайтын тұрақты курс ашылып, ол кейін екі жылдық заң мектебіне айналды. 1934 жылдың басында Алматыда Кеңес құрылысы ин-ты ашылды. Бұл Қазақстандағы заң білімінің дамуына жол ашқан кеңестік тұңғыш жоғары оқу орны еді. 1938 ж. осы ин-ттың негізінде құрылған Заң ин-ты 1955 ж. ҚазМУ-дың құрамына заң ф-ті болып енді. 1972 ж. Қарағанды мемл. ун-тінде республикада екінші болып заң ф-ті ашылды. Бұл оқу орындарында мыңдаған жоғары білімді заң мамандары даярланды. Республикада заң саласындағы алғашқы ғыл.-зерт. мекемесі – КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі құрамындағы философия және құқық секторы 1945 ж. құрылды, ол 1958 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тына айналды (қазіргі Филос. және саясаттану ин-ты). Ғылым кандидаттары мен докторлары, негізінен, Мәскеу, Ленинград қ-ларында даярланды. Кейін Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тында, ҚазМУ-дың заң ф-тінде ғыл. кеңестер ашылып, кандидаттық, докт. дисс-лар қорғалып, ғыл. дәрежелер беріле бастады. Қазақ оқымыстылары С.Зиманов, Т.Күлтөлеев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Тайманов, С.Сартаев, т.б. З. ғ-ның түрлі салалары бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, монографиялық еңбектер жазды. Қазіргі кезде Ә.Еренов, С.Байсалов, Ш.Шайбеков, Н.Мұхиддинов, С.Сахипов, М.Баймаханов, Сапарғалиев, М.Сүлейменов, М.Нәрікбаев, У.Жекебаев, Т.Ағдарбеков, І.Халықов, С.Табанов, Н.Өсерұлы, З.Кенжәлі, С.Өзбекұлы, А.Ибраева, т.б. ғыл. докторлары заң ғылымының әр түрлі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, құқықтануға айтарлықтай үлес қосты. Сөйтіп, кеңестік дәуірде Қазақстанда заң ілімінің барлық саласы бойынша дерлік беделді, дербес ғыл. мектеп қалыптасты. 1991 ж. Мемлекет және құқық ин-ты құрылды, ол ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2000 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ мемл. заң академиясының ғыл.-құрылымдық бөлімшесіне айналды. Ин-т Қазақстан Республикасындағы құқықтық ғыл. саласындағы іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін басты ұйымға айналды, ол елімізде азаматтық қоғам қалыптасуының, құқықтық мемлекет құрудың теор., ғыл.-методологиялық және қолданбалы қырларын зерттеуге ұйтқы болып, Қазақстанның заңгер оқымыстыларын осы іске жұмылдырып отыр. Сондай-ақ 1995 ж. құрылған Қазақ академиялық ун-ті де Қазақстанда З. ғ-ның дамуына елеулі үлес қосуда. Қазақстанда білім мен ғылым саласындағы реформаларға сәйкес жаңа мемл. және мемл. емес оқу орындарының ашылуы, оларда заң ф-ттерінің құрылуы, арнаулы (әскери, т.б.) құқықтық оқу орындарының ұйымдастырылуы да З. ғ. мен білімінің дамуына айтарлықтай серпін берді.  

Ұқсас материалдар